Среда , 14 мая 2025

 «ЕКІ АНЫҚТАМА» мәселесін кім шешеді?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (287) от 23 апре­ля 2015 г.

 

Мәжілі­сте қара­лып жатқан «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» Заң жоба­сы­на бай­ла­ны­сты ҚР ІІМ Көші-қон депар­та­мен­тінің төраға­сы Серік Сай­ы­но­втың қабыл­да­уын­да болып, аты шулы ЕКІ АНЫҚТАМАДАН қалай құты­лу жағын ақылдастым.

Серік Сай­ы­нұ­лы мен оның орын­ба­са­ры Ғали­яға Қытай­дың төлқұ­жат беру тәр­тібін алға тар­та оты­рып, елі­міздің Көші-қон заңы­на өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу керекті­гін өтін­дім. Серік Сай­ы­нов мыр­за бәрін түсініп, біліп оты­рға­нын, тек Көші-қон депар­та­мен­тінің бұл өзгерісті өзі билеп-төстеп жаса­уға дәр­мен­сіз екенін айтып ақтал­ды. «Өзге құзыр­лы орган­дар қол­дап жат­са, қар­сы емес­сіз бе?!» деген сұрақты екі алақа­нын жай­ып, жау­ап­сыз қалдырды.

Әрине, бұл жағын біз де түсі­не­міз. Заңға түбе­гей­лі өзгеріс енгі­зу жалғыз Көші-қон депар­та­мен­тінің қолын­да емес!

Деген­мен, ЕКІ АНЫҚТАМАНЫҢ тіке кесірі­нен тұрақты тір­ке­у­ге тұра алмай, екі орта­да қаңғы­рып қалған неше мың­даған қан­даста­ры­мы­здың тағ­ды­ры­на бей-жай қарау, себеп-сал­да­рын біле тұрып, Заң жоба­сын өзге­ру­ге ұсы­ныс айт­пау, мәсе­лені шешу­ге құл­шы­ныс таныт­пау да жақ­сы қылық емес!

Жөн сұра­са кел­ген­де, Серік Сай­ы­нұ­лы өзінің албан екенін айт­ты. Менің Мақ­сат Іли­ясұ­лы, Жанар­бек Әшім­жан, Алмас Исәділ бауыр­ла­рым­ның туы­сқа­ны болып шықты.

Мен «Осы кел­ген­дер­дің, тұрақты тір­ке­у­ге тұра алмай жүр­ген­дер­дің көбі – албан­дар мен қызай­лар. Бірі туы­сқа­ны­ңыз, бір жиеніңіз. Мәсе­лесін шешпе­сеңіз, бәрін жиып, пой­ы­з­бен Аста­наға – тіке сіз­ге алып келем!» – деп қалжыңдадым…

Елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «Шет­те­гі бауыр­ла­ры­мы­здың таба­ны­на кір­ген шөң­ге біздің жан-жүре­гі­мізді де сызда­туы керек!» – деген сөзін 26-шы қаріп­пен үлкей­тіп апарғам. Кетерім­де депар­та­мент бас­шы­сы­на соны ұсын­дым, әрі каби­нетіне іліп қоюын өтіндім.

Айт­пақ­шы, қол­да­ны­стағы қатаң заң­ның кесірі­нен тұрақты тір­ке­у­ге тұра алмай оты­рған қан­ша қан­да­сы­мыз бар екенін аны­қтай­тын бол­ды. Соны­мен бір­ге олар­ды жаң а Заң қабыл­данған­ша, жер­гілік­ті Көші-қон поли­ци­я­сы­на маза­лат­па­уға келісті.

Ауыт МҰҚИБЕК,

(«Фейс­бук­тағы» парақшасынан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн