Воскресенье , 6 июля 2025

Екі қазақты үш қазақ СОТТАТЫП ЖІБЕРДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

Апта апты­ғы

Темірқа­зық

 

Серік­жан мен Ермек­ті «ұстап беру­ге» себеп болған бас­пасөз мәс­ли­ха­ты­нан кей­ін маған осын­дай ой кел­ді: «Екі қаза­қты үш қазақ сот­та­тып жібер­ді…» деген. Оның орыс­ша­сын әле­умет­тік желі­де «Трой­ка» каза­хов нака­та­ли кля­у­зу на два каза­ха» деп, өзім­ше орыс­ша­лаған бол­дым. Оры­стың «обо­рот» деген пәлесі­мен қарай­тын бол­сақ, бұл тір­кесте қателік кетіп қалуы әбден мүмкін.

Бірақ осы тір­кесте қателік­ті қай­дам, ал бір шын­дық барын сезем. Ол шын­дық – оры­стың «трой­ка» деген суық сөзін саға­лап­ты. Қаза­қ­ша­сы – «үштік». Қара­пай­ым ғана жинақтық сан есім бол­са да, үңірей­ген «үштік­тің» ызға­ры қай­та­дан сезі­ле бастаған сияқты.

Қараңыз: үш қазақ – Бей­сен­бай Құс­бе­ков, Гүл­бахрам Жүніс және Нұр­лы­бек Қуан­ба­ев бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткі­зеді (төмен­гі сурет­те). Жәй ғана қаза­қтар емес, «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» деген дар­дай ата­уы бар қоғам­дық ұйым­ның мүше­лері. Ақиқат іздеп жүр­ген түр­лері болу керек… Содан олар ала­ды да, анау еке­уін жер­ден алып, жер­ге сала­ды: «Ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­ды­рып жүр», «іріт­кі салып жүр»… «бұлар­ды жау­а­пқа тар­ту керек» деген сыңай­мен сай­рай­ды-ай кеп-кеп-кеп!

Сол-ақ екен – Ермек пен Серік­жан­ды сауы­сқан­нан сақ сақ­шы­лар сап еткізіп ұстай­ды. Апа­ра­ды да, қол­ма-қол сот­тап, абақты­ға жаба­ды да сала­ды. «Чем не «трой­ка»? – дей­сің тағы орыс­ша­лап. Нап-нақ сонау Ста­лин­нің зама­нын­дағы «трой­ка»: тер­геу жоқ, тек­се­ру – әдірам қал­ды, адво­кат керек емес. Құдай­дың раха­ты: ұстай­ды да қамайды.

Енді­гі қалға­ны – «трой­ка­ның» ұйға­ры­мы­м­ен сот­сыз ату. Тағы бір есте болар жәйт – «чер­ная ворон­ка» деп аталған қызыл чеки­стер­дің «қара қарға» көлік­терін көше-көше­ге қап­та­тып жіберу.

Ал енді бұл Бапи неге орыс­ша сөй­ле­гіш боп кет­ті дер­сіз? Тағы айтай­ын – гоголь­шы­лап: «Гос­по­да, к нам едет реви­зор…». Путин деген. Кәдім­гі оры­стың ақ пат­ша­сы. Аста­на­дағы Ақор­даға келе жатыр. Бүгін-ертең біздің НӘН көке­міз­бен «по нату­ре» сөй­ле­седі. Олар баяғы Еура­зи­я­лық одақтың оңбай қалған қыр­тыл-сыр­ты­лын қау­жар, рубль мен тең­генің жырын жоқтар: бірі пат­ша, екін­шісі хан болған соң – өз еріктері.

Ал біздің Серік­жан мен Ермек­ке осы Путин­нің қан­дай қаты­сы бар дей­сіз ғой тағы? Еке­уі де «нату­раль­ный» бұзық: Серік­жан – желінің «жөлі­гі», Ермек – алаңға атып шыққыш. Бірін­шісі – Ресей­ді іреп тастай­ды, екін­шісі – алаң­да атой­лап, Пут­ин­ді кет-кет­тің асты­на алуы мүм­кін. Ал біздің «тұрақты­лық» тұнып тұрған елі­міз­ге мұн­дай хули­ган­дар қажет емес: еке­уін еркіне жібер­сек, пат­ша­лық Ресей­ді рен­жітіп алуы­мыз әп-сәтте.

Кезін­де­гі елтірі пла­щты ита­льян­дық кәстөм­ге айыр­ба­стап киген біздің бүгін­гі чеки­стер­дің «трой­ка­ны» түрт­тір­ген түрі – осы-ақ. Екі «түрем­шік» 72 сағат­тық қамаудан шыққан кез­де Путин Крем­ліне кетіп бара жатады…

Ермұрат БАПИ

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн