Среда , 27 августа 2025

Экономиканың қанын КІМ «ІШІП» ЖАТЫР?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №06 (277) от 12 фев­ра­ля 2015 г.

 

Қай­най­ды қаның…

 

Ақша – қар­жы­ның, эко­но­ми­ка­ның қаны болып сана­ла­ты­ны, қар­жы­сыз эко­но­ми­ка­ның, яғни табыс көзінің өсіп, алға бас­пай­ты­ны о бастан бел­гілі жағ­дай. Өкі­мет пен Ұлт­тық банк­тің ақша­ны айна­лым­да қол­дан азай­тып, шек­те­уі инфля­ци­я­ны тежей­міз дегені «болым­сыз дәме­ден» туын­дай­тын әлсіздік боп сана­ла­ды. Мұн­дай тәжіри­бе­лер бұрын­да­ры басқа елдер­де сан рет қол­да­ныл­са да, нәти­же­сі жоқтың қасын­да болған.

 

Ал бүгін­гі күн­дері қаза­қстан­дық банк­тер­дің неси­ені ұлт­тық валю­та – тең­ге­мен бер­мей­міз деуі, әрі оны дол­ларға теліп, жап­сыр­ма­ла­уы, өсім­дік пай­ы­зды үсті-үстіне көтеріп, ашкөздік «өсі­мқор­лы­қ­пен» айна­лы­суы банк­нот фаб­ри­ка­сы бар Ұлт­тық банк мене­джер­лерінің біліксізді­гі мен білім­сізді­гі дер едік. Өндіріс пен ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­ту үшін қар­жы керек. Ал қар­жы­сыз бұл сала­лар­дың ешқа­шан да алға бас­пай­ты­нын, өркен­де­мей­тінін жоға­ры­да айттық.

Құны түс­кен Ресей руб­лінің әсері­нен олар­дың өндір­ген тау­ар­ла­ры арзан­дап, бәсе­ке­ле­сті­гі күшей­іп жат­са, ал біздің елде кезін­де пай­да қуған қаза­қстан­дық өндіру­шілер мен алып­са­тар­лар Ұлт­тық банк­пен бір­ге ымы­ра­ла­сып, рес­пуб­ли­ка­да өндіріл­ген тау­ар­лар­дың баға­сын сапа­сы­на қара­май, ешбір негіз­сіз шары­қта­тып өсіріп жібер­ген болатын.

Елі­міздің эко­но­ми­ка­сын­да баға­ның еркін­суіне тоқтам салуға тиісті анти­мо­но­по­ли­я­лық мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­дің біліксіз, келісім­паз­ды­ғы­нан көп­те­ген тау­ар­лар мен ком­му­нал­дық қыз­мет түр­лерінің, мұнай өнім­дерінің баға­сын өсіру­ге негіз болған өзін­дік құн каль­ку­ля­ци­я­сы жете түр­де зерт­теліп, тек­серіл­мей, эко­но­ми­ка­да анар­хи­я­лық жағ­дай­лар белең алып, баға тым аспан­дап кетіп еді…

Қаза­қстан­ның еш нәр­се­ге де жау­ап та бер­мей­тін, әрі жедел шешім­дер қабыл­да­уға құқы­қта­ры да, икем­ділік­тері де жоқ, жиі-жиі ауы­са­тын, сабақ­та­стық деген­дері аты­мен жоқ кезек­ші өкі­мет­терінің прин­цип-сіздік­тері мен бар­ды ұқса­та біл­мей­тін біліксіздік­терінің арқа­сын­да тең­ге құны соңғы 22 жыл­да (айна­лы­мға шыққан 15 қара­ша 1993 жыл­дан бастап) 1100 есе­ге құн­сыздан­ды. Енді эко­но­ми­ка­лық (ЕврАз­ЭС) одаққа кір­ген, шека­ра­сын­дағы кедені жой­ы­лған, аңғал-саңғал Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық нары­ғы­на ағы­лған Ресей­дің сапа­лы, арзан тау­ар­ла­ры­на қар­сы Қаза­қстан тау­ар­ла­ры бәсе­ке­ле­стік­ке төзе алмай, қауқар­сыз болып, өндірістер­дің табыс көз­дері төмен­деп, тау­ар өнім­дерінің қой­маға жұмыс істе­уі бастал­ды. Ал нары­қтық қаты­на­сқа толы­ғы­мен көшіп, кере­мет алға кет­тік деп, айды аспанға шыға­рып жүр­ген Қаза­қстан өкі­метін­де­гілер тау­ар баға­сын арзан­да­ту жол­да­рын іздеп, яғни тау­ар­ла­ры­ның өзін­дік құнын төмен­детіп, бәсе­ке­ле­стік пен бел­сен­ділі­гін арт­ты­рып, тығы­ры­қтан шығу­дың орны­на ашкөздік таны­тып, бұры­нғы түр­лі әре­кет­тері­мен жеңіп алған қым­бат баға­лар­дан, яғни биік пози­ци­я­ла­ры­нан айы­ры­лғы­ла­ры кел­мей, Ұлт­тық банк­тен тең­гені тағы да кезек­ті құн­сыздан­ды­руға шақы­ру­да. Бұдан артық кещелік бар ма? Бұл бай­ғұстар Қаза­қстанға енді ғана нары­қтық қаты­на­стар­дың келіп жет­кен­дері­мен істері жоқ. «Нары­қтық қаты­нас» дегеніңнің өзі – шығарған, неме­се басқа жақтан әкел­ген тау­ар­ла­ры­ң­ды өткі­зу­де­гі бәсе­ке­ле­стік екенін бұл мыр­за­лар қашан түсінеді?!

Егер­де Ұлт­тық банк тең­гені тағы да осы­лай қол­дан құн­сыздан­ды­рып, баға­ның өсуін ауы­зды­қта­май, еркін­дік бере бер­се, елде жап­пай жабайы қым­бат­шы­лық белең алып, қара­пай­ым халы­қтың әле­умет­тік жағ­дай­ла­ры одан ары нашар­лап, инфля­ция әсері­нен пай­да болған тұр­мыс тауқы­мет­тері есең­гіретіп, бұл өз кезе­гін­де бүкіл ел бой­ын­ша сти­хи­я­лық «алаң демо­кра­ти­я­сын» туын­да­та­ды. Ал, керісін­ше, оли­гарх­тар мен шетел­дік қожай­ын­дарға тең­генің мүл­дем құл­ды­рап, арзан­дап кет­кені өте пай­да­лы. Олар бай­ы­ған үстіне байи түседі. Себебі Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның жаңа еге­лері шетел­дік­тер мен оли­гарх­тар дай­ын, өзін­дік құны арзан шикі­затты экс­пор­тқа шыға­рып, валю­таға сата­ды да, қым­бат­таған аз мөл­шер­де­гі валю­таға құн­сызда­нып, жеңіл­деп кет­кен арзан тең­гені молы­нан сатып алып, мем­ле­кет­тік салық пен жалақы­ны да тең­ге­мен төлеп құты­ла сала­ды. Міне, осын­дай кереғар­лы­қтар­дың алдын алу нағыз өзек­ті де, көкей­те­сті іс-шара­лар болып табы­ла­ды, мырзалар!

Ілес­бек БАЙЖАНОВ,

Қаза­қстан Журналистер

одағы­ның мүшесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн