Пятница , 4 июля 2025

ЭКСПО қаңырап ҚАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

Апта апты­ғы

Дүр­мек­тен дәнеме


 

Аста­на­лы­қтар оған кет­кен қыру­ар қар­жы­ның ысы­рап болға­ны­на күйінеді.

 

Жаз бойы тір­шілік қай­наған көр­ме аумағын­да қан­дай өзгерістер бол­ды? Көр­ме­де­гі ұшан-теңіз аумақты алып жатқан пави­льон­дар­дың бүгін­гі жайы қан­дай? NUR.KZ тіл­шісі ЭКСПО аумағы­на барып, «көр­менің» бүгін­гі жай-күй­і­мен таны­сып қайтыпты.

 

Жаз бой­ы­на елор­да­лы­қтар мен шетел­дік тури­стер­ді түр­лі мәде­ни іс-шара­ла­ры­мен қуан­тқан ЭКСПО көр­месі қара­ша айын­да «қай­та» ашы­лға­ны бел­гілі. Алға­шқы күн­дері көр­ме аумағы­на кіру тегін болға­ны­мен, қазір ұлт­тық пави­льон мен өзге де нысан­дарға кіру үшін тұрғын­дар 1500 тең­ге­ге билет сатып алу­ла­ры тиіс.

Қаңы­рап бос қалған ғима­рат­тар, жинал­маған қар мен алу­ан түр­лі тех­ни­ка: бұл әйгілі ЭКСПО көр­месінің бүгін­гі көрінісі. Көр­менің ұлан-ғай­ыр аумағы­ның бос қалға­ны сон­ша­лық, мұн­да тіп­ті күзет қыз­мет­кер­лері­нен басқа тірі жан­ды тап­пай­сыз. Ал әлем­нің түр­лі елдерінің жетістік­терін паш еткен пави­льон орын­да­ры қор­ша­у­лы тұр.

Құры­лыс­шы­лар­дың айтуын­ша, аталған орын­дар­ды қысқа икем­деп, ғима­рат маңын толы­ғы­мен қор­шап жатқан көрі­неді. Елор­да қысы қатал екенін ескер­сек, көр­ме ішін­де­гі қар­ды таза­лау да оңай­ға соқ­па­сы анық. Қазір­дің өзін­де ғима­рат­тар­дың дені қар астын­да қалған.

Ал қара­ша­ның 11‑і күні көр­менің ашы­лу сал­та­на­тын­да атал­мыш аумақта 20-дан астам асха­на жұмыс жасай­ды деп сен­дір­ген шен­ділер «сөз­дері­нен» жаңы­лы­сқан секіл­ді. Көр­ме алаңын­дағы асха­на­лар­дың дені жабық. Ал жазғы асха­на­лар­дың жайы тіп­тен мүш­кіл. Сырт­тағы үстел-орын­ды­қтар мен тыны­ғу орын­да­ры шаң басқан күйі қалған.

Көр­ме­ге кел­ген аз-маз қала тұрғын­да­ры­ның да пікірі бір. Олар­дың басым көп­шілі­гі «қыру­ар қар­жы ысы­рап болға­нын» алға тарт­ты. «Жаз­да отба­сы­мы­з­бен кел­ген­біз, сме­на­мен жасай­тын жұмыс болған­ды­қтан, бүгін қолы­мыз бос, көр­ме­ге тағы бір барып қай­тай­ық деп едік. Көр­ген­деріңіз­дей адам аз, тіп­ті жоқтың қасы. Бәрі­нен бұрын осы­ған кет­кен ақша­ны аяй­сың», – дей­ді елор­да­лық Аза­мат есім­ді азамат.

Nur.kz

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн