Суббота , 5 июля 2025

ЭКСПО ЕСАЛАҢ ҚЫЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Әле­умет әуресі


 

Оры­ста: «У кого суп жид­кий, а у кого брил­ли­ан­ты мел­кие» – деген мәтел бар. Мағы­на­сы түсінік­ті шығар?

Бес облы­ста су басқан халық бары­нан айы­ры­лып, зар жылап жүр­ген­де, Аста­на­да ЭКС­ПО-ға келетін қонақтар­дың көңілін жабы­рқа­та­тын көріністер­ді жою тура­лы алаң­да­уда. Көп қабат­ты үйлер­дің түс­кен пли­та­сы мен жеке үйлер­дің ұсқы­ны елі­міздің масқа­ра­сын шыға­ра­ды екен?! Сел­ден қыры­лған мал мен қираған ауыл­дар басқа елде болып жатқан оқиға­лар сияқты. ХХІ ғасыр­да дамы­ған елу елдің бірін­де бал­шы­қтан соғы­лған үйлер­дің бар дүни­есі­мен лай­ға айна­лып, сумен ағып кет­кені про­бле­ма емес. Билік­ті вело­си­пед жол­да­ры мен соғы­лған үйлер­дің боя­уы қат­ты алаң­да­та­ды екен.

Сұл­тан Сүле­ев­тің ФБ-парақшасынан

 

 

Сәле­мет­сіз бе, Жанат ханым! Мен қара­пай­ым мек­теп мұғалі­мі­мін. Айлы­ғым – бары-жоғы 40 мың.

ЭКС­ПО-ның біз үшін не пай­да­сы бар? Мек­теп­тің мұғалім­дері­нен 4800 тең­ге­ден ақша жинап жатыр. Оның ішін­де жар­ты став­ка­мен жүр­ген, бір айлы­ққа қарап оты­рған қан­ша­ма отба­сы бар.

Енді келіп, осы айлы­қтан жинап берің­дер деп, қояр емес. Оның үстіне газет­тің ақша­сы бар. Оны да ұстап қалған. Сон­да бала-шаға­мы­зға не қал­ды? Жалғыз бір мек­теп емес, бар меке­ме солай.

Сон­да ЭКС­ПО-ны кім үшін жасап жатыр? Бұл мәсе­ле­ге БАҚ өкіл­дері (билік­тік – Ред.) тоқтал­май­ды. Заң­ды жағын кім­нен сұра­сақ болады?

Жанат Бақыт­тың ФБ-парақшасынан

 

Назар­ба­ев 21 сәуір­де ЭКСПО дай­ын­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты бас­шы­лар­ды жинап, Аста­на­ның таза­лы­ғы, көне үйлер жай­лы айтып, шетел тури­стері сол ыңғай­сыз жер­лер­ді сурет­ке түсіріп: «Бет­терін жуған­мен, арт­та­ры жыр­тық екенін жари­я­лай­ты­нын» ескерт­ті. Содан кей­ін Аста­на әкі­мі Ә.Исекешовты тұрғы­зып қой­ып: «Қонақтар­ды қабыл­дай­ды екен­біз, мой­ын­ды да жуай­ық…» – деді президент.Бұдан бұрын Ахмет­жан Есі­мов облыс әкім­дерінің орын­ба­сар­ла­рын қабыл­дап, ЭКСПО билет­терінің мәж­бүр­леп сатыл­мауы керекті­гін қадап тұрып айтып, сөзінің соңын­да: «ЭКСПО көр­месі – Қаза­қстан зама­на­уи мем­ле­кет екенін көр­се­тетін алаң болып табы­ла­ды», – депті.

Пре­зи­дент Аста­на­ның сорақы­лы­қта­рын айт­са, А.Есімов елі­міздің зама­на­уи екен­ді­гіне мақта­на­ды. Бір күн­дік нанын әрең тауып жүр­ген ада­мға әкім­дер көр­ме билет­терін тық­па­ла­са, ол шыда­май: «Ішім қан жылап тұрған­да, көр­ме­ге барып, көз жасым­ды төгей­ін бе?» – дейді.

10 мау­сы­мға дей­ін Қаза­қстан да, оның пре­зи­ден­ті де, Есі­мов те, Аста­на да өзгеріп үлгер­мей­ді. Бірақ шетел­дік­тер «арты ашы­лған Аста­на­ны» көз­дері­мен көріп, біздің «сыр­ты­мыз – бүтін, іші­міз – түтін» екенін біледі. Енде­ше Назар­ба­ев пен Есі­мов несіне күшеніп жүр екен?

Жәби СЕРІК

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн