«Общественная позиция»
(проект «DAT» №2 (366) от 19 января 2017 г.
Интернеттің әлеуметтік желісінде ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған кіру билеттерін мектеп мұғалімдеріне зорлықпен сату басталғаны жөнінде хабар тарады. Мәселен, тележурналист һәм танымал блогер Эльвира Ергалина өзінің Facebook-парақшасында ауыл мұғалімдерін EXPO көрмесіне билет алуға мәжбүрлеп жатқанын айтады.
«50 мұғалімі бар мектепке ЭКСПО билеттерін әкеліпті, – деп жазады журналист Эльвира Ергалина өз ФБ-парақшасында. – 40 дана. «Барғандарың жақсы. Бармай жатсаңдар да, билет алуға міндеттісіңдер», – депті. Билет құны 2000–8000 теңге аралығында.
Енді жеңгем: «Соған бола мына жақтағы тірлікті тастап бару қайдан, 2 билет алып, саған беріп жіберсем, болатын шығар?» – дейді.
Дәл сол ауданда, бірақ басқа мектепте мұғалім боп істейтін тағы бір жеңгем де солай дейді. «Аласыңдар, бару-бармау өз еріктеріңде», – депті. Бағасы сол – 2000–8000 теңге аралығында.
Шошыдым!
«Жалпы, Ордабасы ауданының мұғалімдеріне 2000 билет бөліпті. Ал десе – аламыз. Айлықтан ұстайды ғой бәрібір», – де-е-п отыр жеңгелерім.
Беті ашылмаған күйі пешке кететін газет-журналына жазылып отырғандай еш эмоциясыз айтады ғой тағы.
«Бармасақ – неге алуға міндеттіміз деп сұрамадыңыздар ма?» – дедім. Жоғары жақтың приказы екен.
Қызығы – қаланың мектептеріне ондай міндет жетпепті әлі.
«Өз құқығын қорғауды білмейді, аңқау, айдағанға көне береді деп, ауылдың мұғалімдерін «сорып» жатыр екен ғой. Қарсыласпай, көне беретін өздеріңізден екен бәрі. Лох боп жүріңіздер сол!» – деп күлдім жеңгелеріме. Екеуі тызылдап қалды. Расы сол ғой.
Осыны өздері ФБ-ға жазса, әйтеуір бір нәтиже шығарар едік, иә? Шырылдап, шуылдап жүріп))
Эльвира ЕРГАЛИНА,
журналист