Пятница , 4 июля 2025

ЭКСПО КӨРМЕСІНЕ қызмет етушілер арасында ЖЕЗӨКШЕЛЕР ДЕ БАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Кәсіп пен нәсіп


 

ЭКСПО баста­ла салы­сы­мен жезөк­ше­лер Аста­на­да шет тілін мең­геріп алған. Сол себеп­ті де ала­тын ақы­сы­ның құнын қым­бат­та­тып жіберіп­ті. Оларға жең­ге­тай­лар да ашы­қтан-ашық көмек­те­се бастаған.

Олар­дың еркін­сі­гені сон­ша­лық, қазір­гі қаси­ет­ті Рама­зан айын­да да айыл­да­рын жимай тұр, деп хабар­лай­ды «Евра­зия» арна­сы. Аста­на­дағы темір жол вок­за­лы­ның маңын­да жезөк­ше­лер­дің қыз­метін ұсы­нған қыз-келін­шек­тер­ден аяқ алып жүру мүм­кін емес. Қыз база­ры қызып тұр. «Біз­ге қытай­лар, түрік­тер келеді. Жезөк­шелік қыз­мет көр­се­тетін 1996, 1997 жылғы қазақ қызда­ры», – дей­ді жең­ге­тай­дың бірі.

Ішкі істер қыз­меті ЭКС­ПО-ға бай­ла­ны­сты қоғам­дық тәр­тіп­ті рет­ке кел­тір­дік деп есеп бер­гені­мен, бәрі бәз баяғы қал­пы. Өзгер­ген бір ғана нәр­се – жезөк­ше­лер кли­ент­терін рен­жітіп алмас үшін шет тілін мең­гер­ген. «Мен­де 4 қыз бар. Олар­ды ұсы­нуға ұял­май­сыздар. Бәрі қазақ қызда­ры. Орыс­ша біледі, ағы­л­шын тілін­де де түсін­ді­ре ала­ды. Бәрі әде­мі қыздар», – дей­ді жеңгетай.

Елор­даға келетін мың сан қонақтан дәмелі жезөк­ше­лер­дің қыз­мет құны да шары­қтап кет­кен. Интим­дік сайт­тар­дағы жар­на­ма­лар бой­ын­ша олар­дың бірқа­та­ры­на қоңы­рау шалып көр­дік. «Біз­де қытай тілін білетін қыздар бар. Бір түн­ге 150 мың тең­ге. Бір сағатқа 20 мың тең­ге», – дей­ді интим­ді қыз­мет көрсетушілер.

Ескер­те кетей­ік, біздің елде тәнін сауда­лаған­дарға ешқан­дай жаза қол­да­ныл­май­ды. Олар­дың тек құжа­тын тек­серіп, тір­ке­у­ге қой­ған­нан басқа заң­ды шара қабылданбаған.

Stan.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн