Суббота , 5 июля 2025

«ЭКСПО» МЕН МАТАЕВ: қазақстандық билікке ҚАЙСЫСЫ ҚЫМБАТ?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.

«ЭКСПО» МЕН МАТАЕВ:
қаза­қстан­дық билік­ке ҚАЙСЫСЫ ҚЫМБАТ?

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­тқа­зы Мата­ев қамауға алы­нған­нан кей­ін­гі соңғы апта­да қоғам­да біраз ақпа­рат­тық дүр­мек бол­ды. Қаза­қстан­дық кон­тент­те­гі интер­нет желілерін пай­да­ла­ну­шы­лар түгел­ге дер­лік Мата­ев­тың адал­ды­ғын қорға­уда (бірен-сараң тролль­дар­ды есеп­ке алмаған­да). Бұл рет­те әсіре­се қаза­қстан­дық жур­на­ли­стер біра­уы­зды­лық таны­ту­да. Әлдебір жеке­ле­ген мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты жур­на­ли­стер қауы­мы ара­сын­да мұн­дай ынты­мақ бұрын-соң­ды болмаған.

Бәл­кім, Мата­ев­тың үлесіне ауған осын­дай қоғам­дық пікір­дің әсері ме, жоқ әлде Ақор­да­ның өз ішін­де «раз­бор­ка» бастал­ды ма – билік тара­пын­да әбі­гер бастал­ды. Мәсе­лен, біздің газет­тің ақпа­рат көз­дерінің хабар­ла­у­ын­ша, Ақор­да дәліз­дерін­де әртүр­лі тақы­рып­та қау­е­сет тарай бастаған сыңай­лы. Сол сып­сың сөздер­дің дереккөз­ге жет­кен желісіне қараған­да, «Мата­ев­тың ісі» «ЭКСПО-17» халы­қа­ра­лық көр­месіне әсер етуі мүмкін.
Инсай­дер­лік хабар­дың айтуын­ша, ел пре­зи­ден­ті тиісті орган­дарға Мата­евқа қа­тысты істі қара қыл­ды қақ жарған­дай, әділ жүр­гі­зуді тап­сы­рған. Соны­мен бір­ге пре­зи­дент өз әкім­шілі­гінің бас­шы­сы Нұр­лан Нығ­ма­тулинге: «Егер Мата­ев­тың ісі «ЭКСПО»-ға келу-кел­меу мәсе­лесін әзір­ге шешпе­ген дүдә­мәл елдер­ге кері әсер ететін бол­са, «басы­ң­ды алам», бар­лы­ғың жау­а­пқа тар­тыласыңдар!» – деп, үзіл­ді-кесіл­ді ескер­ту жасаған деген сөз Ақор­да­ның дәлізін кезіп жүр.
Әлбет­те, мұн­дай сөздің анық-қанық ақпа­рын аны­қтау қиын. Бірақ шөп­тің басын жел қозғал­тар қағи­датқа ден қой­сақ, дереккөздің дегенін дақ­пырт дей алмай­мыз. Оның үстіне Мата­евқа қаты­сты қозғалған қыл­мыстық істе «рей­дер­лік сипат» бар деген дерекке пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на бақылау­шылық жаса­уға кел­ген «ОБСЕ» өкіл­дері де ден қой­ып отыр. Расын­да, егер Мата­евқа қаты­сты іс халы­қа­ра­лық дәре­же­де қар­сы­лық сипатқа ие бол­са, Қаза­қстан­дағы адам құ­қығы жағ­дайының шатқа­яқтап тұрған тұр­па­ты одан бетер тең­селіп кетері кәдік. Ондай жағ­дай­да адам құқы­ғы жер­ге тап­та­лып, бей­күнә аза­мат­та­ры мем­ле­кет­тік рэкет­тің іре­уіне тап болған елге аяқ басу – демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тер­ді едәуір ойлан­ды­рып тастай­тын мәсе­ле болуы әбден мүмкін.
Егер іс дәл осын­дай насы­рға шабар бол­са, қаза­қстан­дық билік «ЭКСПО мен Мата­ев­тың қай­сысы қым­бат» деген таң­да­уға тап бола­ды. Басқа биші­ке­ш­тер­ді қай­дам, ал ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа мұн­дай таң­дау тіп­тен қажет бол­ма­са керек: 25 жыл­дық билік­тің соңғы ноқа­тын «ЭКСПО»-мен қою­ды мақ­сат еткен бас­шы­да басқа таң­дау болуы мүм­кін бе?
Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн