Пятница , 4 июля 2025

ЭКСПO ТАМАШАЛАУШЫЛАР АС-СУ БАҒАСЫН СЫНАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

Апта апты­ғы

 

 

 


 

 

 

«Аста­на EXPO-2017» көр­месін тама­ша­ла­у­ға кел­ген адам­дар көр­ме алаңын­дағы сусын­дар мен тамақтың баға­сын қым­бат десе, тамақтан­ды­ру орны­ның өкіл­дері баға­ның ыңғай­лы екенін айтады.

 

Әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­ла­ры Аста­на­дағы «EXPO-2017» көр­месі алаңын­дағы қым­бат тамақ баға­сын сынап, қызу талқы­лап жатыр. WhatsApp месен­джер­лері мен Facebook парақ­ша­ла­рын­да да көр­ме­де­гі ас мәзірінің сурет­тері тарауда.

Оңтүстік Коре­я­лық Чо «EXPO» көр­месін­де өз елінің пави­льо­нын­да жұмыс істей­ді. Ол көр­ме алаңын­дағы тамақтың баға­сы тым қым­бат екенін айта­ды. «Баға өте қым­бат. Өз басым күніне тамаққа 3 мың тең­ге жұм­сай­мын», – дей­ді ол.

Темір­та­удан кел­ген Ири­на да көр­ме аумағын­дағы тамақтан­ды­ру орын­да­ры ұсы­нып оты­рған мәзір­дің баға­сы қым­бат дей­ді. Сырт­та әзір­ле­нетін астың сапа­сы­на да сене бер­мей­тін Ири­на ас-ауқа­тын үйден ала кел­ген екен. «Көр­ме­ге бала-шаға­мы­з­бен келіп отыр­мыз. Бәрін өзі­міз үшін алып кел­дік», – деген ол осы­лай қар­жы үнем­де­мек болға­нын айтады.

Ал «EXPO» көр­ме алаңы орта­лы­ғын­дағы ресто­ран қыз­мет­кері Рашид Бай­бо­ла­тов кеше­ден бері ас мәзірі баға­ла­ры­ның көп сына­лып жатқа­нын өзі де біледі екен. Көр­ме аумағын­да саты­лып жатқан тамақтың қым­бат екенін мой­ын­даға­ны­мен, Рашид­тің бұған айтар өз уәжі бар.

– Біздікі кафе неме­се асха­на емес, ресто­ран ғой. Әр тап­сы­ры­сты қым­бат әрі сапа­лы азық-түлік­тен аспаз­шы жеке орын­дай­ды, – дей­ді ол «Азатты­ққа». Рашид­тың айтуын­ша, олар ресто­ран­да арзан баға қуа­лап, адам тар­туға тыры­спай­ды. Алай­да ол арзан мәзір сату үшін өздерінің екін­ші сауда орнын ашып қой­ға­нын айт­ты. Айтуын­ша, сон­дағы тамақтың баға­ла­ры едәуір. Мәсе­лен, Таш­кент пала­уы 950 тең­ге тұрады.

«EXPO» көр­месі алаңы­ның орта­сын­дағы Рашид­тің ресто­ра­нын­да қаза­қтың ұлт­тық тағам­да­ры қым­батқа саты­лып жатыр. Төрт-бес адам үшін асы­лған ет 25 мың тең­ге тұра­ды. Алай­да «бұл қала ішін­де­гі ресто­ран­дар­дағы баға­ла­ры­мен бір­дей» дей­ді Рашид. Ол жұмыс істей­тін ресто­ран­да пала­удың кей­бір түрі – 1600 тең­ге, ал тауық сор­па­сы 800 тең­ге тұрады.

Осы ресто­ран­ның іргесін­де­гі түрік мей­рам­ха­на­сын­да бір ада­мға арналған кәу­ап­тың орта­ша баға­сы 3 мың тең­ге­ге жуықтайды.

«EXPO» көр­ме алаңы аумағын­да баға­сы төменірек фаст-фуд сата­тын дүң­гір­шек­тер де бар. Ондағы сенд­ви­чтер­дің баға­сы 700‑1000 тең­ге ара­сын­да. Ал бөтел­ке­де­гі су баға­сы қала­дағы дүкен­нен екі есе қым­бат, 200–300 тең­ге тұра­ды. Пиц­ца­ның бір тілі­мінің баға­сы – 400 теңге.

Тағы бір назар аудар­тқан жайт – кей дүң­гір­шек­тер­де тамақ баға­ла­ры тіп­ті жазыл­маған да. Сон­дай дүң­гір­шек­тер­дің бірінің сату­шы­сы Әну­ар өздерін­де­гі баға­ның аса қым­бат емесін айта­ды. Ал тамақтың баға­сын Әну­ар ауыз­ша айта береді екен.

Azattyq.org

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн