Пятница , 4 июля 2025

ЭКСПО ҚЫЗЫҒЫН ТАКСИШІ БАСТАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Темірқа­зық

 


 

Енді екі күн­нен кей­ін елдің де, елба­сы­ның да есін алған ЭКСПО баста­ла­ды. «Той­дың бола­ты­ны­на» той­дық: ресми деректер бой­ын­ша, тек көр­менің құры­лы­сы­на ғана 3 мил­ли­ард дол­ларға жуық қар­жы шашы­лған екен. Бұл бүкіл Қаза­қстан­ның екі айлық бюд­жетіне пара­пар сома. Ол сомаға қан­ша бас­па­на салуға бола­ры – елдің ете­гін жасқа тол­ты­рар әңгі­ме. Неме­се осы қар­жы­ға Алма­ты мен Аста­на­ның ара­сы­на төрт жолақты даңғы­раған күре жол салуға болар еді.

 

Ал «той­дың болға­ны» қалай бола­ды, оны үш ай бойы өткі­зу, ойын­са­уық, іші­п­жеу, әлем­дік «жұл­ды­здар­ды» шақы­ру шығы­ны қан­шаға түседі? Оны «ит біледі».

Айт­пақ­шы, «ЭКСПО2017» көр­месін өткізу­ге кемін­де 2,3 млрд дол­лар жұм­са­луы тиіс болған­ды­қтан, Кана­да, Австра­лия, Испа­ния, Фран­ция, Нор­ве­гия, Сер­бия және басқа елдер тала­стан тар­ты­нып қалға­ны мәлім. Ақы­ры екі үміт­кер – Аста­на мен Бель­ги­я­ның Льеж қала­сы қалып, мұнай­дың үстін­де оты­рған Қаза­қстан жеңіс­ке жет­ті. Льеж­ге ЭКСПО таң­сық емес еді: Бель­ги­яда 11 рет көр­ме ұйым­да­сты­рыл­са, оның үше­уі осы қала­да өткен. Ал біз­де­гі көр­ме Милан­да өткен «ЭКСПО15» пен Дубай­да 2020 жылы өтетін негіз­гі көр­ме­лер­дің ара­сын­дағы «бала­ның ойы­ны» ғана. Сол «ойын­ның» өзі қыру­ар қар­жы­ны қылғы­тып кетті.

Ал енді Аста­на көр­месін ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың есеп­те­уін­ше, оған 2 мил­ли­он турист келеді екен. Осы­дан екі жыл бұрын бұл көр­сет­кіш 6 мил­ли­он­ның маңын­да еді. Бір­тебір­те кеміп, енді­гі болжам 2 мил­ли­он­мен шек­теліп тұр.

Шама­сы, көр­ме бастал­май жатып, аста­на­лық так­си­ші келу­шілер­дің бірі­нен 40 мың тең­гені сыпы­рып алға­ны­на қараған­да, қам­данған қонақтар­дың қан­ша­сы қай­мы­ғып қала­рын біздің «ит» де біліп болмас.

Енді мына қызы­қты қараңыз: осы 2 мил­ли­он­ның 85 пай­ы­зы (1,7 млн) өзі­міздің халық екен, сырт­тан келетін қонақтар 300 мың­ның маңы ғана. Сон­да «халы­қа­ра­лық» деген ата­уы бар бұл көр­ме кім үшін өткізілетін бол­ды? Қаза­қстан­ның қай­ыр­шы­лы­ққа душар болған дәрі­гер­лері мен әр тиы­нын тір­шілік­ке талға­жу еткен мұғалім­дері үшін бе? Олар­ды қызы­ққа қарық қылу қажет болған­да, шаше­тек­тен шашы­лған 3 мил­ли­ард­ты бар­лы­ғы­на қыл­дай бөліп бере салған әлдеқай­да әділет­ті әре­кет бол­мас па еді?

Деген­мен, той­дың «болға­нын» күте тұра­лық: «ит қоры­ған жер­ге әуес» дей­ді – әлі талай «так­си­шілер» талай­та­лай қызы­ққа баты­ра­тын шығар… Ең басты­сы, так­си­шінің қызы­ғы­нан басталған көр­менің бары­сын­да пан­теон­ның алға­шқы «кли­ент­тері» аны­қта­лып қал­ма­сын деп тілейік…

Оңай дей­сіз бе?!

 

Ермұрат БАПИ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн