Понедельник , 7 июля 2025

ЕЛБАСЫНЫҢ СЫҢАРЫ Тәжікстаннан «табылды»

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №14 (285) от 09 апре­ля 2015 г.

 

Апта апты­ғы

 

Тәжік­стан­да билік пар­ти­я­сы­ның ресми сай­тын­да Тәжік мем­ле­кет­тік педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің рек­то­ры Носир­джон Сали­ми мен ғалым Хол­мах­ма­ди Саме «ұлт көш­бас­шы­сы» деп жари­я­лау үшін, ел пре­зи­ден­ті Эмо­ма­ли Рах­мон­ның сіңір­ген еңбек­тері жет­кілік­ті деп жазы­лған үндеу жари­я­лаған. Үндеу автор­ла­ры­ның пікірін­ше, Эмо­ма­ли Рах­мон сияқты тұлға­лар­дың көш­бас­шы­лық қаси­еті дәлел­де­уді қажет етпей­ді, бірақ «өрке­ни­ет­тер мен мүд­де­лер қақты­ғы­сқан заман­да, жаһан­да­ну жағ­дай­ын­да ұлт­тар мен елдер ресми таны­лған көш­бас­шы­ға мұқтаж».

Носир­джон Сали­ми мен Хол­мах­ма­ди Саменің жазуын­ша, «тәу­ел­сіздік алған жаңа мем­ле­кет­тер­дің сая­си мәде­ни­етін­де «ұлт көш­бас­шы­сы» атағын беру жаңа әрі сирек құбы­лыс». Бірақ бұл жаңа­дан пай­да болған құбы­лыс емес. Қаза­қстан­ның тұңғыш әрі әзір­ше жалғыз пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев осын­дай мәр­те­бе­ге бес жыл бұрын ие болған.

2010 жыл­дың мамы­рын­да Қаза­қстан пар­ла­мен­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа шексіз арты­қ­шы­лық беруді қарас­ты­ра­тын заң жоба­сын қабыл­даған. Құжат­та отстав­каға кет­кен күн­нің өзін­де Назар­ба­ев­тың жеке басы қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге кепіл­дік­тер берілетіні жазы­лған. Мәтін­де «пре­зи­дент­тік қыз­мет­ті атқа­ру кезін­де­гі, сон­дай-ақ пре­зи­дент­тік өкілет­тілі­гі тоқта­ты­лған­нан кей­ін, Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті мәр­те­бесін жүзе­ге асы­руға бай­ла­ны­сты іс-әре­кет­тері үшін елба­сы­ны тұтқын­да­уға, қамауға алуға, әкім­шілік неме­се қыл­мыстық жау­а­пқа тар­туға бол­май­ды» деп жазы­лған. Бұл айры­қ­ша кепіл­дік­тер елба­сы және оны­мен бір­ге тұра­тын отба­сы мүше­лерінің дүние-мүл­кіне де қаты­сты қолданылады.

Кезін­де бұл заң жоба­сын халы­қа­ра­лық демо­кра­ти­я­лық ұйым­дар қат­ты сынаған. Бел­сен­ділер құжат­ты қабыл­да­уға қар­сы нара­зы­лық акци­я­ла­рын өткіз­ген. 2010 жыл­дың 4 мау­сы­мын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев заң жоба­сы­на қол қой­май­ты­нын мәлім­де­ген. Бірақ 11 күн­нен кей­ін сенат төраға­сы Қасым­жо­март Тоқа­ев, сол кез­де­гі мәжіліс төраға­сы Орал Мұха­меджа­нов және пре­мьер-министр Кәрім Мәсі­мов қол қой­ған құжат ресми бас­пасөз­де жари­я­ла­нып, заң­ды күшіне енген.

Эмо­ма­ли Рах­монға «ұлт көш­бас­шы­сы» мәр­те­бесін беру баста­ма­сы­на қар­сы­лық біл­діру­шілер Тәжік­стан­да да бар. «Азатты­қтың» тәжік қыз­метіне сұх­бат бер­ген құқы­қта­ну­шы әрі бел­сен­ді Ойни­хол Бобо­на­за­ро­ва­ның айтуын­ша, авто­кра­ти­я­лық мем­ле­кет пре­зи­дент­тері ғана өздерін «ұлт көш­бас­шы­сы және көсем» деп атай­ды. Рах­мон­ның сын­шы­ла­ры «тәжік шене­унік­тері пре­зи­дент­тің жеке басын осы­лай мақтап-мадақтау арқы­лы үкі­мет­тің сәт­сіз сая­са­тын бүр­ке­ме­ле­гісі келеді» деп санай­ды. Тәжік­стан­ның оппо­зи­ци­я­лық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Шокир­джо­ни Хаким мұн­дай ұлы­қтау Орта­лық Азия елдері ішін­де әуелі Түр­кі­мен­стан­да, кей­ін Қаза­қстан­да пай­да болып, заң жүзін­де бекітіл­генін ескер­те­ді. Оның пікірін­ше, бұл сая­си мәде­ни­ет­тің төмен­ді­гін көрсетеді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн