Понедельник , 7 июля 2025

Елдегі суицидке БАЯН СҰЛУ жазықты екен…

Әтте­ген-ай!

 

Баян Сұлу­дың басы дауға тағы қал­ды. Таны­мал жур­на­лист-саз­гер Жары­лқа­сын Дәу­лет сонау ХІІІХІV ғасыр­дан бері жыр­ла­нып кел­ген төл туын­ды­мы­зға тұсау сал­мақ­шы. «Асыл арна» теле­ар­на­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да ол: «Қозы Көр­пеш – Баян Сұлу деген кім­дер? Қозы­ны Қодар өлтіріп тастаған соң, Баян да өзіне қол жұм­сап өлді де, бір молаға кір­ді. Өзін-өзі өлтіріп, жана­за­сы шық­пай, бір молаға жатқан адам­ды кім­ге үлгі қылып отыр­мыз… Біз өске­лең ұрпақты суи­цид­ке өз қолы­мы­з­бен итер­ме­леп жатқан жоқ­пыз ба? Біреу өліп, соның арты­нан екін­шісі өзін өлтір­се, ерлік пе?» – деген еді.

Оның сөзіне сене қал­сақ, ғашы­қтық жыры­мыз жастар­дың тәр­би­есіне кері әсер ете­ді екен. Сон­да бұған дей­ін­гі жүз­де­ген жыл­дар бойы осы жыр­ды жат­тап өскен бұры­нғы жастар тәр­бие ата­улы­дан құр қалған екен-ау?! Жары­лқа­сын ашқан бұл «жаңа­лы­қты» бұры­нғы қазақ қалай біл­мей келген?

Ал сәл-пәл өткен-кет­кен тарихқа үңіл­сек, «Қозы Көр­пеш – Баян Сұлу» лиро-эпо­стық жыры тек қазақ халқы­ның ғана емес, тұр­мыс-тір­шілі­гі, салт-дәстүрі ұқсас түр­кі халы­қта­ры­ның ара­сы­на да кеңі­нен таны­мал бол­са керек. Тіп­ті татар халқы осы­дан 55 жыл бұрын (1960 ж.) осы жыр­дың 750 жыл­дық мерей­той­ын төрт­күл дүни­е­ге паш етіп, оны татар­дың туындысы деп, әлем­ге жар салға­ны бар.

Сон­дағы­сы татар халқын­да бұл жыр­дың бас-аяғы 550 жол­дан тұра­тын жалғыз вари­ан­ты бар бол­са, біз­де оның бір­не­ше нұсқа­сы бар. Сон­да ғашы­қтық жыр­ды басқа ұлт­тар ұлы­қтап, өз туындыс­ы­на теліп жатқан­да, саз­гер­дің оны «суи­цид» деп» сарқы­лып сөй­ле­гені – қай түй­сі­гі­нен туған тұжы­рым бол­мақ? Қазір­гі жастар ара­сын­да белең алған суи­цид­ке Қозы Көр­пеш пен Баян Сұлу емес, бүгін­гі өмір­дің тауқы­меті, әле­умет­тік кемістік­тер кінәлі екенін шоу-думанға арнап ән жаза­тын адам­ның біл­мей қалға­ны өкінішті-ақ.

Осы орай­да Abai.kz интер­нет-пор­та­лын­да жари­я­ланған мына пікір­ге ден қой­ған артық бол­мас: «Әй, Жары­лқа­сын-ай, бәлелі жер­ге бар­мақ тығып нең бар еді?! Тәп-тәуір әндерің­мен таны­лып келе жатқан саз­гер едің, енді мына «ярлык» сенің соңы­ң­нан қал­май­тын бол­ды. Қозы мен Баян­ның жыры шыққан ХІІІ ғасыр­да сен сой­ы­лын соғып оты­рған салаф пен уаһа­б­тың иісі бол­маған қазақ дала­сын­да. Бұл – жыр­дың шыққан уақы­ты. Ал ол бей­бақтар одан бұрын қай мез­гіл­де өмір сүр­ді: 100 жыл бұрын ба, әлде одан да көп пе – оны біздің ауыз­ша тарих дөп басып айта алмайды.

Сол шежі­ре-тарих­тың пай­ы­мы бой­ын­ша, ХІІ-ХІІІ ғасыр­лар­да Қозы мен Баян өмір сүр­ген Арқа­ның шығыс қиы­ры­на ислам толық келіп жет­пе­ген: ол заманғы халы­қтың дені Тәңір­ге табы­нған кез бол­ды. Енде­ше сенің «…өзін-өзі өлтіріп, жана­за­сы шық­пай, бір молаға жатқан адам­ды кім­ге үлгі қылып отыр­мыз?» деген сұрағың – дала­дағы дал­ба­са дауыл­дың сиқы боп шыға­ды. Бір жәйт­тің қисы­нын қиюла­стыр­мас бұрын, оған тия­нақ бола­тын деректі дәй­ек­теп алу керек еді… Қозы мен Баян дін мен дін­дар­дың емес, мың­даған жыл­дық қаза­қы діңнің тақы­ры­бы. Көрін­ген жер­ге ислам­ды тық­па­лай беріп, адам­зат алдын­да мұсыл­ман­ды ман­сұқ қылу – дін­дар­дың қата­рын көбей­тетін кәсіп болмайды…».

Шама­сы, бұл да Жары­лқа­сы­нға дауа болар пікір емес шығар. Бірақ бұл «қаза­қы діңнің тақы­ры­бы» деген ойға оғаш пікір айту қиын шығар…

Жан­сая ЕСТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн