Суббота , 5 июля 2025

ЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ «Шығыс даналығы» ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

Билік­ті бөлі­су ме, иша­ра ма?

 


 

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың соңғы жол­да­уы мен Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгі­зу жөнін­де­гі ұсы­ны­ста­ры­на қаты­сты елге таны­мал тұлға­лар ара­сы­нан ой-пікір айту­ды сұраған едік. Осы орай­да бел­гілі ғалым Қанағат Жүке­шов ел пре­зи­ден­тінің «сая­си жүй­ені демо­кра­ти­я­лан­ды­руы» қоға­мға не береді деген сипатта төмен­гі­дей пікір білдірді.

 

Дүние жүзі елдерінің ара­сын­да пар­ла­мент алды­мен Англи­яда – сонау XIII ғасыр­да-ақ пай­да болға­ны бел­гілі. Оның құры­лы­мы мен атқа­ра­тын қыз­меті бір­тін­деп айқын­дал­ды. Мәсе­ле­лер­ді қарау рет­тілік­тері мен пар­ла­мент­тің өкілет­ті­гі XIIIXIV ғасыр­лар ішін­де бірізділік­ке түсті. XIV ғасыр­да ағы­л­шын пар­ла­мен­ті заң шыға­ру ынта­сын толық иеленді.

Ағы­л­шын король­дері ара­сы­нан да пар­ла­мент­ті айна­лып өтіп, «заң­ды күші бар жар­лы­қтар» шыға­руға әуе­стік таны­тқан­да­ры бол­ды. XIV ғасыр­да король II Эду­ард осын­дай әре­кет­тер­ге ұмты­лыс жаса­ды. Ұза­ққа созы­лған қақты­ғы­стар­да пар­ла­мент король­дің қысы­мы­на төтеп беріп, өзінің құқы­қта­рын қорғап қал­ды. Пар­ла­мент король­дің жар­лы­қта­ры­ның тек орын­да­уға қабыл­данған, қол­да­ны­стағы заң­дар­ды жүзе­ге асы­ру үшін сол шең­бер­де ғана жүруі жағ­дай­ын бекітіп берді.

Біз ара­да алты-ақ ғасыр өткеніне қара­ма­стан, пре­зи­дент­тің кей­бір құзірет­тілік­терін пар­ла­мент пен үкі­мет­ке беру қажет­ті­гіне ақы­лы­мыз енді ғана жетіп оты­рға­нын кере­мет көре­ген­дік, озық рефор­ма ретін­де қабыл­да­уы­мыз керек.

Ағы­л­шын­ның ұлы фило­соф­та­ры­ның бірі Джон Локк қоғам­да заң­ды­лық пен әділ­дік орна­уы үшін, мем­ле­кет­тік билік­тің бөлі­нуі қажет­ті­гін сонау XVII ғасыр­дың өзін­де-ақ бірін­ші болып көтер­ген бола­тын. Ол билік: а) заң­ды; б) атқа­ру­шы; в) одақтық болып бөлі­нуі керек деген фор­му­ла­ны ойлап шығар­ды. Кей­ін­нен фран­цуз фило­со­фы Ш. Мон­те­с­кье билік­тің үшін­ші тар­мағын сот билі­гі деп өзгер­туді ұсынды.

1689 жылғы «құқы­қтар жөнін­де­гі билль» бой­ын­ша ағы­л­шын королі пар­ла­мент­тің келісі­мін­сіз заң­дар­дың әре­кетін тоқта­ту құқы­ғы­нан айы­рыл­ды. XVIII ғасыр­дан бастап ағы­л­шын заң­да­ры пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның король билі­гі­нен тәу­ел­сізді­гін толық қам­та­ма­сыз ететін бол­ды. Англия клас­си­ка­лық пар­ла­мен­та­ризм еліне айнал­ды. Осы­дан кей­ін алақан­дай Англи­я­ның дүни­е­жүзілік тарих­та қалай тауға шауып, төс­ке өрле­гені әркім­ге аян.

Ғылым­дағы­дай, сая­сат пен құқық сала­ла­рын­да да уақыт сыны­нан өткен, өрке­ни­ет дамуын­да ақталған, әмбе­бап қағи­да­лар бар. Оларға билік­тің үш тар­маққа бөлінісі, олар­дың өза­ра қаты­на­ста­рын ара­сал­мақты­лық және теже­гі­штік ұста­ным бой­ын­ша жүзе­ге асы­руы, аза­мат­тар­дың заң алдын­дағы теңді­гі, сот­тар­дың тәу­ел­сізді­гі, сай­ла­у­лар­дың мерзім­ді өтуі және ашы­қты­ғы, аза­мат­тар­дың бей­біт шеру­ге шығуы, митин­глер ұйым­да­сты­руы тағы басқа­лар жата­ды. Пре­зи­дент­тің Үнде­уін­де нақты көр­сетіл­ген­дей, «тұта­стай зама­на­уи даму логи­ка­сы­на арқа сүй­еу» деп осы­ны түсі­нуі­міз керек.

Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін аме­ри­ка­лық адми­рал Д. Макар­тур Жапо­ни­я­ны жалғыз өзі билеп, айна­ла­сы 6,5 жыл ішін­де осы ұста­ным­дар­ды құбы­лт­пай да, бұл­жыт­пай да, пәр­мен­ді енгізіп кет­кен бола­тын. Нәти­же­сін­де соғы­стан қирап, қаңы­рап қалған Жапо­ния небәрі 15 жыл ішін­де эко­но­ми­ка­сы жағы­нан дүние жүзін­де екін­ші оры­нға бір-ақ шықты.

Қазір билік бөлінісі схе­ма­сын шын ниеті­мен демо­кра­ти­я­лық даму теті­гі ретін­де қабыл­дап алған қоғам­дар мем­ле­кет­тік билік­ті әділ жүзе­ге асы­ру­ды қам­та­ма­сыз етіп отыр. Ел басқа­ру­дың бұл үлгісі өмір­лік тәжіри­бе­де толы­ғы­мен ақтал­ды. Осы бағыт­ты ұстанған елдер қары­штап алға дамыды.

Сол кездің өзін­де тура­шыл, заң­шыл Батыс елдері басқа­ру­дың бұл фор­му­ла­сын қабыл­дап қана қой­ған жоқ, оның мызғы­ма­сты­ғын қам­та­ма­сыз етуді де ұмыт­па­ды. Ол үшін билік­тің аталған үш тар­мағы ара­сал­мақ және теже­гі­штік меха­низ­мі­мен жұмыс істе­уі керек. Бұл меха­низм билік­ті тар­мақтар­дың бірі иеленіп кет­пе­уін қам­та­ма­сыз етті. Осы қағи­да­лар толық ұста­ны­лған­да, қоғам­ның шашау шық­пай, тәр­тіп­пен, орны­қты дамуы­на жол ашылады.

Міне­ки, осы қағи­да­лар­ды бұл­жыт­пай орын­даған қоғам­дар жер және еңбек ресур­ста­ры­ның тап­шы­лы­ғы­на қара­ма­стан, қары­шты алға басты. Қазір дүние жүзінің елу­ден астам елі осы ұста­ным­дар­ды ұста­нып басқа­ру­дың арқа­сын­да «алтын мил­ли­ард» деп шар­тты аталған топқа еніп, өрке­ни­ет көшін бастап барады.

Әрине, бұл қағи­да­лар­ды өзге елдер де қабыл­да­ды. Қазір дүние жүзінің басым көп­шілі­гі осы фор­му­ла­ны қол­да­нып, ел басқа­ру­да. Бірақ олар­дың бәрі толы­ққан­ды даму жолы­на түс­кен жоқ.

Неге? Әлде билік бөлінісі, ара­сал­мақ және теже­гі­штік ұста­ны­мы деген­дер бар­лық елде, бар­лық жағ­дай­да жетістік­ке жет­кі­зе алмай ма?

Жоқ, әрине. Шығыс елдерінің бас­шы­лы­ғы­на кез­дей­соқ кел­ген­дер­дің бәрі өз қоға­мын алға жыл­жы­туға мүд­делілік таныт­пай­ды. Олар дүние жүзінің алды­ңғы қатар­лы елдері ұста­нып оты­рған басқа­ру тетік­тері­нен ашық бас тар­та алмай, кон­сти­ту­ци­я­ла­ры­на жазып қой­ып, іс жүзін­де оны жүзе­ге асы­руға ынты­қ­па­ды. Оны қой­ып, билік­тің бар тетік­терін пай­да­ла­нып, демо­кра­ти­я­ның арба­сы­ның доңға­лағы­на «таяқ тығып» отырады.

Кон­сти­ту­ци­яға дұрыс жазып қой­ып, басқа­ру­ды теріс атқар­ды. Мем­ле­кет­тің күш және медиа ресур­ста­рын әлдекім­дер­дің құпи­я­ла­рын жасы­руға, әділет­тік­ті талап еткен адал адам­дар­ды қуда­ла­у­ға жұм­са­ды. Оның ақы­ры өндірістің тоқы­ра­уы­на, әле­умет­тік жағ­дай­лар­дың шие­лені­суіне, білім мен ғылым­ның тоқы­ра­уы­на, бұқа­ра­ның толық фруст­ра­ция күй­іне түсуіне алып келеді.

Олар­дың айтқан уәж­дері де өтірік­шінің көл­гір­суі екені анық: біздің елдің мен­та­ли­теті басқа ғой; елі­міз­де­гі жағ­дай басқа ғой; Батыс елдері бұл жол­ды жүз­де­ген жыл­дар­да өтті ғой; біздің өз жолы­мыз бар ғой… деген сияқты. «Демо­кра­тия біздің қазір қол­да­на­тын әдісі­міз емес, түп­кілік­ті мақ­са­ты­мыз, оған біз кей­ін жете­міз» деп, билік­те­гі заң­сыз болуын ұзар­та түскісі келеді. Соның сал­да­ры­нан кей­бір қоғам­дар даму тұр­мақ, бұры­нғы отар­лық жағ­дай­ы­нан да төмен түсіп, кері кетті.

Ал «Шығыс дана­лы­ғы» деген біз­ге де тән. Аталған ұста­ным­дар­ды біз де «халы­қтың мен­та­ли­тетіне», «қоғам­ның ерекшелі­гіне» «шығар­ма­шы­лы­қ­пен икем­деп», 2050 жылға бір жетіп алсақ, одан ары, құдай бұй­ыр­са, мұнай­дың баға­сы аяқ асты­нан көтеріліп кетуі әбден ықти­мал емес пе?!

 

 

Қанағат ЖҮКЕШОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн