Воскресенье , 6 июля 2025

Елдің демографиялық АХУАЛЫ ҚАНДАЙ?

 

 

Қаза­қстан халқы­ның саны биы­лғы жыл­дың басы­нан бері 0,3%-ға артып, 1 сәуір­ге 17 млн 476,1 мың адам бол­ды, деп хабар­ла­ды ҚР Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің ста­ти­сти­ка комитетінен.

 

Соның ішін­де қала­лы­қтар – 9 916,6 мың (56,7%), ауыл­ды­қтар – 7 559,6 мың адам (43,3%) болған. 2014 жылғы 1 сәуір­мен салы­сты­рған­да халық саны 255 мың ада­мға неме­се 1,48% өсті.

АХАТ орган­да­ры ұсы­нған аза­мат­тық хал актілері жаз­ба­ла­рын­дағы мәлі­мет­тер­ді өңдеу нәти­же­сін­де 2015 ж. қаңтар-науры­зда туы­лған­дар саны 92,1 (92,8) мың адам болып, 2014 ж. қаңтар-науры­зға қараған­да 0,8%-ға кеміді. Туу­дың жал­пы коэф­фи­ци­ен­ті 1000 ада­мға – 21,31 адам.

Қарас­ты­ры­лып оты­рған кезең­де қай­тыс болған­дар саны 33,3 мың адам болған, бұл 2014 ж. қаңтар-науры­зда қай­тыс болған­дар­дың абсо­лют­тік мөл­шеріне сәй­кес. Өлім-жітім­нің жал­пы коэф­фи­ци­ен­ті 1000 ада­мға – 7,70 адам.

2015 ж. қаңтар-науры­зда рес­пуб­ли­ка халқы­ның табиғи өсі­мі 2014 ж. қаңтар-науры­з­бен салы­сты­рған­да 0,7 мың ада­мға неме­се 1,2% кеміп, 58,8 (59,5) мың адам­ды құра­ды. Табиғи өсім­нің жал­пы коэф­фи­ци­ен­ті 1000 ада­мға шаққан­да 13,61 (13,96) адам­ды құрады.

2015 ж. қаңтар-науры­зда АХАТ орган­да­ры 30,3 (31,6) мың неке қию тура­лы акті жаз­ба­сын ұсын­ды. 2014 ж. қаңтар-науры­з­бен салы­сты­рған­да олар­дың саны 4,1% азай­ды. Үйле­нудің жал­пы коэф­фи­ци­ен­ті 1000 ада­мға 7,02 (7,42) неке болған. 2015 ж. қаңтар-науры­зда ажы­рас­у­лар саны 12,0 (11,6) мың бол­ды, 2014 ж. сәй­кес кезең­мен салы­сты­рған­да олар­дың саны 3,4% көбей­ді. Ажы­рас­у­дың жал­пы коэф­фи­ци­ен­ті 1000 ада­мға шаққан­да 2,77 бұзы­лған неке болған.

Көші-қон поли­ци­я­сы орган­да­ры ұсы­нған келу/кетуді ста­ти­сти­ка­лық есеп­ке алу талон­да­рын­дағы мәлі­мет­тер­ді өңдеу нәти­же­сін­де 2015 жылғы қаңтар-науры­зда елі­міз­ге тұрғы­лы­қты тұруға кел­ген­дер­дің тір­ке­лу саны (көшіп-қону­шы­лар) 2014 ж. қаңтар-науры­з­бен салы­сты­рған­да 14,2% кеміп, 4 165 адам бол­ды. Елі­міз­ден кет­кен қоныс ауда­ру­шы­лар­дың тір­ке­лу саны 11,1% көбей­іп, 4 516 адам­ды құра­ды, көші-қон­ның айы­ры­мы – 351 адам болды.

Өңіра­ра­лық көшіп-қону­шы­лар­дың үлесіне елі­міздің жал­пы ішкі көшіп-қону­шы­лар саны­ның 43,4%-ы тиесілі. Өңіра­ра­лық көші-қон­ның оң айы­ры­мы Алма­ты (10 828 адам), Аста­на (324 адам) қала­ла­рын­да және Ақмо­ла (1 126 адам), Маңғы­стау (195 адам), Қоста­най (143 адам) облы­ста­рын­да қалыптасты.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн