«Общественная позиция»
(проект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.
Ойдан-қырдан
Бәрекелді!
Өз елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де кеңінен танымал, белгілі өнер қайраткерлері, ұсталар Махмұт және Айтберген Құлментегі Астанада кезекті «Алмас қылыш» сыйлығын белгілі ақын-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықоваға құрметпен табыс етті.
«Елена қарындасымыз өзінің жалынды жырларымен ұлттық рухымызды дәріптеп, Алаш ұранын асқақтатып жүрген ақын ретінде елдің ықыласына бөленіп жүр. Сондықтан да «Алмас қылыш» сыйлығын тұңғыш рет қыздар арасында Еленаға тапсыру туралы шешім қабылдадық. Елена бұл сыйлыққа әбден лайық», – деді ұста Айтберген Құлментегі.
«Қазақта айбалта тек жаудан қорғанушы әскери қару ғана емес, қасиетті бұйым ретінде де қабылданған. Айбалталы үйге жын-шайтандар жоламайды, ол жауының, дұшпанының мысын басып, құтын қашырып тұратын қасиетті бұйым ретінде дәріптелген», – дейді Махмұт Құлментегі.
Ескерте кетейік, «Алмас қылыш» сыйлығын осы уақытқа дейін алған, ұлтқа қызмет етіп, шындықты алмас қылыштай тіліп айтып жүрген белгілі қайраткерлер – Жәркен Бөдеш, Олжас Сүлейменов, Сәтімжан Санбаев, Арон Атабек, Роллан Сейсенбаев, Иран Ғайып, Герольд Бельгер, Талғат Айтбайұлы, Ермұрат Бапи, Сұлтанхан Аққұлы, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаев еді.
Мақсат ІЛИЯСҰЛЫ