Қазақстанда 50 елді мекен су басқан аймақтарда қалды, тағы 30-на суға кету қаупі төніп тұр, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко.
«Жалпы суға кеткен үйлер саны Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан; Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 17 ауданында 1149 үйді құрады. Қазіргі таңда 511 үй суға кетіп отыр», – деді В.Божко сейсенбіде «аймақтардағы орын алып отырған суға кету жағдайы және жүргізіліп жатқан апаттық-құтқару жұмыстары туралы» баспасөз мәслихатында.
Ол 89 учаскіде 173 шақырым көлік жолының, соның ішінде республикалық маңыздағы жолдарда да су жүріп кеткенін мәлімдеді. Қазір оның тек 1,9 шақырымы қалпына келтірілсе, 5 көпір бұзылған.
ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Нұра өзеніне судың көптеп келуінен Қарағанды облысының тағы 20 елді мекенін су басу қаупі төніп тұрғанын, оның ішінде 5 елді мекенді толықтай су басатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ақмола облысы мен Астана қала маңының 10 елді мекеніне суға кету қаупі төніп тұр.Топансудан эвакуацияланған 11 мың адамның қазіргі таңда 1265‑і үйлеріне оралған, қалған 9907-сі эвапункттерде қалып отыр. ҚазТАГ