Вторник , 24 июня 2025

ЕРЕГЕСКЕНЕЛ БОЛМАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (358) от 10 нояб­ря 2016 г.

 

 

Апта Апты­ғы!

Ара­ша!



 

Менің таңым бар: неге қазақ қоға­мы бір-бірін өшік­тіру­ге, бірінің соңы­нан екін­шісі шам алып түсу­ге құштар болып бара­мыз? Ере­гес­кен екі қаза­қтың ара­сын­дағы бық­сы­қты қоз­ды­руға неге әуе­с­піз? Мен мәде­ни­ет мини­стрі Ары­стан­бек Мұха­ме­диұ­лы мен атақты актер аға­мыз Тұңғыш­бай Жаманқұ­лов жөнін­де айтып отыр­мын. Бір-бірін батыр деуі тиіс екі аза­мат­ты неге ашық айқасқа айдап салдық?

Әлбет­те, мен еке­уіне де баға бере алмай­мын: өйт­кені біре­уі өзінің күш-қары­мы­м­ен министр дәре­же­сіне жет­кен, екін­шісі – қазақ өнері тарихы­ның көп­те­ген кезең­дерінің сим­во­лы, салиқа­лы сипа­ты бола біл­ген аза­мат. Енді, міне, осы екі жігіт­тің ара­сын­дағы бол­ма­шы кикіл­жіңді «тама­ша­лап» оты­рған жай­ы­мыз бар. Ара­мы­здан бір ақсақал неме­се зия­лы қауым өкілі «қой­ы­ң­дар, мәміле­ге келің­дер» деп айт­па­ды. Қоғам­ның өзі екі­ге бөлініп, бірін-бірі төпеш­те­умен болды.

Әле­умет­тік желілер­дің қызып кет­кені сон­ша­лық, нешетүр­лі жалған жала, лақап лай тасқын­дап ақты… Қазақ абы­зда­ры­ның төре­шіл­ді­гі, бітім­гер­шілі­гі, халы­қтың дана дипло­ма­ти­я­сы дала­да қал­ды. Өзі­міздің «жеті­мін далаға таста­маған», «жесірін бөтен­ге бер­ме­ген», талай тен­тек­ті тез­ге салған, қиын-қыстау заман­дар­да батыр­ла­ры­мы­здың басын қосқан тари­хи жады қай­да? Әлде бұн­дай құдірет­ті қаси­ет бой­ы­мы­зда бол­маған ба?

Тарихқа көз жүгірт­сек, сонау Алтын Орда­дан бастап, біздің халы­қты сор­ла­тып жүр­ген – жік­ке бөлі­ну­шілік, арты­мы­здан қоңы­ра­у­ла­тып, қал­май келе жатқан ала­у­ы­здық. Ибн-Бату­та сурет­те­ген оннан аса «алтын­нан көм­керіл­ген мешіт­тері» бар, сол кез­де бас­сейн, канал, ирри­га­ци­я­сы бар Сарай қала­сы неге кел­мес­ке кет­ті? Қып­шақ тілін­де сөй­ле­ген «ұлы дер­жа­ва» болған мем­ле­кет­тің мүй­ізі қарағай­дай аза­мат­та­ры бір-біріне неге шап­ты? Оның аяғы не бол­ды? Сарай­дың ізі де қалған жоқ. Қаза­қтың ала­у­ы­зды­ғын сырт­тан баққан басқа­лар қолын – қол, бұтын – бұт етті!!!

Бер­тін­де қазақ халқын жоңғар шапқын­шы­лы­ғы­нан аман алып қалған қан­дай құбы­лыс? Тары­дай шашы­рап кет­кен қаза­қтың қилы заман­да бір жаға­дан бас, бір жең­нен қол шыға­руы халқы­мы­зды құры­штай бірік­тір­ген еді.

Қазақ «Сырт­тан кел­ген жаудан, іштен шыққан дау жаман» дейді.
Менің ойым­ша, осы дауды қоз­ды­рып оты­рған біраз көлең­келі күш­тер бар тәрізді. Солар таса­да тұрып, алақан­да­рын ысқы­лап, даудың көрі­гі қыза түс­кеніне мүд­делі сияқты. Олар осы сияқты дау-дамай­лар біздің руха­ни мәде­ни­ет­ке сызат кел­тіріп, ұлт­тық дефор­ма­ци­яға апа­ра­ты­нын түсіне ме екен?

Ең өкіні­штісі – бола­шақ жас буын өкіл­дері осы мәсе­лені қалай қабыл­дай­ды? Бір­лік, адам­гер­шілік, бірін-бірі сый­лау құн­ды­лы­қта­ры­ның орны­на біз қан­дай мән-мағы­на беріп отыр­мыз? «Бас жарыл­са – бөрік ішін­де, қол сын­са – жең ішін­де» деген кеңді­гі­міз, дар­хан дала­ның дана­лы­ғы қайда?

Түп­теп кел­ген­де, осы дауға мәж­бүр­сіз кей­іп­кер болған қос жігіт­тің әрқайсысы
өз дең­гей­ін­де елге қыз­мет жасап жатқан тұлға­лар деп білем. Ары­стан­бек Мұха­ме­диұ­лы министр болып кел­ген­нен бері мини­стр­лік көп­те­ген инфрақұры­лым­дық, қазақ мәде­ни­етіне оң сипат беретін жұмыстарға көшті. Мәде­ни­ет­тің менедж­мен­тін нарық көшіне лай­ы­қты ету – біре­у­ге жағар, ал енді біреу бұған қар­сы болар. Бірақ өрке­ни­ет көшіне жаңа заман тала­бы­на сай іле­се білу­ге бей­ім­ділік­ке осын­дай кереғар­лы­қтар­ды жеңе білу арқы­лы ғана қол жет­кі­зе­міз. Оны әлем­дік өрке­ни­ет керу­ені­нен көру­ге бола­ды. Мүм­кін, билік­тің төңіре­гін­де­гі кей­біре­улер осын­дай жаңа­шыл­ды­ққа іштар­лық жасай ма?!

Ал Тұңғыш­бай аға сомдаған тари­хи тұлға­лар, ол жасаған кей­іп­кер­лер қаза­қтың ханда­ры бей­несін­де көз алды­мы­зға еле­стей­тінін қалай жасы­ра­мыз? Бұл да талант­ты тұлға­ның қазақ руха­ни­я­ты­на қосқан, ешқа­шан өшпес үлесі екені дау­сыз ғой. Олай бол­са, аса құр­мет­ті, жоға­ры адам­гер­шілік­тің, батыр­лы­қтың қаси­ет­терін сомдаған Тұңғыш­бай Жаманқұ­ло­вты кім­дер және қан­дай мақ­сат­та пай­да­ланғы­сы келіп жүр?

Әлде олар­дың мақ­са­ты – осы екі аза­мат­ты шекістіріп қой­ып, еке­уін де тұқыр­ту ма? Одан қазақ мәде­ни­еті не ұта­ды? Шама­сы, бұл сұрақтар қоғам­да, билік басын­да, ең басты­сы – әр қаза­қтың сана­сын­да тиісті, пай­ым­ды талқы­ға түсуі керек сияқты.

Қоғам­ды құн­ды­лы­қтар деваль­ва­ци­я­сы­нан солай ғана құтқа­ра аламыз.

Ойла­най­ық, осын­дай кикіл­жің­дер мең­де­ген ел қан­дай тұңғиы­ққа кетіп бара жатқа­ны­ын зер­де­ге салайық.

Тоқтау керек. Бұл тоқтам ең бірін­ші кезек­те екі аза­мат­ты «айдап салған» ағай­ын­дар ара­сын­да болуы керек. «Ере­гес­кен – ел бол­май­ды» деген ата­мыз қазақ.

Ерлан САЙЫРОВ,

сая­сат­та­ну­шы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн