Воскресенье , 6 июля 2025

ЕРЕУІЛДІҢ беті қайтты

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

Апта апты­ғы

 

 

Батыс Қаза­қстан облы­сын­дағы Чина­рев мұнай-газ кені­шін­де 11 мамыр­дан бері ере­уіл­деп жатқан «Каз­Строй­Сер­вис» ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­ла­ры­на келесі айдан бастап жалақы­ла­ры­на 15 пай­ыз көле­мін­де үсте­ме қосы­ла­ды деп хабар­ла­ды кеше ком­па­ни­я­ның Орал қала­лық фили­а­лы­ның дирек­то­ры Рах­ма­тул­ла Алдамұратов.

 

Оның айтуын­ша, үсте­ме мөл­шері жұмыс­шы­лар­дың білік­тілі­гі мен сана­ты­на қарай шама­мен 16–17 мың тең­ге (90 АҚШ дол­ла­ры көле­мін­де) шама­сын­да қосы­ла­ды. Ком­па­ния әуел­де жасалған еңбек келісім-шар­ты­ның қай­та қарал­май­ты­нын айтады.

Кеше жұмыс­шы­лар­дың көп­шілі­гі жұмысқа шыққан. Ере­уіл­ге шыққан жұмыс­шы­лар­дың баста­ма­шыл тобы­ның өкіл­дері оқиғаға бай­ла­ны­сты теле­фон арқы­лы түсінік беру­ден бас тарт­ты. Ескер­те кетей­ік, 11 мамыр­да «Каз­Строй­Сер­вис» ком­па­ни­я­сы­ның вах­та­лық әдіспен жұмыс істей­тін ондаған жұмыс­шы­сы жалақы­ны көбей­туді талап етіп, жұмысқа шығу­дан бас тар­тқан. Өткен жыл­дың қара­ша айын­да да «Каз­Строй­Сер­вис» жұмыс­шы­ла­ры жалақы­ла­рын көбей­туді талап етіп ере­уіл­ге шыққан. Екі күн­дік нара­зы­лы­қтан соң, ком­па­ния бас­шы­лы­ғы жұмыс­шы­лар­дың тала­бын жар­ты­лай орын­да­уға келіскен.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн