Суббота , 5 июля 2025

Ерке сөзінде ТҰРМАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (315) от 17 декаб­ря 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Жуыр­да талға­мы тарам-тарам оқыр­ман қауы­мға әнші Ерке Есма­хан газет тіл­шісіне сұх­бат береді деп, алдын ала «айқай­лап» қой­ған едік. Алай­да ол құлаққағы­сы­мыз, расын­да да, құр айқай болып шықты: Ерке тіл­ші­ге бер­ген уәдесі­нен аяқ асты айнып қал­ды. Енді оқыр­ман­нан кешірім сұра­уға тура келіп тұр. Себебі Еркенің әкім­гері «Отме­ни­ли!» деп, сұх­бат­та­су сер­ті­нен сырғып кетті.

 

 

Біз­ге осы жағ­дай­ды жария ету­ге не себеп бол­ды? Ерке­де есі­міз кетер­дей, ол кім еді? Өнер­де жүр­ген жыл­да­ры біздің газет­тің тарихы­на таты­май­тын эст­ра­да еркесін­де қан­дай құты­мыз қалды?

Біз бұл сұрақтарға оқыр­ман қауым алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­тің жете­гі­мен қарай­мыз. Бәл­кім, «ерке­лер» ері­гіп жүр­ген болар, ал біз газет­ті тау­ар ретін­де қабыл­дай­тын тұты­ну­шы­ға ондай есер­лік жасай алмай­мыз. Егер «ерке­лер» «кон­церт бола­ды» деп, айдай әлем­ге жар­на­ма­сын жай­ып қой­ып, артын­ша айнып шыға кел­се, оған көре­рмен қауым қалай қарар еді? Түтіп, жеп қояды! Кезін­де Қай­рат Нұр­тас Семей­де бір кон­цер­тін бер­мей кет­кені үшін қан­дай дау-дамай болға­ны жұрт­шы­лы­қтың есін­де болар.

Біздің жағ­дай­ы­мыз да осы­ған пара-пар: сұх­бат­та­су бола­ды, оны газет­тің алдағы сан­да­ры­ның бірін­де жария ете­міз деп, мың­даған оқыр­манға уәде еттік. Нәти­же­сін­де Еркенің «отме­ни­ли» дегені­мен оқыр­ман­ның ойбай­ы­на қалдық.

Бәл­кім, бұлай тай­қып сөй­леу Ерке Есма­ханға қатар­дағы қалып­ты жағ­дай шығар. Бірақ біз­ге олай емес, біз оқыр­ман алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­тің жауын­гері­міз. Газет бетін­де жал­пақ жұр­тқа сөз бер­сек, оны орын­да­уға тиіс­піз. Бұл біздің тұты­ну­шы оқыр­ман алдын­дағы кәсі­би пары­зы­мыз. Біздің өкпе – осы ғана. Әйт­пе­ген­де Ерке­мен ері­гіп жүрер уақы­ты­мыз да, оған құлқы­мыз да жоқ.

Ал сол сұх­бат­та біздің тіл­ші Ерке­ге қан­дай сұрақтар жол­даған еді – біре­рін оқып көріңіз:

 

  • «Қаза­қстан дауы­сын­дағы» сіз тәлім­гер­лік еткен «Іңкәр» тобы­ның жетісті­гі­нен кей­ін, бұл заман­ның басты өсек­шісі – интер­нет желілерін­де жазы­лған бірқа­тар пікір­лер­дің ортақ сары­ны­на қаты­сты сұрақ туды: «Ерке – Баян Есен­та­е­ва­ның тәлі­мі­нен шыққан әнші, ал Баян – «Жан­ды дауыс» жоба­сы­ның бас про­дю­сері. Сон­ды­қтан Баян­ның арқа­сын­да Еркенің тобы финалға шықты…» деген­ге сая­тын сыбыст­арға нен­дей уәж айтасыз?

 

  • «Аста­на» теле­ар­на­сын­дағы «Сыр­ла­су» бағ­дар­ла­ма­сы­на бер­ген сұх­бат­тан кей­ін сіздің жана­шыр­ла­ры­ңыз, өнеріңіз бен өміріңіз­ге тән­ті жұрт­тың сіз­ге деген ілти­па­ты басым болға­нын қалай қабыл­да­ды­ңыз? Тіп­ті сіздің тағ­ды­ры­ңы­зға ұқсас өмір­ді басы­нан кеш­кен келін­шек­тер ақыл-кеңес сұраға­нын әле­умет­тік желінің жал­пы сыңай­ы­нан байқадық…

 

  • Жал­пы, Ерке Есма­хан кім, ол әншілік өнер жолы­на қалай кел­ді? Оның бұл өнер­ге тала­сы қан­дай? Қан­дай арма­ны бар?

 

  • Баян Есен­та­е­ва­ның «Shine Production» орта­лы­ғы­нан түлеп ұшқан қыздар – Жанар Дұға­ло­ва, Айда­на Меде­но­ва және Мөл­дір Әуел­бе­ко­ва бүгін­де жеке-жеке өнер жол­да­ры­на түсті. Сіз де олар сияқты ел-жұр­тқа біраз таны­лған, эст­ра­да әле­мі­нен бөлек енші алуға хақы­ңыз бар әншісіз. Бірақ сіздің Баян әпкеңіз­ден «кете алмай» жүруіңіздің не сыры бар? Бұл ара­да про­дю­сер­мен ара­да жасалған келісім-шар­ттың тала­бын сақта­удан басқа сізді ұстап тұрған не жағдай?

 

  • Сіздің әкеңіз Ақтө­бе қала­сы­ның «Құр­мет­ті аза­ма­ты» және қазақ тілінің жана­шы­ры екенін осы сұх­батқа дай­ын­да­лу бары­сын­да біл­дік. Сіз­ге өз әкеңіз­бен әбден мақта­нуға бола­ды екен… Қазақ тілінің бүгін­гі күй­іп тұрған мәсе­лесі – ол соны­мен бір­ге сая­сат­тың мәсе­лесі. Сон­ды­қтан сіздің әкеңіз қоғам­дық жұмыстар­дың бір пұшпағын көтеріп жүр­ген қай­рат­кер деп түсі­не­міз. Ал сіздің қай­рат­кер­лі­гіңіз қан­дай? Қазақ халқы­ның бүгін­гі қым­бат­шы­лық пен дағ­да­рыс жағ­дай­ын­дағы жал­пы аху­а­лы­на қаты­сты нен­дей ойы­ңыз бар?

 

Сіз өз инста-парақшаңызға:«Қазір «жаным» деген сөз­де қадір жоқ сияқты… Сүй­геніне де, жәй таны­сы­на да, қал­жы­ң­дап та айты­ла­тын сөз бол­ды. Менің­ше, «жаным» деп жаны­ңа ең жақын адам­ды атай­ды. Ондай адам көп болуы мүм­кін емес! Мен бұл сөзді қол­да­нам, бірақ бәріне емес! Сіз кім­ге «жаным» деп жүр­сіз?» –деп жазған екен­сіз. Осы сұрақты өзіңіз­ге қояй­ын­шы: Сіз кім­ге «жаным» деп жүр­сіз, ол адам жаны­ңы­зда жүр ме?

Міне, осы тек­тес бей­күнә сау­ал­дар Ерке­ге неге жақ­пай қалға­нын біле алма­дық. Ал егер өз көре­рмен­дері сияқты біздің газет­тің оқыр­ман қауы­мы­нан редак­ция ұжы­мы үшін кешірім сұрап, газет­ке уәделі сұх­ба­тын берем десе, біз кек­шіл емеспіз…

Редак­тор

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн