Воскресенье , 6 июля 2025

Еркін партия құру ОҢАЙ МА?

Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 23-бабы бой­ын­ша, рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры­ның бір­ле­су бостан­ды­ғы­на құқы­ғы бар. Ал оның 5‑бабында ҚР-да идео­ло­ги­я­лық және сая­си әра­лу­ан­ды­лық таны­ла­ты­ны айты­ла­ды. Алай­да бұл жер­де­гі «әра­лу­ан­ды­қтың» да өзінің шегі бар. Өйт­кені сол Кон­сти­ту­ци­я­ның өзін­де әле­умет­тік, нәсіл­дік, ұлт­тық, діни, тек­тік-топ­тық және рулық араз­ды­қты қоз­ды­руға бағыт­талған қоғам­дық бір­ле­стік­тер құруға тый­ым салы­на­тын­ды­ғы тағы шегеленген.

 

«Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заң­ның 5‑бабында «Аза­мат­тар­дың кәсi­би, нәсiл­дiк, ұлт­тық, этни­ка­лық және дiни бел­гiлерi бой­ын­ша сая­си пар­ти­я­лар құруға, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тiк орган­дар мен жер­гiлiк­тi өзiн-өзi басқа­ру орган­да­рын­да сая­си пар­ти­я­лар­дың баста­уыш пар­тия ұйым­да­рын құруға жол берiл­мей­дi» дегені тағы бар.

Жарай­ды дей­ік те, кәсi­би, нәсiл­дiк, ұлт­тық, этни­ка­лық, дiни бел­гiлер­ге қаты­сы жоқ пар­тия құруға тыры­сып көрейік…

Сол «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы» заң­ның 6‑бабында: «Сая­си пар­тия саны бір мың адам­нан кем емес, сая­си пар­ти­я­ның құры­л­тай съезін (кон­фе­рен­ци­я­сын) шақы­ра­тын және облы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­ның және аста­на­ның үштен екісінің аты­нан өкіл­дік ететін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры тобы­ның баста­ма­сы бой­ын­ша құры­ла­ды. Аза­мат­тар сая­си пар­ти­я­ның құры­л­тай съезіне (кон­фе­рен­ци­я­сы­на) жеке өзі қаты­са­ды. Аза­мат­тар­дың сая­си пар­ти­я­ның құры­л­тай съезін­де (кон­фе­рен­ци­я­сын­да) сенім­хат бой­ын­ша өкіл­дік етуіне жол беріл­мей­ді. Сая­си пар­ти­я­ның құры­л­тай съезін (кон­фе­рен­ци­я­сын) дай­ын­дау және өткі­зу үшін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның баста­ма­шы тобы мүше­лерінің қата­ры­нан құра­мын­да кемін­де он адам бола­тын ұйым­да­сты­ру коми­теті құры­ла­ды» деп жазы­лып тұр.

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – егер бел­гілі бір аза­мат­тар сая­си пар­тия құрғы­сы кел­се, мынан­дай шара­лар­ды ұйым­да­сты­руы тиіс:

Бірін­ші, сая­си пар­тия құрғы­сы кел­ген аза­мат­та­ры­ның баста­ма­шы тобы мүше­лерінің қата­ры­нан құра­мын­да кемін­де 10 адам бола­тын ұйым­да­сты­ру коми­теті құры­ла­ды. Сол топ бола­шақ пар­ти­я­ның жарғы­сын, бағ­дар­ла­ма­сын дай­ын­дап, пар­ти­я­ның ата­уын, жұмысы­ның бағыт-бағ­да­рын айқын­дай­ды, қара­жа­тын таба­ды және басқа қажет­ті ұйым­да­сты­ру шара­ла­рын атқа­рып, пар­тия құруға ниетін біл­діретін жиын хат­та­ма­сын және құру тура­лы хабар­ла­ма тапсырады.

Екін­ші, тір­ке­уші орган, яғни әділет орган­да­ры ұйым­да­сты­ру тобы­ның бар­лық құжат­та­ры мен мәлі­мет­терін тек­серіп, бәрі дұрыс бол­са, ұйым­да­сты­ру коми­тетінің жұмыс істе­уіне рұқ­сат ететін рас­та­ма құжат береді.

Ұйым­да­сты­ру коми­теті тір­ке­уші орган рас­та­ма бер­ген­нен кей­ін ғана өз қыз­метіне кірі­су­ге құқы­лы, яғни рас­та­ма­ны алған сәт­тен бастап, ұйым­да­сты­ру коми­тетінің заң­ды қыз­меті бастал­ды деп есеп­те­леді. Ұйым­да­сты­ру коми­теті құзіретінің мерзі­мі 6 айдан аспай­ты­ны­на баса назар аударған жөн.

Үшін­ші, ұйым­да­сты­ру коми­теті рас­та­ма беріл­ген күн­нен бастап екі айдың ішін­де сая­си пар­ти­я­ның құры­л­тай съезін (кон­фе­рен­ци­я­сын) өткізу­ге тиіс. Ол съез­ге кемін­де 1 мың адам қаты­суы керек және оның құра­мын­да облы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­ның және аста­на­ның үштен екісінің өкіл­дері қаты­суы тиіс. Ол үшін әрбір облы­ста, Аста­на мен Алма­ты­да кемін­де 600 адам­нан тұра­тын пар­тия құру­шы топ­тар­дың жина­лы­сы өтіп, олар өз ара­ла­ры­нан пар­тия съезіне деле­гат­тар жібе­реді және ол жина­лы­стың хат­та­ма­сы түзілуі тиіс. Хат­та­ма­да аты-жөні көр­сетіл­ген аза­мат­тар съез­ге тіке­лей өздері қаты­суы тиіс, өкілін жібе­ру­ге бол­май­ды. Съез­де сая­си пар­ти­я­ны құру, оның ата­уы, жарғы­сы, бағ­дар­ла­ма­сы тура­лы шешім­дер қабыл­да­на­ды және оның бас­шы орган­да­ры құрылады.

Төр­тін­ші, съез шеші­мі­мен сая­си пар­тия құрыл­ды деп жари­я­ланған уақыт­тан бастап, сая­си пар­ти­я­ны мем­ле­кет­тiк тiр­кеу үшiн оның құра­мын­да пар­ти­я­ның бар­лық облы­стар­дағы, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала мен аста­на­дағы әрқай­сысын­да кемiн­де алты жүз пар­тия мүше­сi бар құры­лым­дық бөлiм­ше­лерiнiң (фили­ал­да­ры мен өкiл­дiк­терiнiң) аты­нан өкiл­дiк ететiн кем деген­де қырық мың пар­тия мүше­сi болуға тиiс.

Бесін­ші, жоға­ры­да көр­сетіл­ген ұйым­да­сты­ру шара­ла­ры­ның бәрін аяқтаған соң барып, сая­си пар­ти­я­ны әділет орган­да­ры­на ресми түр­де тір­ке­у­ге ұсы­ны­ла­ды. Ресми тір­ке­у­ге ұсы­ны­лған күн­нен бастап, 10 күн ішін­де сая­си пар­тия тір­ке­луі тиіс неме­се 1 айға дей­ін­гі мерзім­ге тір­ке­лу тоқта­ты­луы мүм­кін. Аталған 1 ай ішін­де әділет орган­да­ры тір­кеу неме­се тір­ке­уден бас тар­ту тура­лы соңғы шеші­мін қабыл­дай­ды. Әділет орган­да­ры тір­ке­уден бас тар­тқан жағ­дай­да, ұйым­да­сты­ру коми­теті 3 айдан кей­ін 1 рет қай­та­дан тір­ке­у­ге ұсы­на ала­ды. Ал 6 ай өткен соң, Ұйым­да­сты­ру коми­тетінің құзіреті жойылады.

Енді осын­дай талап­тар бар кез­де аза­мат­тар өз ерік­тері­мен сая­си пар­тия құра ала ма деген заң­ды сұрақ туын­дай­ды. Соны­мен бірге:

Бірін­ші­ден, неге құры­л­тай съезіне 1 мың адам қаты­суы керек? Бұл сан қай­дан шықты және қан­дай заң­ды­лы­ққа сүй­ен­ген? Егер әр облы­стан және Алма­ты мен Аста­на­дан қаты­са­тын адам­дар саны 10 адам­нан бол­са, бар­лы­ғы 160 адам болар еді де, 100 адам­нан бол­са, бар­лы­ғы 1600 болар еді.

Екін­ші­ден, неге сая­си пар­ти­я­ны тiр­кеу үшiн оның құра­мын­да пар­ти­я­ның бар­лық облы­стар­дағы, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала мен аста­на­дағы әрқай­сысын­да кемiн­де 600 пар­тия мүше­сi болуы керек? Егер 14 облыс пен 2 рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­дан 600 ден адам қатыс­са, бар­лы­ғы 9600 адам бол­май ма? Олай бол­са 40 мың деген сан қай­дан пай­да болды?

Үшін­ші­ден, пар­ти­я­ны тір­кеу үшін оның мүше­сінің саны 40 мың­нан кем бол­мауы керек? Неге жоға­ры­да көр­сетіл­ген­дей 9600 емес? Егер 14 облы­стан және 2 қала­дан 1 мың адам деп алсақ, бар­лы­ғы 16 мың болуы тиіс емес пе?

Соны­мен, тоқ­сан ауыз сөздің тобы­қтай түй­іні – бүгін­гі­дей әділет орган­да­ры­ның тір­ке­уден бас тар­туға аса көп мүм­кін­ді­гі болып тұрған және көпе-көр­неу, қасақа­на тір­ке­мей қой­ға­ны үшін қан­дай да бір жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту мүм­кін емес, сот әділ­ді­гіне жүгін­ген күн­нің өзін­де оның әділ шешім шыға­ра­ты­ны күмән­ді болып тұрған шақта ерік­ті аза­мат­тар­дың еркін сая­си пар­ти­я­сын құру мүм­кін бе?

Әлде тәу­е­кел етіп, 1 мың адам жинап съез өткізіп, 40 мың мүше жинап, тір­ке­у­ге тыры­сып көре­міз бе?

Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫ,

заң­гер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн