Воскресенье , 6 июля 2025

Еркін РАҚЫШЕВ: «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қазаққа ұлттық идеология БОЛА АЛМАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

ДАТ!

 

Қаза­қстан қоға­мын­да ұлт­тық мүд­де­ге жана­шыр пар­тия құру қажет­ті­гі жөнін­де сөз қозға­ла баста­ды. Ол пар­тия тек ұлт­шыл­дар ұйы­мы болып, сыңаржақ сая­сат­тың соңын­да кет­пес үшін не істеу керек? Қазақ мем­ле­кетін сая­си-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стан, тұңғиық тығы­ры­қтан шыға­ру­дың алғы шар­тта­ры қан­дай? Ұлт­тық идео­ло­гия қан­дай болуы керек?

Міне, жаңа пар­тия ұран етуі тиіс деп санай­тын осы және басқа да сұрақтар төңіре­гін­де бел­гілі кино­ре­жис­сер, бел­сен­ді ұлт жана­шы­ры Еркін Рақы­шев әңгімелейді.

 

–Соңғы кез­де ұлт­шыл­дар жаңа пар­тия құру керек деп жүр. Осы жай­лы пiкiрiңiз қан­дай? Ол пар­тия кiм­дер­дiң мүд­десiн қорғайды?

– Бiз­де әртүр­лi бағыт-бағ­дар­ды ұстанған пар­ти­я­лар бар. Бiрақ бұлар­дың ұста­ны­мы әртүр­лi көрiн­генi­мен, сай­ып кел­ген­де, олар билiк­тiң айтқа­ны­на көнiп, айда­уы­нан шық­пай­тын мүд­де­лес пар­ти­я­лар. Бiрен-саран оппо­зи­ци­я­лық бағыт ұстаған пар­ти­я­лар­дың өзiне халық «билiк­тiң жоба­сы» деп сен­бей­дi. Сон­ды­қтан ұлт жана­шыр­ла­ры мен ұлт­шыл аза­мат­тар бiрi­гiп, қара­пай­ым халы­қтың мүд­десiн қорғай­тын пар­тия ашуға ниет етiп жүр.

Бұл пар­тия – өз туған жерiн­де қай­ыр­шы­ның күнiн кеш­кен, тұр­мысы төмен жан­дар­дың, кең бай­тақ жерi­мiз­ден бас­па­на салуға жер ала алмай, үйсiз-күй­сiз жүр­ген бауыр­ла­ры­мы­здың пар­ти­я­сы бола­ды деп ойлай­мын. Солар­дың мұң-мұқта­жын жоқтай­тын, мүд­десiн қорғай­тын, ақиқат­ты ту етiп, әдiлет­тi қоғам орна­та­тын пар­тия қажет. Тiлi­мiздi тұғы­ры­на қон­ды­рып, рухы­мы­зды көтерiп, ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды қай­та жан­дан­ды­ра­тын, қазақ елiн жемқор­лық, сатқын­дық, азғын­дық сияқты дерт­тер­ден ары­л­та­тын күш керек.

 

– Бiрақ билiк пар­ти­я­ны тiр­ке­ме­уi мүм­кiн ғой. Ондай бол­са, пар­тия құру үшін әуре болу­дың қан­дай қажетi бар?

– Жуы­қта ел пре­зи­ден­ті сая­си рефор­ма жасай­мыз деп айт­ты ғой… Оның үстiне бiздiң билiк бiр­лiк тура­лы жиi айта­ды. Бiр­лiк болу үшiн өздерi «алға, алға» деп, далақтап шаба бер­мей, қара­пай­ым халы­ққа қарай бет бұруы керек. Халы­қ­пен сана­сып, елдiң iшi­нен шыққан ойлы, бiлiм­дi, ұлт­жан­ды аза­мат­тар­мен тiзе қосып қимыл­даған­да ғана бiр­лiк баян­ды, сон­да ғана дағ­да­ры­стың зардабы әлдеқай­да жеңiл бола­ды. Дәл қазiр билiк ұлт­шыл­дар­дың пар­ти­я­сын тiр­кеп, тығы­ры­қтан шығуға өздерiне сүй­енiш етуi керек.

Оның үстiне ұлт­шыл­дар «билiк пар­ти­я­ны тiр­ке­медi» деп қарап оты­ра алмай­ды. Пар­ти­я­ны тiр­ке­ме­се, халы­қтың игiлi­гi мен ұлт­тың бола­шағы үшiн, тiр­кел­мей-ақ жұмыс iстей­дi. Алға­шқы кез­де тiп­тi қоғам­дық ұйым болып та iстей бередi. Таяу ара­да тең­ге құн­сызда­нып, халы­қтың тұр­мыстық жағ­дайы күрт төмен­деп, жұмыс­сыздар көбей­iп, халы­қтың билiк­ке деген нара­зы­лы­ғы артып, оның арты өшпен­дiлiк­ке ұла­суы мүм­кiн. Ол кез­де ұлт­шыл­дар­дың жақ­та­ста­ры көбей­ген үстiне көбейе түседi. Бұн­дай жағ­дай­да ұлт­шыл­дар пар­ти­я­ны тiр­ке­удi билiк­тен сұра­май­ды, заң­ның орын­да­луын талап ете­дi. Сон­ды­қтан да үкi­мет билiк­тi сынаған­дар­ды жау сана­май, «келiсiп пiш­кен тон кел­те бол­май­ды» демек­шi, олар­дың да пiкiр­лерiне құлақ асып, бiрi­гiп жұмыс iсте­уi керек. Бiр нәр­се анық – ұлт­шыл­дар­дың пар­ти­я­сы ерте ме, кеш пе – бәрiбiр тiр­ке­ледi. Билiк оны неғұр­лым ерте­рек тiр­ке­се, соғұр­лым өзiне жақсы.

– Ал ол пар­ти­я­ның бағ­дар­ла­ма­сы қан­дай болуы керек деп ойлайсыз?

– Бұл пар­ти­я­ның басты мақ­са­ты – халы­қтың сана­сын оятып, өз иде­я­ла­ры мен бағыт-бағ­дар­ла­ма­ла­рын халы­қтың игiлi­гiне жара­ту болу керек. Қазiр оның тұжы­рым­да­ма­сы жазы­лып жатыр. Менiң­ше, ол ұлт­тық идео­ло­ги­я­мен бай­ла­ны­сты­ры­лып, соның негiзiн­де дай­ын­да­луы керек.

 

– Сон­да қалай, ол «Мәң­гiлiк ел» иде­я­сы­ның негiзiн­де жазы­луы керек пе?

– Жоқ! «Мәң­гiлiк ел» қаза­ққа ұлт­тық идео­ло­гия бола алмай­ды. Ол жай ком­му­низм құра­мыз деген сияқты жалаң ұран ғана. Кеңес зама­нын­да бiз бола­шақта ком­му­низмде өмiр сүретiн бола­мыз дей­тiн. Ком­му­низмдi жұмақ етiп көр­се­тетiн. Қазiр ком­му­низм түгiлi, өздерi де жоқ болып кеттi…

Сол сияқты ешқан­дай негiзi, сүй­енiш-тұғы­ры жоқ «Мәң­гiлiк ел» де ұлт­тық идео­ло­гия бола алмай­ды. Одан кей­iн билiк­тiң iсi мен сөзi – екi басқа. Бiздiң билiк iс жүзiн­де Еура­зи­я­лық одаққа мүше болып, ортақ ақша енгiзiп, қаза­қты тәу­ел­сiздi­гi­нен айы­руға әре­кет жасап жатыр. Ал айта­тын­да­ры «мәң­гiлiк ел» бола­мыз дей­дi. Сон­да мұның аста­рын­да не жатыр? Әдейi елдiң наза­рын басқа жаққа ауда­ру ма?

 

– Енде­ше, сiздiң ойы­ңыз­ша, ұлт­тық идео­ло­гия қан­дай болуы керек?

– Ұлт­тық идео­ло­гия – кез кел­ген мем­ле­кет­тiң қарқын­ды дамуы­ның басты құра­лы. Ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны бас­шы­лы­ққа алған мем­ле­кет даму­дың жаңа саты­сы­на көтерiлiп, өркен­деу жолы­на түседi. Халы­қтың негiз­гi сұра­ны­ста­ры­на жау­ап беретiн ұлт­тық идео­ло­гия мем­ле­кет өмiрiн­де таңға­жай­ып өзгерiстер жасай ала­ды. Бiздiң билiк «мәң­гiлiк елге» дей­iн де ұлт­тық идео­ло­гия жаса­уға бiр­не­ше рет тал­пын­ды. Бiрақ ешқан­дай нәти­же шық­па­ды. Менiң­ше, билiк ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның не екенiн түсiн­бей­дi неме­се оны iске асы­ра алмай­ты­нын бiл­ген соң, оны жаса­уға құлықсыз.

Мәсе­лен, үкi­мет­тiң ұлт­тық идео­ло­гия мынан­дай бола­ды деген бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на тал­дау жасап көрей­iк. Бiр кез­де билiк бiздiң ұлт­тық идео­ло­гия – алды­ңғы қатар­лы 50 елдiң қата­ры­на кiру деп баста­ма көтер­дi. Бiр қараған­да жақ­сы сияқты. Бiрақ билiк қулы­ққа басып, халы­ққа бiр нәр­сенi айт­па­ды. Ол бiздiң сол кез­де қай орын­да тұрға­ны­мыз едi. Сол уақыт­та бiз 56-орын­да едiк. Содан 6 оры­нға көтерi­лу де жетiстiк пе? Осын­дай да ұлт­тық идео­ло­гия бола ма? Әйте­уiр мұнай сату­дың арқа­сын­да әупiрiм­деп жүрiп, 50-ге iлiк­тiк қой. Ендi 30-ға кiре­мiз деп құл­шы­нып едiк, құдай ұрған­да, мұнай­дың баға­сы құл­ды­рап, билiк бей­ша­ра күй­ге түстi де қал­ды. Ендi мына түрi­мiз­бен баяғы 56-орны­мы­зда тұрақтап қалу арманға айна­лай­ын деп тұр.

Ал ендi ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның арқа­сын­да Оңтүстiк Корея елi қан­дай жетiстiк­ке жет­кенiн көрей­iк. 1960 жыл­да­ры Оңтүстік Корея өте кедей, Афри­ка­ның арт­та қалған елдерi­мен дең­гей­лес, екiн­шi жүздiк­ке кiретiн ел бола­тын. Өзiн­де ештеңе өндiр­мей, бар­лы­ғын, тiп­тi iшетiн суға дей­iн сырт­тан ала­тын. Жей­тiн тамақ бол­маған­ды­қтан, халық шөп, аға­штың қабы­ғын азық еткен. Сол кез­де Корей үкi­метi «Бiз бар күш-жiгерi­мiздi жиып, дамы­ған елдер­дiң қата­ры­на қосы­ла­мыз, Жапо­ни­яға жетiп, басып оза­мыз» деп, алда­ры­на ұлы мақ­сат қой­ып, халы­қты соған жұмыл­ды­ра бiл­дi. Кезiн­де бiр уыс күрiш үшiн таң­нан кеш­ке дей­iн еңбек ететiн Корей елi осы ұлт­тық идео­ло­гия мен еңбексүй­гi­штiк қаси­ет­терiнiң арқа­сын­да 20–30 жыл­да әлем­нiң ең дамы­ған елдерiнiң қата­ры­на қосыл­ды. Бүгiн­гi таң­да Корея күн­делiк­тi қол­да­ны­ла­тын тау­ар­дың 95 пай­ы­зын өзiн­де өндiредi. Мiне, ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның құдiретi!

 

– Үкi­мет­тiң тағы бiр баста­ма­сы – бәсе­ке­ге қабiлет­тiлiк пен сыр­тқа тау­ар шыға­ру – бiздiң ұлт­тық идео­ло­гия деп едi…

– Бiрақ бұл баста­ма да еш тұғы­рға сүй­ен­бей, негiз­сiз жасалған соң, оның орын­да­лу тетiк­терi аны­қтал­маған­нан кей­iн, бұл да бiр кезек­тi науқан­шы­лық болып қал­ды. Үкi­мет осы иде­я­ны күн тәр­тiбi­нен түсiр­мей, бар күш-жiгерiн оны жетiл­дiру­ге жұм­саған­да, бұл бағ­дар­ла­ма ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның негiз­гi тар­мақта­ры­ның бiрi болуы мүм­кiн едi.

Бiрақ осы жылы жағым­паз­дар «Аста­на – бiздiң ұлт­тық идео­ло­ги­я­мыз» деп жар сал­ды. Айна­лай­ын-ау, Аста­на қалай ұлт­тық идео­ло­гия бола­ды? Ол әшей­iн қала ғой, қала ғана! Мей­лi, аста­на­мыз-ақ бол­сын. Ұлт­тық идео­ло­гия мен аста­на­ның ара­сы жер мен көк­тей емес пе?! Жағым­паз­дар Аста­на­ны ұлт­тық идео­ло­гия деуден бұрын, алды­мен ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның не екенiн бiлiп алуы керек едi. Бұл тек­тес ондаған, жүз­де­ген иде­я­лар, «мәң­гiлiк ел» мен «нұр­лы жол­дар» мем­ле­кет­тiң күн­делiк­тi өмiр сүруiн­де­гi қажет­тiлiк­тен туын­даған ағым­дағы бағ­дар­ла­ма­лар ғана. Бұлар ешқа­шан да ұлт­тық идео­ло­ги­яға жат­пай­ды. Себебi бұл бағ­дар­ла­ма­лар­дың ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның шар­тта­ры­на үш қай­на­са сор­па­сы қосылмайды.

 

– Ол қан­дай шар­ттар? Толы­ғы­рақ ашып айтсаңыз.

– Ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның шар­тта­ры мынан­дай болу керек деген нақты тұжы­рым­да­ма жоқ. Себебi ол әр елдiң ұлт­тық ерекшелiк­терi мен мем­ле­кет­тiң жағ­дай­ы­на қарай жаса­ла­ды. Ол уақыт ағы­мы­на, заман тала­бы­на сай өзгерiп, толы­ғып оты­ра­ды. Сон­ды­қтан дамы­ған елдер­дiң ұлт­тық идео­ло­ги­я­ла­рын сарап­тай келе, оның шар­тта­ры мынан­дай болу керек деген қоры­тын­ды жаса­уға болады.

Бірін­ші­ден, мем­ле­кет алды­на ұлы мақ­сат қояды. Екін­ші – халық билiк­ке сенуі керек. Одан кей­iн ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның мақ­са­тын түсiнiп, оның негiз­гi орын­да­лу тетiк­терiн ұғы­нуы керек.

Үшін­ші­ден, халық ұлы мақ­сатқа жету өзiне тiке­лей қаты­сты екенiн сезiнiп, құл­шы­ны­спен жiгер­ленiп, бiр тудың асты­на бiрi­гiп, бел­сен­дi өмiр сүруі керек.

Ұлт­тық идео­ло­гия iске асу үшiн, оның жоға­ры­да аталған үш шар­ты­ның орын­да­луы – мiн­дет­тi. Егер үш шар­ттың бiрi орын­дал­ма­са, онда ол iске аспай­ды. Бiздiң билiк алды­на мақ­сат­тар қой­ып, қан­ша тал­пы­нға­ны­мен, халық оған сен­бей­дi. Пре­зи­дент, пар­ла­мент сай­ла­у­ла­рын­да алған 90 пай­ы­здық нәти­же­лер халы­қтың билiк­ке деген шынайы сенi­мiнiң көр­сет­кi­шi бола ала ма? Жоқ, әрине! Билiк бүгiн­ге дей­iн бiр­де-бiр рет әдiл сай­лау өткiз­бе­ген соң, халық билiк­ке неге сен­бей­дi деп таң­да­ну­дың қажетi жоқ. Билiк халы­қтың сенi­мiне ие бола­мыз десе, алды­мен әдiлет­тi қоғам орна­та­мыз деп, жұмысты сая­си рефор­ма жаса­удан баста­уы керек.

Ал ендi Жапо­ни­я­ның ұлт­тық идео­ло­ги­я­сын қарай­ық. Екiн­шi дүни­е­жүзiлiк соғы­ста ойсы­рай жеңiлiп, Хиро­си­ма мен Нага­са­ки қала­ла­ры­на тасталған атом бом­ба­ла­ры­нан кей­ін жапон үкi­метi: «Бiз соғы­ста жеңiл­дiк, бiрақ бей­бiт өмiр­де жеңуi­мiз керек» деген ұран­ның асты­на бүкiл халы­қты бiрiк­тiр­дi. Соның нәти­же­сiн­де жаңа тау­ар түрiн ойлап табу жапон­ды­қтар­дың ұлт­тық идео­ло­ги­я­сы­на айнал­ды. Билiк­ке, бола­шағы­на сен­ген халық ұлы мақ­сатқа жету үшiн күнiне 16–18 сағатқа дей­iн еңбек еткен. Нәти­же­сiн­де бүгiн­гi таң­да ешқан­дай табиғи ресур­сы жоқ Жапо­ния әлем­де­гi ең бай елдер­дiң бiрiне айнал­ды. Ал бiздiң билiк­тiң ұлт­тық идео­ло­гия деп жүр­ген «мәң­гiлiк елi» Жапон, Оңтүстік Корея елдерiнiкi­мен салы­сты­рған­да ерте­гi – бала­ның ойыны.

Бұл жер­де үлкен жаңа­лық ашу­дың қажетi жоқ. Бiз әрқа­шан да ұлт­тың тағ­ды­ры­на қаты­сты мәсе­ле­лер­ге кел­ген­де, Алаш қай­рат­кер­лерiнiң ұста­ны­мы­на жүгiн­сек – қате­ле­с­пей­мiз. «Алаш» пар­ти­я­сы­ның негiз­гi ұста­ны­мы­ның бiрi – әлем­нiң озық елдерiнiң тәжiри­бесiне сүй­ене оты­рып, ғылым­ды дамы­тып, ұлт­тық салт-дәстүр­ге негiз­дел­ген ұлт­тық-демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет құру бола­тын. Осы сияқты жол­мен жүр­ген Оңтүстiк Корея, Син­га­пур, Малай­зия сияқты мем­ле­кет­тер «Азия бары­ста­ры­на» айнал­ды. Естерiңiз­де бол­са, бiз де бiр кез­де «барыс» бола­мыз деп тал­пы­нған едiк. Бiрақ бiздiң бары­сы­мыз «Қызыл кiта­пқа» кiрiп, жоға­лып кет­тi ме, әлде үйде­гi кәдiм­гi ала мысық болып жүр ме, түсiн­бей қал­дық қой.

Менiң­ше, бүгiн­гi қаза­қтың ұлт­тық идео­ло­ги­я­сы – жаңа ұлт қалып­та­сты­рып, өрке­ни­ет­тi, дамы­ған ел болу. Мiне, осы бiздiң ұлт­тық идео­ло­гия болу керек.

 

– Жөн-ақ делік, ал «жаңа ұлт қалып­та­сты­ру» деген не?

– Ита­льян ойшы­лы Никол­ла Макиа­вел­ли: «Ұзақ уақыт құл­ды­қта болған халық елiне деген сүй­iспен­шiлiк­тен, отан­сүй­гi­штiк­тен айы­ры­лып, жал­тақ, көн­гiш, жағым­паз бола­ды. Мұн­дай ел кез­дей­соқ жағ­дай­да тәу­ел­сiздiк­ке қол жет­кiз­се, ол еркiн­дiк­тi де пай­да­ла­на алмай­ды» деген екен. Тура қаза­ққа арнап айтқан­дай. Бүгiн­гi қазақ қоға­мы жалқау, намыс­сыз, иман­сыз, құн­ды­лы­қтар­дың орнын алма­сты­рып алған. Ұлты­мыз осы қалып­та жүре бер­се, руха­ни азғын­далған тобы­рға айна­лып, жой­ы­лып кетедi.

Бiз баба­ла­ры­мыз батыр болған деп мақта­на­мыз. Бiрақ бүгiн­гi ұрпақ қорқақ, намыс­сыз, жiгер­сiз, жағым­паз, жал­тақ болып өсу­де. Батыр баба­ла­ры­мыз жан аямай күресiп, жан­да­рын қиып жет­кен тәу­ел­сiздi­гi­мiз­ге қауiп төнiп тұр­са да, қоян жүрек қорқақты­ғы­мыз бен сатқын­ды­ғы­мы­здан, екi­жүздiлi­гi­мiз­ден ештеңе бiл­ме­ген­сiп, бұғып отыр­мыз. Осын­ша­ма қадiр-қаси­етi­мiздi жоғал­та­тын тексiз халық емес едiк қой!

 

– Ал енді бұл қасірет­тен құты­лу үшін не iстеу керек?

– Зерт­те­ушi ғалым­дар Оңтүстiк Коре­я­ны сана­у­лы жыл­да «Азия бары­ста­ры­ның» бiрiне айнал­ды­рған ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның құпи­я­сы – салт-дәстүр мен ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды наси­хат­тай оты­рып жүр­гiзiл­ген­дi­гiн­де екенiн айта­ды. Кәрiстер руха­ни бай­лы­ққа, үлкен­дi құр­мет­те­у­ге, әсiре­се мей­iрiм­дiлiк­ке көп көңiл бөл­ген. Ада­ми қаси­ет­тер­дi аяққа тап­таған­дар­ды жаза­лаған. Тiп­тi жұбай­ы­ның көзiне шөп салған­дар­ды сот­тай­ты­нын айт­сақ та жет­кiлiк­тi. Ал жапон­дар бала­ла­ры­на сәби күнi­нен жапон деген ұлы халы­қтың аза­ма­ты бола­ты­нын ұғын­ды­рып, өз ұлтын қалай сүюдi сана­сы­на сiңiрiп өсiредi. Сол үшiн де бiз алды­мен мәң­гүрт­тiк­ке, азғын­ды­ққа апа­ра­тын жолға тосқа­уыл қоюы­мыз керек.

Ал билiк бол­са, өздерi сияқты екi­жүздi, өтiрiк­шi, жағым­паз, жал­тақ, жалған пат­ри­от жастар­ды тәр­би­е­леп өсiру­де. Алаш көсе­мi Әли­хан Бөкей­ха­нов «Ұлтқа қыз­мет ету бiлiм­нен емес – мiнез­ден» деген екен. Халқы­мыз көк бөрiнiң ұрпағы екенiн ұмы­тып, қасқыр мiнез­ден қой мiнездi болған заман­да бiз­ге сол мiнез жетiспейдi.

Қазiр Ресей­дiң тара­пы­нан тәу­ел­сiздi­гi­мiз­ге қауiп төнiп тұрған кез­де оны қорғап кала алмай, ертең еркін­дік­тен айы­ры­лып қала­тын бол­сақ, онда жаңа ұлт қалып­та­сты­ру жай­ы­на қала­ды. Сол үшiн бар күш-жiгерi­мiздi тәу­ел­сiздiк­тi қорғап қалу үшiн жұмыл­ды­руы­мыз керек. Сон­ды­қтан бұл про­бле­ма­лар бiр жүй­е­ге бағы­нып, бiр-бiрi­мен тығыз қарым-қаты­на­ста болған­да ғана нәти­же бередi. Ұлт­тың өзек­тi мәсе­ле­лерiн бiз­ге ешкiм де шешiп бер­мей­дi. Оны қаза­қтың намысын оятып, рухын көте­ру арқы­лы тек ғана өзi­мiз шешемiз.

 

– Халы­қтың әл-ауқа­тын көтерiп, өрке­ни­ет­тi елдер­дiң қата­ры­на қосы­лу­дың жол­да­рын сіз қалай ойлайсыз?

– Бiз бiр нәр­сенi түсi­нуi­мiз керек: бола­шақ – озық тех­но­ло­ги­я­лар­дың зама­ны. Кiм­нiң тех­но­ло­ги­я­сы жоға­ры – сол алды­ңғы қатар­лы елдер қата­ры­на кiредi. Билiк­тiң инно­ва­ция, отан­дық тау­ар өндi­ру, тағы басқа бағ­дар­ла­ма­ла­ры дұрыс болға­ны­мен, бiрақ ол бізді қиын­ды­қтан құтқа­ра алмай­ды. Бұл жер­де ең басты про­бле­ма – Ресей­ден келетiн тау­ар­ларға тосқа­уыл қой­май, бiз­де отан­дық тау­ар өндi­ру ешқа­шан да дамы­м­ай­ды. Одан кей­iн шетел­ден сатып ала­тын, бiрақ өзi­мiз­де өндiру­ге бола­тын мың­даған тау­ар­лар­дың тiзi­мiн жасап, солар­ды шұғыл түр­де өзi­мiз­де шыға­ру керек. Отан­дық тау­ар­лар­ды шетел­ге сата­тын­дарға ерекше қамқор­лық жасап, қол­дау қажет. Бiз өз тау­ар­ла­ры­мы­зды шетел­ге сату­ды басты бағыт қылып алуы­мыз керек.

Бұл жер­де өзi­мiз ештеңе өндi­ре алмай жүрiп, шетел­ге немiздi сата­мыз деген сұрақ тууы мүм­кiн. Кезiн­де кеңес үкi­метiн­де тау­ар­дың сапа­сын арт­ты­рып, өнер­та­пқы­штар­дың иде­я­ла­рын қол­дау жай­лы жақ­сы бағ­дар­ла­ма болған. Бiрақ ком­му­ни­стiк жүй­е­де нары­қтық заң­ды­лық бол­маған соң, ойлап табы­лған жаңа­лы­қтар­дың көбiсi өндiрiс­ке жет­пей қал­ды. Кей­iн олар­ды шетел­дер сатып алып, өз игiлiк­терiне жарат­ты. Жапон­дар тiп­тi «Юный тех­ник», «Тех­ни­ка моло­де­жи», т.б. жур­нал­да­ры­нан көп­те­ген тың ойлар, жаңа­лы­қтар алып, оны өндiрiс­ке жiбер­генi мәлiм.

Сон­ды­қтан бiз қар­жы­ны түк­ке пай­да­сы жоқ сая­си iс-шара­ларға шашқан­ша, өнер­та­пқы­штар мен жаңа­лы­ққа жаны құмар адам­дар­ды тауып, солар­ды қол­да­уы­мыз керек. Әр меке­ме мен бiлiм орда­ла­рын­да жаста­ры­мыз интер­нет арқы­лы бiр елден тау­ар алып, оны өңдеп, жетiл­дiрiп, өздерiне, басқа елдер­ге сату­ды үйре­ну керек. Осы үрдiстi жап­пай халы­қтық қозға­лы­сқа айнал­ды­ру қажет.

Әрине, бұл оңай iс емес. Бiз бiрiн­шi сыны­пқа бара жатқан бала сияқты­мыз. Әлi ештеңе де бiл­мей­мiз. Бiрақ ол бала он жыл­да бiлiм алып, өмiр­ге аяқ баса­ты­ны секiл­дi, бiз де бұны кезек­тi науқан­шы­лық қыл­май, дұрыс жолға қой­сақ, бес-он жыл­да өз тау­ар­ла­ры­мы­зды шетел­дер­ге сатар­мыз. Ең басты­сы – халқы­мыз iзденiм­паз, еңбекқор, жаңа­лы­ққа жаны құмар болып өседi.

Қазір бiз дамы­ған әлем­дiк елдер­ден озық тех­но­ло­ги­я­лар бой­ын­ша 40–50 жылға дей­iн кей­iн қалып қой­дық. Сол үшiн де бiз­ге басты бағыт­тың бiрi етiп жапон­дар мен кәрiстер секiл­дi бүгiн­гi әлем­де­гi озық тех­но­ло­ги­я­лар­дың дай­ын патент­терi мен лицен­зи­я­ла­рын сатып алған жөн. Бұл кез­де бiз ақша­ны да үнем­деп, уақыт­ты да ұта­мыз. Одан кей­iн кәсiп­кер­лер табысы­ның 10 пай­ы­зын озық тех­но­ло­ги­яға негiз­дел­ген жаңа кәсi­по­рын­дар ашуға салу керек. Ал үкi­мет өз тара­пы­нан сатып алы­нған лицен­зи­я­лар­ды ұлт­тың мүд­десi үшiн жұмыс iстеп жатқан тәжiри­белi, ұлт­жан­ды кәсiп­кер­лер­ге беруi тиiс. Осы­лай iсте­сек қана уақыт өте елi­мiз әлем­дiк көш­ке iлесiп, бола­шақ ұрпағы­мыз дамы­ған, өрке­ни­ет­тi елде өмiр сүретiн болады.

Сұх­бат­тасқан –

Әйгерiм ТIЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн