Среда , 27 августа 2025

Ермек «ЭКШН» түсірді

 

Жақ­сы­ны көрмекке!

 

Әйгілі кино­ре­жис­сер, жазу­шы, аза­мат­тық ұста­ны­мы берік Ермек Тұр­сы­нов «Кен­же» филь­мінің түсірілі­мін аяқта­ды. Режис­сер­дің сөзіне сен­сек, бұл бұры­нғы «Келін» және «Шал» фильм­дерінің соңы көрінеді.

Бұл тура­сын­да арнайы тоқта­лып өткен Тұр­сы­но­втың сөзіне бір сәт ден қой­сақ: «Кен­же» атты фильм­ді аяқта­дым. Бұл три­ло­ги­я­ның соңғы бөлі­мі. Яғни, алды­ңғы «Келін» және «Шал» фильм­дерінің соңы. Соны­мен қатар фильм­де мен ең соңғы нәти­же­лерін көр­се­ту­ге тыры­стым. Онда біздің қай­дан шығып, қай­да барға­ны­мыз көр­сетіледі… Әрине, онда атыс, төбе­лес, өлім сияқты бей­не­лер бар. Бірақ ойла­на­тын нәр­се көп. «Экшн» болған­нан кей­ін, ол мін­дет­ті түр­де болуы тиіс. Өз кезе­гін­де «Крест­ный отец» филь­мі – «экшн». Бірақ маған Форд Коп­по­лаға дей­ін әлі алыс, алай­да барын­ша тыры­стым», – деген болатын.

Соны­мен бір­ге Ермек Тұр­сы­нов бас­пасөз бет­терінің біріне бер­ген сұхбатында:«Бұл үш қадам – «Келін», «Шал», «Кен­же», ана, әке, ұл, тау­лар, дала, қала – бұл менің ұлтым­ның эво­лю­ци­я­сы тәрізді, сонау түрік кезеңі­нен бастап алы­нған тари­хи үзін­ді. Ал мұн­да мен аздап бол­са да бола­шаққа үңіл­гім кел­ді. «Кен­же» — бұл біздің бола­шағы­мы­здың көрінісі. Бұл бола­шақта біз­бен не бола­ты­ны тура­лы менің толға­ны­сым. Сюжеті біраз қара­пай­ым – бұл ауыл­да қалып, кей­ін қалаға күн­дерін көру үшін кел­ген аға­лы-інілінің оқиға­сы», – деп фильм­нің арқа­уы жай­лы аздап айтып кет­кен еді.

Айта кетер­лі­гі – Ермек Тұр­сы­нов «Мұста­фа Шоқай», «Құрақ көр­пе», «Гүл­зар», «Апам­ның жұмағы», «Кешiк­кен махаб­бат», «Моңғол», «Бақ­сы», «Келiн» және тағы басқа көр­кем фильм­дер­ге сце­на­рий жаз­ды. «Келiн» (2008), «Шал» (Эрнест Хемин­гу­эй­дiң «Шал мен теңiз» повесiнiң желiсi­мен, 2012) фильм­дерiн түсiр­дi. Бiр­не­ше халы­қа­ра­лық бай­қа­удың лау­ре­а­ты. 2009 жылы Сұл­тан Бей­ба­рыс тура­лы жазған «Мам­люк» рома­нын жариялаған.

Мұн­дай­да, Ермек­тің өзі айтқан әлгі бір Коп­по­лаға дей­ін «әлі алы­стың» жай­ын көп қазақ білер-біл­мес! Бірақ «Ермек тағы не бүл­дір­ді екен» деп елең­дей­тін елге онан гөрі «Келін» мен «Шал­дан» кей­ін­гі «Кен­женің» жыры қызық бола­ты­нға ұқсаңқырайды…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн