Суббота , 5 июля 2025

Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ ТИТУЛДЫ ҰЛТТЫҢ ТАҒДЫРЫ: қазақстандық қоғам оны қалай түсініп жүр?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


Сәуір­дің 25‑і күні газеті­міздің бел­сен­ді авто­ры Ермек Мұқанға­ли­ев 80 жасқа тол­ды. Ермек аға тәу­ел­сіздік­тің тіре­гі сана­ла­тын – сая­сат, ұлт­тық идео­ло­гия, руха­ни­ят сала­ла­ры төңіре­гін­де тал­май жазып жүр­ген қоғам­шыл ақсақал. Осы тақы­рып­тар төңіре­гін­де бір­не­ше кітап жазған адам.

Біз төмен­де қоғам­ның руха­ни жаңғы­руы тура­сын­да жазы­лған, жуық маң­да жарық көретін кезек­ті кіта­бы­нан үзін­ді жари­я­лай оты­рып, газет­тің қалың оқыр­ман­да­ры аты­нан нағыз халы­қ­шыл зия­лы аға­мы­зға зор ден­са­улық тілейміз!

Редак­ция

 

 

Ұлт­тық мем­ле­кет­ті қалып­та­сты­ра­тын қоғам­дағы басты субъ­ект – ол титул­ды ұлт. Ал титул­ды ұлт деп – сол аймақта ұлт болып тари­хи қалып­тасқан және қоғам ішін­де­гі этно­стар­дан сан жағы­нан басым көп­шілік­ті құрай­тын ұлт­ты айта­мыз. Дүние жүзін­де екі жүз­дей мем­ле­кет бол­са, соның басым көп­шілі­гі ұлт­тық сипаттағы мем­ле­кет­тер болып табы­ла­ды және ол мем­ле­кет титул­ды ұлт­тың аты­мен ата­ла­ды. Сол сияк­ты Қаза­қстан­да мем­ле­кет құру­шы титул­ды ұлт – қазақтар.

Әлем­де бір ғана ұлт­тан тұра­тын бір­де-бір мем­ле­кет жоқ, себебі дүние жүзін­де екі мың­нан аса ұлт бол­са, мем­ле­кет­тер саны екі жүз ғана. Яғни, орта есеп­пен бір мем­ле­кет­ке он ұлт­тан келеді деген сөз. Сон­ды­қтан ұлта­ра­лық қаты­нас әрбір мем­ле­кет үшін өте маңы­зды проблема.

Олай бол­са, Қаза­қстан­дағы ұлта­ра­лық қаты­на­сты рет­теу үшін, ең әуелі мем­ле­кет құру­шы титул­ды ұлт пен ұлт диас­по­ра­ла­ры­ның қоғам ішін­де­гі ста­ту­сын бел­гілеп, оны заң­да­сты­ру керек.

Адам­зат қауым­да­сты­ғын­да титул­ды ұлт­тың – ұлт­тық бол­мысы, ұлт­тық мүд­десі және ұлт­тық тәу­ел­сізді­гі сол ұлт­тың басты құн­ды­лы­ғы болып сана­ла­ды, соны­мен қатар ол өз ота­нын­да дамып, қорға­луы керек.

Ал диас­по­ра­лар­дың басқа жер­де тари­хи ота­ны бар, яғни олар­дың ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры сон­да сақта­ла­ды. Титул­ды ұлт сол қоғам­ның қауіп­сізді­гі мен дұрыс дамуы­ның кепілі. Сон­ды­қтан ол сол қоғам­ды құру­шы басқа субъ­ек­тілер­дің басын бірік­тіріп, солар­дың заң­ды мүд­де­лерін қорғап, оларға қамқор болуы тиіс.

Біз қоғам­ды құру­шы субъ­ек­тілер­ге титул­ды ұлт­тан басқа діни қауым­да­сты­қты, әле­умет­тік топ­ты және жеке адам­дар­ды жатқы­за­мыз. Ал қоғам ішін­де­гі диас­по­ра­лар­ды әле­умет­тік топқа жатқы­зуға болады.

Қоғам ішін­де­гі титул­ды ұлт­тың ұлт­тық бол­мысын дамы­ту­да бірін­ші кезек­те оның ұлт­тық сана­сы­на, ұлт­тық рухы­на және ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­на көңіл бөлу­міз керек. Ұлт­тық санаға – идео­ло­гия, пси­хо­ло­гия, мен­та­ли­тет, пат­ри­о­тизм және тәр­би­ені жатқы­зуға болады.

Бұл түсінік­тер­дің ұғы­мы өза­ра бір-біріне жақын болған­мен, оның әрқай­сы­ның қоғам ішін­де атқа­ра­тын роль­дері әртүр­лі. Мыса­лы, идео­ло­гия сол қоғам­да өмір сүретін бар­лық субъ­ек­тілер­дің мүд­десін бір ортаға, яғни мем­ле­кет­тік мүд­де­ге тоғы­сты­рып, алға қой­ған мақ­сатқа қол жет­кі­зу үшін бар­лық қоғам­дық сана­ны жұмылдырады.

Ал ұлт­тық құн­ды­лы­ққа – мәде­ни­ет­ті, әде­би­ет­ті, өнер­ді, музы­ка­ны, спорт­ты; Ұлт­тық рухқа – шабыт­ты, жігер­ді, сезім­ді, талап­ты, қабілет­ті; Ұлт­тық мүд­де­ге – тіл­ді, дін­ді, салт-дәстүр­ді; Ұлт­тық тәу­ел­сіздік­ке – сая­сат­ты, эко­но­ми­ка­ны, мәде­ни­ет­ті жатқы­зуға бола­ды. Бұл айты­лған­дар әрбір мем­ле­кет­те титул­ды ұлт­тың дамуын­да басты роль атқа­ра­ды және ұлт­тың даму дең­гей­іне баға бер­ген­де, оның негіз­гі кри­те­риі болып саналады.

 

Адам­зат қауым­да­сты­ғы ұлт болып қалып­та­суы үшін, ол тари­хи даму бары­сын­да рулық, тай­па­лық, ұлы­стық сияқты бір­не­ше саты­лар­дан өте­ді. Сол сияқты қазақ халқы да өзінің даму бары­сын­да осы үрдістің бәрін басы­нан өткізіп, ұлт болып қалып­та­сып, қазір өзінің тари­хи ота­нын­да тәу­ел­сіз мем­ле­кетін құрып отыр. Бірақ қазақ халқы соңғы бір­не­ше ғасыр­лар бойы Ресей­дің ота­ры болып, басын­да сая­си бостан­ды­ғы бол­ма­ды. Қаза­қтар қоғам эво­лю­ци­я­сын­да инду­стри­ал­ды даму саты­сы­нан өтпей, қала­лық жер­лер­де өмір сүр­ме­ген­нен кей­ін, қала мәде­ни­етінің кен­де­леп дамуы сал­да­ры­нан қазақ қоға­мы­ның біраз бөлі­гін­де рулық-пат­ри­ар­хал­дық сана­ның қал­ды­қта­ры қалып қой­ға­ны рас. Сол себеп­ті Қаза­қстан­да қаза­қтар мем­ле­кет құру­шы титул­ды ұлт болған­мен, сая­си тәу­ел­сізді­гі­мізді алға­ны­мы­зға ширек ғасыр­дан асса да, осы кез­ге дей­ін руха­ни мәде­ни­еті­міздің негізі болып сана­ла­тын – ұлт­тық тілі­мізді, діні­мізді, салт-дәстүрі­мізді тиісті дәре­же­де дамы­та алмай отыр­мыз. Осы осал­ды­ғы­мы­зды пай­да­ла­нып, бұры­нғы отар­шыл­дық зама­нын­да біз­ге аға халық болып үйреніп қалған орыс ұлты­ның кей­бір өкіл­дері қазақ тілін үйреніп, оның мәде­ни­етін, салт-дәстүрін сый­лап, қазақ ұлтын өздері­мен тең санап, олар­мен қатар өмір сүр­гілері кел­мей­ді. Соның сал­да­ры­нан осы кез­ге дей­ін ұлта­ра­лық қаты­на­ста мем­ле­кет­тік тіл про­бле­ма­сы шеші­мін тап­пай, кей­бір басқа да мәсе­ле­лер жөнін­де түсін­бе­ушілік­тер орын алып, қоға­мы­м­ы­зда қара­ма-қай­шы­лы­қтар пай­да болуда.

Егер де қазақ қоға­мын­да осы кез­ге дей­ін ұлта­ра­лық қаты­на­ста тұрақты­лық, татулық, бей­біт­шілік сақта­лып келеді десек, ол тек қазақ халқы­ның ұлт­тық мүд­десін ескер­мей, сол бұры­нғы Совет Одағы кезін­де­гі­дей оры­стан­ды­ру сая­са­ты­ның қоға­мы­м­ы­зда жалға­сын табуы­ның салдары.

Мыса­лы, Совет Одағы кезін­де жап­пай орыс­ша ата­у­ларға өзгер­тіл­ген жер-су атта­рын неме­се қала-көше ата­у­ла­рын бұры­нғы тари­хи ата­у­ларға қай­та көші­ру тура­лы сөз бола қал­са, орыс диас­по­ра­ла­ры қар­сы­лық көр­сетіп, өре түре­ге­леді. Алдағы уақыт­та елі­міз­де мұн­дай жағ­дай бол­мас үшін, біз қоғам­ның даму заңын терең зерт­теп, онда пай­да бола­тын қай­шы­лы­қтар­дың себеп-сал­да­рын аны­қтап, оны дер кезін­де бей­біт жол­мен шешіп оты­руы­мыз керек.

Ол үшін бірін­ші кезек­те қоғам дамуын­да шешу­ші рол атқа­ра­тын басты субъ­ек­тілер­дің құқы­қтық талап-тілек­терін заң­да­сты­руы­мыз қажет.

 

Біз Қаза­қстан­ды «көп ұлт­ты мем­ле­кет» санай­мыз және онда өмір сүретін бар­лық ұлт­ты «тең құқы­лы» деп есеп­тей­міз. Соның сал­да­ры­нан адам­дар ара­сын­да құқы­қтық түсін­бе­ушілік пай­да болып, оның аяғы жан­жалға ұла­сып жата­ды. Сон­ды­қтан әуелі мем­ле­кет құру­шы титул­ды ұлт пен ұлт диас­по­ра­ла­ры құқы­қта­ры­ның ста­ту­сын бел­гілеп алып, заң­мен бел­гі­лен­ген осы нор­ма аясын­да қоғам­дық қаты­на­стар­дың сақта­луын қадаға­ла­у­ы­мыз қажет.

Мем­ле­кет құру­шы титул­ды ұлт­тың қоғам алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гі диас­по­ра­ларға қараған­да әлдеқай­да жоға­ры. Сол себеп­ті олар­дың қоғам ішін­де­гі ста­ту­сы мен құқы­ғы диас­по­ра­лар­мен салы­сты­рған­да кең, әрі беделі зор болуы керек. Ол үшін титул­ды ұлт­тың руха­ни мәде­ни­еті, әле­умет­тік тұр­мысы жоға­ры дамы­ған болып, өзі сая­си сау­ат­ты болуға тиіс. Сон­да ғана басқа диас­по­ра­лар титул­ды ұлт­тың құқы­ғын сый­лап, оның қоғам алдын­дағы беделін мой­ын­дай­тын болады.

Титул­ды ұлт қоғам ішін­де толы­ққан­ды ұлт болып дамуы үшін, оның ұлт­тық сана­сы, ұлт­тық рухы және ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры өз ота­нын­да еркін дамуы тиіс. Бұл айты­лған­дар сол ұлт­тың ұлт­тық бол­мысы болып табы­ла­ды. Қазір­гі қоға­мы­м­ы­здағы қазақ халқы­ның осы қаси­ет­терінің қай дәре­же­де дамы­ға­нын білу үшін, оған социо­ло­ги­я­лық сарап­та­ма жүр­гі­зу арқы­лы оны терең зерт­те­уміз керек.

Біз осы кез­ге дей­ін ұлт­тық идео­ло­гия жөнін­де көп айтып, бірақ та оны бір жүй­е­ге кел­тіріп, қалып­та­сты­ра алмай келе­міз. Соның сал­да­ры­нан біздің ұлт­тық сана­мыз бір қалы­пқа түс­пей отыр. Негізі­нен ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның мін­деті – сол қоғам­ды құрай­тын субъ­ек­тілер­дің құқы­ғы мен мүд­десін аны­қтап, оның құн­ды­лы­қта­рын бір жүй­е­ге кел­тіріп, оны қалай іске асы­руға бола­ты­нын қоғам мүше­леріне ұғын­ды­ру. Көбіне сол қоғам­да өмір сүретін субъ­ек­тілер­дің мүд­де­лері бір арнаға тоғы­сып, ол мем­ле­кет­тік мүд­де­ге айнал­са ғана одан ұлт­тық идео­ло­гия жаса­уға болады.

 

Адам­дар­дың сана­сы­ның дамуы оның күн­делік­ті өмір сал­ты­на бай­ла­ны­сты. Ол жөнін­де уақы­тын­да «сана­ны тұр­мыс билей­ді» деп К. Маркс айтқан бола­тын. Адам­ның сана­сы­ның қалып­та­суы тура­лы мұн­дай тұжы­ры­мға келу – әрине, өмір­ге мате­ри­а­ли­стік көзқа­рас­пен қара­удың әсері, бірақ та көп адам­дар­дың сана­сы осын­дай жол­мен қалып­та­са­ты­нын жоққа шыға­руға бол­май­ды. Себебі олар сана­дан гөрі сезім­ге көбірек беріледі де, соның сал­да­ры­нан олар­дың дүни­е­та­ны­мы, өмір­ге көзқа­ра­сы күн­делікі өмір сал­ты арқы­лы қалыптасады.

Бірақ адам сана­лы ақыл-ой иесі болған­ды­қтан және күн­делік­ті ғылым мен білім­нің дамуы­на бай­ла­ны­сты өмір­ге сана­лы түр­де ғылы­ми көзқа­рас­пен қарап, оны қайт­кен­де адам­ның өміріне дұрыс пай­да­ла­нуға бола­ды деп, соған көбірек көңіл бөлу керек. Яғни, «сана­ны тұр­мыс билей­ді, адам­ды сана түзей­ді» десек, шын­ды­ққа бір­та­бан жақын боламыз.

Бүгін­гі күні қазақ халқы мем­ле­кет құру­шы титул­ды ұлт ретін­де ұттық идео­ло­ги­яға өте зәру. Себебі олар бір­не­ше ғасыр Ресей­дің ота­ры болып, өзінің ұлт­тық мүд­десін қорғай алмай, руха­ни құн­ды­лы­қта­рын жоғал­тып алды. Енді бүгін­гі күні қоғам ішін­де қаза­қтарға тәу­ел­сіз ұлт ретін­де өзінің ұлт­тық мүд­десін қорғап, жоғал­тқан­да­рын қал­пы­на кел­тіру­ге кедер­гі кел­тіретін осы ұлт­тың іші­нен шыққан әле­умет­тік топ­тар пай­да бол­ды. Олар қала­да туып-өскен, орыс­ша оқы­ған, қала мәде­ни­етін­де (орыс) тәр­би­е­лен­ген, әле­умет­тік жағ­дай­ла­ры ауыл тұрғын­да­ры­на қараған­да әлдеқай­да жоға­ры, сон­ды­қтан олар қаза­қтың тілін, мәде­ни­етін, әдет-ғұр­пын мен­сін­бей, өздерін ауыл адам­да­ры­нан жоға­ры санайды.

Осын­дай объ­ек­тив­ті жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты қазақ ұлты екі әле­умет­тік топқа бөлініп, қоғам ішін­де қара­ма-қай­шы­лық туды­ру­да. Мұн­дай жағ­дай бола­шақта қазақ ұлты­ның бір­тұ­тас ұлт болып дамуы­на және мем­ле­кетінің тәу­ел­сізді­гіне үлкен қауіп. Бұл – бөлек пай­ым­ның тақы­ры­бы. Ол жөнін­де мен жуы­қта жарық көретін кіта­бым­да сөз ететін боламын.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн