Воскресенье , 6 июля 2025

ЕРМЕК ПЕН СЕРІКЖАН тергеу абақтысынан босатылмады

Оба­лы кімге?

 

Алма­ты қала­лық соты қоғам бел­сен­ділері Ермек Нарым­ба­ев пен Серік­жан Мәм­бе­та­лин­ді екі айға тұтқын­дау тура­лы бұған дей­ін­гі бірін­ші саты­дағы сот шеші­мін өзгеріс­сіз қал­дыр­ды. Оларға Қыл­мыстық кодекстің 174-бабы­ның 2‑тармағы бой­ын­ша «ұлта­ра­лық араз­дық қоз­дыр­ды» деген айып тағы­лған еді.

 

Алма­ты соты ғимара­ты­ның алдын­да қоғам бел­сен­дісі Макс Боқа­ев Мәм­бе­та­лин мен Нарым­ба­ев­ты қуда­ла­мауды талап етіп, «Тіл кеспек жоқ» деген пла­кат ұстап, жал­ғыз өзі пикет өткізді.

Аза­мат­тық ұстаны­мы­на берік, «ала­бө­тен» ойы бар аза­мат­тарға қаты­сты кез кел­ген сот ісі дау-дамай­мен баста­ла­ты­ны әдет­ке айналға­ны қашан. Жаза-жаза жауыр бол­са да, қай­та­ла­у­ға тура келіп тұр. Алды­мен сот залы­на кірудің өзі бір машақат, қала­лық сот­тың кіре бе­рісі «жабайы база­рдағы» сауда­ласқан жұрт­ты ел­ес­­тетеді, сотқа кім­нің кіруі тізім­ге алы­нып, ала­қандай қуы­сқа қысы­лып, поли­цей­лер­ге құжаты­мызды көр­сетіп, әрең кір­дік. Ал өзге сот ісіне қаты­су­шы­лар­дың атын атап, шақы­рып, еркін кір­гізіп жат­са, біз жаға жыр­ты­сып, үне­мі айқай шу­дың ара­сын­да жүрміз.

Залға кіріп, отырға­ны­мыз сол еді, сот­тың хат­шы­сы, тер­ро­ри­стер мен аса қауіп­ті қылмыскер­лерді жау­а­пқа тар­тып жат­қандай, «шығың­ыз­дар, бұл – жабық іс» деді. Сіресіп оты­рып алған жұрт­ты сүй­реп шыға­ру­дан тай­ы­на­тын түр­лері жоқ. Судья Ардақ Еше­ев апел­ля­ци­я­лық ары­зды БАҚ және қоғам­дық ұй­ымдар өкіл­дерінің қаты­су­ынсыз қарау тура­лы қау­лыны қол­ма-қол шығарды.

Өзі­міздің конс­титу­ция­лық құқы­мы­зды талап еткені­міз­ге судья міз бақ­қан жоқ, шығып кетіп, басқа залға бар­ды да, есі­гін тарс бекітіп алып, істі қара­ды. Қамауда от­ыр­ған екі аза­мат та сотқа шақы­ры­лған жоқ. Мәм­беталин мен Нарымбаев­тың да ісін судья Ардақ Еше­ев бірі­нен соң бірін қарап болған соң, шы­ғарған шеші­мін жиы­лған жұр­тқа ежік­теп оқып берді.

Қыл­мыстық кодекстің «Әле­умет­тiк, ұлт­тық, ру­лық, нәсiл­дiк, қауым­дық неме­се діни ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру» деп ата­ла­тын 174-бабы­ның 2‑тармағы бой­ын­ша бес жыл­дан он жылға дей­ін­гі мерзім­ге бостан­ды­ғын шек­теу, не дәл сол мерзiм­ге бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы бел­гі­лен­ген. Жа­ңа­өзендегі қан­ды қыр­ғын­нан соң «Әле­умет­тік араз­дық туғы­зу» айы­бы аза­мат­тық қоғам­ның бел­­­сенділеріне жиі тағы­луда. Адво­кат­тар­дың айтуын­ша, бұл – сот­тың соң­ғы шеші­мі. Екі айдан соң іс оңды шешіл­ме­ген жағ­дай­да адам құқық­тары жөнін­де­гі БҰҰ ко­митетіне шағым беріле­тінін мәлімдеді.

БҰҰ-ға шағым жет­кен­ше, екі аза­мат­тың жағ­дайы қалай бола­рын кім біл­сін, тәу­ел­сіз сарап­шы­лардың айтуын­ша, бұл іске тап­сы­рыс беру­ші Ре­сейдің «ФСБ» қыз­меті, ор­ындаушысы өзі­міздің «КНБ» көрі­неді. Ғалам­торда, әле­умет­тік желі­де «Тәу­ел­сіздік­ке қауіп төн­діретін шови­ни­стік пи­ғыл­дағы сая­сат­ты ашық сынаған­да­ры үшін қамау­ға алы­нған» деген пікір­лер шын­ды­ққа сая­ды. Әйт­песе ұлт араз­ды­қты ту­ғызатындай жаз­ба­ла­ры «әк­кі тер­ге­ушілер­дің» зерт­­теуі неге сот ісін қа­раған кез­де жария етіл­меді? Демек, екі айдың ішін­де ондай дәлел­дер ойдан құрастыры­латы­ны­на күмән жоқ. Тәуел­сіз­дік­тің ширек ғасы­рға жуық­таған кезеңіне «37»-нің қу­ғын сүр­гіні қай­та айна­лып кел­гені ме деген үр­ейден құты­лар күн қайсы?..

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн