Суббота , 5 июля 2025

ЕРТЕҢЭКСПО,БҮГІН – ҚИРАУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 


 


 

 

Аста­на­да құры­лыс­шы­лар­дың көз алдын­да ЭКСПО көр­месі аумағын­дағы нысан­дар­дың бірі опы­ры­лып түсті, деп хабар­лай­ды Baq.kz.

 

«Деко­ра­тив­тік көпір­дің бір бөлі­гі бар еді, ол расын­да опы­рыл­ды. Бұл бүгін бір­не­ше сағат бұрын болып оты­рған жағ­дай. Себеп­терін әзір­ге біл­мей­мін. Бұл ғима­рат­ты BI Group ком­па­ни­я­сы салып жатыр. Олар енді жоба­ла­у­шы­ны шақыр­ды, құры­лыс бөлі­гін қай­та қал­пы­на кел­тіретін бола­ды», – деді «Аста­на ЭКСПО-2017» ҰҚ АҚ қоғам­мен бай­ла­ныс депар­та­мен­тінің дирек­то­ры Сер­гей Куянов.

Оның айтуын­ша, ұлт­тық ком­па­ни­ядағы­лар ғима­рат­ты әзір­ше пай­да­ла­нуға қабыл­да­маған­ды­қтан, бұл нысан­ды енді мер­ді­гер­лер өз қара­жа­ты­на қай­та қал­пы­на кел­тіруі тиіс.

Baq.kz

 

 

 

 

Мең­зеу

Басқа елде ең алды­мен мил­ли­ар­дер бола­ды, содан соң пре­зи­дент болып сай­ла­на­ды. Біздің елде пре­зи­дент бола­ды, содан соң барып мил­ли­ар­дер болады.

• Ержан Тәліп­тің ФБ-парақшасынан

 

 

 

 

ҒАЛАМТОР ҒАРІП БОЛДЫ

 

 

Қаза­қстан Freedom House халы­қа­ра­лық ұйы­мы ұйым­да­сты­рған ғалам­тор еркін­ді­гі рей­тин­гін­де 65 орын­ның 50-шісіне тұрақтап, өз пози­ци­я­сын төмендетті.

 

Жари­я­ланған зерт­те­у­ге сәй­кес, еркін емес ғалам­тор дең­гейі бой­ын­ша – 63 балл, ал БАҚ-тағы еркін емес сөз дең­гейі бой­ын­ша – 84. Айта кетелік, Freedom House желі­де­гі еркін­дік дең­гей­ін 0 – 100 ара­лы­ғын­да бел­гілей­ді. Бұл рет­те 0 балл толы­ғы­мен тәу­ел­сіз ғалам­тор­ды білдіреді.

Қаза­қстан­да ғалам­тор­дағы сөз бостан­ды­ғын шек­теу бар­лық 9 пара­метр бой­ын­ша аны­қталған: әле­умет­тік желілер­ді бұғат­тау; сая­си, әле­уметтк және діни кон­тент­ті бұғат­тау; үкі­мет­тік тіл­шілер­дің бел­сен­ділі­гі; ақпа­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық желілер­ді бұғат­тау; ғалам­тор­дағы цен­зу­ра­ны күшей­тетін заң қабыл­дау; сая­си неме­се әле­умет­тік тақы­рып­тар­да сөз қозғаған бло­гер­лер­ді қамауға алу; бло­гер­лер­ге шабуыл жасау; билік­ті сынға ала­тын интер­нет-ресур­старға тех­ни­ка­лық шабуыл жасау.

Freedom House бар­лы­ғы 65 елді үш пара­метр бой­ын­ша баға­лаған: ғалам­торға қол жетім­ділік, кон­тент­ке шек­теу қою және қол­да­ну­шы­лар құқы­ғы­ның бұзылуы.

Тізім­де бірін­ші орын­да Эсто­ния мен Ислан­дия (6 бал­дан), сосын Кана­да (16 балл) мен АҚШ (18 балл). Гру­зия 10-шы орын­да (25 балл), Арме­ния – 17-ші (30 балл), Қырғыз­стан – 21-ші (35 балл), Укра­и­на – 25-ші (38 балл), Әзір­бай­жан – 43-ші (57 балл), Бела­русь – 48-ші (62 балл), Қаза­қстан – 50-ші (63 балл), Ресей – 52-ші (65 балл), Өзбек­стан – 61-ші (79 балл). Соңғы 63 пен 65 ара­лы­ғын­дағы үш орын­да Иран, Сирия және Қытай (сәй­кесін­ше, 87, 87 және 88 балл).

Еске сал­сақ, был­ты­рғы Freedom House құра­с­ты­рған ғалам­тор еркін­ді­гі рей­тин­гін­де Қаза­қстан 65-тің 48-інші орнын­да болған еді. 2015 жылы Қаза­қстан ғалам­тор еркін­ді­гі индексін­де 61 балл жинады.

 

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн