Суббота , 5 июля 2025

ЕРТЕ СӨНГЕН ЖҰЛДЫЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №46 (363) от 15 декаб­ря 2016 г.

 

 

Жел­тоқ­сан-1986: ерлік – елге мұра


 

 

Біздің аны­қта­ма

Сәби­ра Есім­бекқы­зы Мұха­мет­жа­но­ва 1 қаңтар 1970 жылы дүни­е­ге кел­ген. 1984 жылы «Ленин жолы» сегіз жыл­дық мек­тебін үздік бітіріп, осы жылы Өске­мен педа­го­ги­ка­лық учи­ли­ще­сіне түседі.

1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сы кезін­де Сәби­ра осы оқу орны­ның екін­ші курс сту­ден­ті еді. Груп­па­сын­да комс­орг болған. Аталған оқу орнын­да үздік оқы­ды. Сол кез­де ол 16 жаста еді. Сәби­ра мұн­да да доста­ры ара­сын­да сый­лы, қол­дан кел­генін аямай­тын еді.

1986 жыл­дың 26 жел­тоқ­сан күні Жел­тоқ­сан көтеріліс­шілерін қол­дап, учи­ли­ще жатақ­ха­на­сы­ның 5‑қабатынан қарғып, қаза тапты.

2001 жылы Сәби­ра Мұха­мет­жа­но­ваға қаза тапқан­нан кей­ін «Тар­баға­тай ауда­ны­ның құр­мет­ті аза­мат­ша­сы» деген атақ берілді.

 

Жел­тоқ­сан­ның құр­ба­ны Сәби­ра қыз тура­лы не біле­міз? Біре­улер «ол жел­тоқ­сан құр­ба­ны­на жат­пай­ды» десе, бірі «ол қыз нағыз жел­тоқ­сан құр­ба­ны деген атқа лай­ық» дей­ді. Бұл шын­ды­ққа да нүк­те қой­ы­ла­тын уақыт жетті.

Сәби­ра 16 жасын­да Алма­ты­дағы Жел­тоқ­сан көтерілісіне қол­дау көр­сет­кен қаһар­ман қыз. Өзі­мен бір­ге Өске­мен­де­гі алаңға барған, Жел­тоқ­сан қырғы­нын айып­таған доста­рын көле­гей­леп, шыбын жаны­мен қорғаған қар­ша­дай қыздың жара­ты­лы­сы Әлия мен Мән­шүк­тің ерлі­гін еске түсір­се керек.

Озат оқу­шы, адал дос, үздік шәкірт болып, маң­дай­ға сый­май кет­кен Сәби­ра­ны туған жері – Ақмек­теп ауы­лы 20 жыл­дан бері қастер­леп келеді. ҚР білім беру ісінің үзді­гі, марқұм Қани­па Біті­ба­е­ва апа­мыз Сәби­ра­ның ерлі­гіне қаты­сты былай деген екен:

«Осы қар­ша­дай қыздың ару­ағын зер­де­ге тұту – Шығыс Қаза­қстан­ның ғана емес, бар­лық қазақ елінің аза­мат­та­ры­на үлкен сын деп айтар едім. Сәби­ра тура­лы «жел­тоқ­сан­да өзіне оқы­ту­шы­лар ұры­сқа­ны үшін бесін­ші қабат­тан қарғып кет­ті…» деген жай ғана бір сөз­дер бар. Сол «қарғуға» түрт­кі болған жағ­дай­ға ары қарай мән беретін бол­саң, ол әре­кет­тің аста­ры­на үңілетін бол­саң, Сәби­ра­ның ерлі­гі – үлкен іс. Сәби­ра жылап кет­ті. Әлия мен Мән­шүк­тер оған қараған­да, алдын­дағы ашық жау­мен аты­сып қаза бол­ды, Совет­тер Одағы­ның Баты­ры атағын алды. Ал Сәби­ра­ның ерлі­гі еле­усіз қал­ды. Жүрек­ті қат­ты тітір­кен­діретін бір жәйт, кей­ін­гілер­ге бір нәр­сені ашық айтқым келеді – кіш­кен­тай Сәби­раға бәрі­міз жабыл­дық. Ол «жын­ды еді», «ол солай, ол былай» деген­ге де көндік.

Сәби­ра тура­лы, басқа да жел­тоқ­сан­шы­лар жөнін­де жазып жүр­мін деген жазу­шы інім Асқар Алтай бір­де маған: «Апы­рай, аза­мат­ты­қта­рың жоқ екен – Сәби­ра­ны бәрі жаман­дап, қара­лап жатқан­да, теріс бұры­лып, есік­тен шығып кет­тім, апай!..» – дегені әлі есім­де. Сон­да мен айт­тым: «Асы­қ­па, айна­лай­ын. Мағ­жан­дар да өзінің халқы­на 50 жыл­дан кей­ін оралған. Сәби­ра да ора­лар. Алла­ның ақ ажа­лы­нан, жазыл­май­тын ауру­дан келіп жата­тын ажал бар да, бір-бірі­мізді жұтып қоя­тын ажал бар. Ол қан­дай ажал? Сатқын­дық, опа­сыздық! Бір-бірі­мізді қорға­мау, күндеушілік!

«Еге­мен Қаза­қстан­ның» тіл­шісіне, тағы да басқа газет­тер­ге Өске­мен­де­гі Амур көше­сін Сәби­раға беру керек деп талай айт­тым. Енді, айна­лай­ын, Сәби­ра, кешір бізді!

Сәби­ра оқы­ған мек­теп­тің дирек­то­ры­на да айт­тым: «Нұр­лан, Саби­ра­ның кла­сын аш, класс бол­ма­са – пар­та­сын аш. Сыны­бы­ң­да ең батыл, қоғам­дық іске кере­мет ара­ла­сып жүр­ген бала­ла­ры­ң­ды оты­рғыз сол пар­таға! Бола­шақта Өске­мен­нің көше­сін­де Сәби­ра­ның аты, мүсіні тұра­ты­ны­на менің еш күмәнім жоқ».

 

Ал Сәби­ра­ның қаза­сы­на қаты­сты Өске­мен қала­сы Үлбі аудан­дық про­ку­ра­ту­ра­сы мына­дай аны­қта­ма бер­ген екен:

«Смерть Муха­мет­жа­но­вой Саби­ры Есимбековны.

26 декаб­ря 1986 года в г. Усть-Каме­но­гор­ске уча­ща­я­ся педа­го­ги­че­ско­го учи­ли­ща Муха­мет­жа­но­ва Саби­ра Есим­бе­ков­на, 1970 года рож­де­ния, покон­чи­ла жизнь само­убий­ством, прыг­нув с окна 5 эта­жа зда­ния обще­жи­тия учи­ли­ща. При рас­сле­до­ва­нии уго­лов­но­го дела уста­нов­ле­но, что Муха­мет­жа­но­ва вме­сте с дру­ги­ми уча­щи­ми­ся сво­ей груп­пы 22 декаб­ря 1986 года не пошла на заня­тия. Этот факт со сто­ро­ны адми­ни­стра­ции учи­ли­ща был рас­це­нен как «под­держ­ка наци­о­на­ли­сти­че­ских выступ­ле­ний в г. Алма-Ате» и под­верг­ся тща­тель­но­му раз­бо­ру. Сотруд­ник област­но­го управ­ле­ния КГБ Шушень­ков, собрав дево­чек в один из учеб­ных каби­не­тов, дер­жал их там до глу­бо­кой ночи, выяс­няя, кто явил­ся орга­ни­за­то­ром непо­се­ще­ния занятий.

В 23 часа 22 декаб­ря в резуль­та­те ока­зан­но­го пси­хи­че­ско­го дав­ле­ния на под­рост­ков Муха­мет­жа­но­ва сооб­щи­ла, что она явля­ет­ся орга­ни­за­то­ром непо­се­ще­ния заня­тий. Из класс­ной ком­на­ты девоч­ки были выпу­ще­ны толь­ко бла­го­да­ря насто­я­тель­ным тре­бо­ва­ни­ям дирек­то­ра учи­ли­ща Бара­но­ва. Эта про­це­ду­ра про­дол­жа­лась и в после­ду­ю­щие дни, а 26 декаб­ря в учи­ли­ще была при­гла­ше­на мать Муха­мет­жа­но­вой, кото­рая в при­сут­ствии доче­ри ста­ла объ­яс­нять непра­виль­ное пове­де­ние послед­ней. В ходе это­го раз­би­ра­тель­ства Муха­мет­жа­но­ва вый­дя из класс­ной ком­на­ты при­бе­жа­ла в свою ком­на­ту запла­кан­ная и, нико­му ниче­го не гово­ря, открыв окно, выпрыг­ну­ла. От полу­чен­ных телес­ных повре­жде­ний она скон­ча­лась на месте. Дело о смер­ти Муха­мет­жа­но­вой остав­ле­но без рассмотрения».

 

Жазу­шы Асқар Алтай­дың естелігінен:

«…Толағай тауын бүй­ір­лей орағы­тып, Тар­баға­тай ауда­ны­ның орта­лы­ғы­на да жет­тік. Ертең­гісін ерте­мен Саби­ра­ның ауы­лы Ақмек­теп­ке келе жатып: «26.12.86 г. меж­ду Муха­меджа­но­вой, ее мате­рью и класс­ным руко­во­ди­те­лем педа­го­ги­че­ско­го учи­ли­ща про­изо­шел раз­го­вор по пово­ду ее пове­де­ния и успе­ва­е­мо­сти, после чего Муха­меджа­но­ва пошла в обще­жи­тие. Зай­дя в свою ком­на­ту, она пошла сра­зу же к окну, вста­ла на под­окон­ник и всу­ну­лась в фор­точ­ку, а потом через нее выбро­си­лась с 5‑этажа. В машине «ско­рой помо­щи» Муха­меджа­но­ва скон­ча­лась», – деген Уль­ба аудан­дық про­ку­ра­ту­ра­сы­ның тер­ге­ушісі А.М.Альферовтың қор­тындыс­ын еске түсіріп, тер­ге­уші «нелік­тен жел­тоқ­санға қаты­сты кон­флик­тінің туға­нын, ұрыс-керістің түп-төр­кінін жасы­рып қал­ды?» деген түйт­кіл­ге жүй­рік ой тіз­гін­де­ле берді.

Кешік­пей-ақ түй­іл­ген түйт­кіл­ді алпы­сқа кел­ген ақ шашты Күл­ша­ра-апа Сағи­дол­ди­на аз да бол­са тарқатты.

– Мен жатақ­ха­наға жет­кен­де, Сәби­рам түскі сабаққа кет­кен екен. Тәр­би­е­шісінің рұқ­са­ты­мен кілт әкел­ген соң, 141-бөл­ме­ге барып оты­рға­ным­да, қызым келіп, құшақтап, ден­са­улы­ғым­ды сұра­ды. Көңілім босап, оны қат­ты қысып жыла­дым… Көп кешік­пей жина­лы­сқа шақы­рып кел­ді. Сол-ақ екен жүре­гім бір­де­неңі сезген­дей атқа­лақтай аузы­ма тығы­лып, барғым кел­меді. Сол сәт­те Сәбирам:

«Мені 10-класқа қай­та қабыл­дай ма?» – деді. Мен: «Қабыл­дай­ды» дедім.

Сосын: «Сатқын деген ат жақ­сы ма?» – деді көзі ұшқын шашып. Мен, бей­ша­ра, ойым­да түк жоқ: «Ол сөздің несі бар?» деп­пін. «Өзіңіз мұғалім бола тұрып, оның жай сөз емес екенін біле тұрып, қалай айтып тұр­сыз?» – деді ренжіп.

Жина­лы­ста менен басқа ата-ана­лар­дан екі әйел, үш еркек бар екен. Жина­лыс жүріп жатқан­да, Сәби­рам­ның класс жетек­шісі Шолпан:

«Сен бар­лық қыздар үшін жау­ап берем деп ең ғой, – деп қызы­ма шүй­іл­ді. – Оны шешеңе қай­та­лап айтшы!».

«Өзіңіз ауыл­дың мұғалі­мі емес­сіз, осы сөзді қала­да тұрып, қалай айта­сыз – ауыл мұғалі­міне?!» – деді де, қызым түрі бұзы­лып, булы­ғып, еңіреп жібер­ді намыстан.

«Менің балам, сүт кен­жем, өзім­нен де ауыр сөз есті­ген емес еді», – деді.

«Иә, солай ма?» – деді класс жетек­шісі. Сөйт­ті де: «Енді бұлар­дың учи­ли­ще­де оқуы-оқы­мауын дирек­тор шешеді!» деп , есік­тен шығып кет­ті. Осы кез­де Сәби­рам өзі­мен бір­ге жина­лы­сқа түс­кен қыз­бен қасым­да тұр еді, іле-шала қай­да шығып кет­кенін бай­қа­май қал­дым. Класс жетек­шісі кел­ді, дирек­тор көрін­бей­ді. Біз күтіп қал­дық. Бес минут өтпей жатып, екі ер бала жүгіріп келіп: «Апай, бесін­ші этаж­дан құлап, қызы­ңыз өліп қал­ды», – деді апты­ғып. Менің жүре­гім тастө­бе­ме шықты. «Менің Сәби­рам ба?» дей бер­дім. Есік­ті таба алмай қал­дым… Балам бала-ақ еді!.. – деп көзі­нен жас пар­лаған ана оты­рып қалды.

Ал Сәби­ра­ның класс жетек­шісі Шол­пан Мұха­ме­ди­е­ва­ның отыз жыл мек­теп­те мұғалім болып, құр­мет­ті дема­лы­сқа шыққан бұл адам­ның ақыл-есіне күмән кел­тір­генінің бекер екеніне, ешқан­дай үлкен қызы­ның асы­лып қай­тыс бол­маға­ны­на, шаңы­рақта­ры­ның естері бүтін­ді­гіне көзі­міз жет­ті. Рас, бір ұлы рак­тан көз жұмыпты.

Он алты жасар кен­же­сінің өлі­мі бұл шаңы­рақты дауыл тұрған­дай шай­қал­тып кетіп­ті. Сәби­ра­ның әпкесі Сәу­ле осы өлі­мі­нен кей­ін бас ауруы­на шал­ды­ғып­ты. Қарын­да­сы қай­тыс болған кез­де әскер­де жүр­ген 1968 жылғы аға­сы Төре­хан кел­ген бой­да ішім­дік­ке салы­нып, бұзы­лып кете жаз­дап­ты. Бәрі­нен де «Сәби­ра­ны өлтіріп әкел­ген сен­сің, сен кінәлісің!» деп екі күн­нің бірін­де ақ шашты ана­ның басы­нан сөз айыр­май­тын әкесі Есім­бек­тің күй­і­гі бүкіл ауыл­ды күңірентеді.

Сәби­ра 17 қазан­да үйіне жазған хатын­да сағы­ны­шты шер­те: «Класс жетек­ші­міз бір мәжін, ана­ны істең­дер, мына­ны істең­дер деп мыл­жы­ң­дай береді», – деп баға беріпті.

Осы­ның өзі­нен-ақ жел­тоқ­санға дей­ін де оқу­шы мен класс жетек­шісі ара­сын­дағы жағ­дай шиеліні­се түс­кені анық бай­қа­ла­ды. Сон­ды­қтан шеше­сі қан­ша жалын­са да, жина­лыс үстін­де кешірім сұра­удан Сәби­ра бас тар­тқан. Мұның өзі Сәби­ра­ның бір­жо­ла тұй­ы­ққа тірел­геніне, он алты жастағы өтпе­лі кезең­де­гі жас қыздың өлім­нен басқа жол таң­дай алмауы­на айғақ дер едік. Әрине, бұл жер­де класс жетек­шісі, мұғалім­дер ұжы­мы педа­гог ретін­де өтпе­лі кезең­де жасөс­пірім­нің қан­дай іске де бас тігетінін ескер­тіп, оны іштей түсініп, тығы­ры­қтан шыға­ру­дың жолын қарас­ты­руы керек еді. Өкіні­штісі, олай бол­май шықты.

 

Ал Сәби­ра­мен жатақ­ха­на­да бір­ге тұрып, қай­тыс болған саға­ты­на шей­ін бір болған Уатқан Қасы­мо­ва былай еске алды:

– Сол,1986 жылы 22 жел­тоқ­сан­да біздің груп­па сабаққа барған жоқ. Ол күні қаза­қтар­ды көтеріліс­ке шыға­сы­ң­дар деп тәр­би­е­шілер жатақ­ха­на­дан шығар­май жүр екен. Біз­дер бір­ден-екі­ден дүкен­ге бара­мыз деп, таңер­тең тоғыз жарым мөл­шерін­де көше­ге қыды­рып кет­кені­міз – көше­де, пәтер­ге кет­кені – пәтер­де, бір сөз­бен, әркім өз шаруа­сы­мен жүр­ді. Сағат бес мөл­шерін­де біздің груп­па­ның қызда­рын жатақ­ха­наға кір­гіз­бес­тен, кел­ген бет­те «сен­дер­ді учи­ли­ще­ге шақы­рып жатыр» деп, есік аузы­нан аттан­ды­рып жатыр екен.

Учи­ли­ще оқу ісінің мең­ге­ру­шісі Мария Жұмағұ­ло­ва­ның каби­нетінің алды­на жина­лып қалған қыздар­дың ара­сын­да кей қыздар жылап тұр. Әсіре­се Сәби­ра бота­дай боздап, қыздар­дың қой дегеніне көн­бей жылап отыр. «Не бол­ды?» – деп сұра­сақ: «Бәріне мен кінәлі­мін! Қыздар үшін мен берем жау­ап­ты. Мен бәрін бастаған. Мен кінәлі!» – деп айтып­ты мұғалім­дер­ге. Бізді де бір-бір­леп шақы­рып алып сұра­ды. Іште Мария Жұмағұ­ло­ва, Оста­ни­на, Шол­пан Мұха­ме­ди­е­ва бар екен. Мұғалім­дері­міз «күдік­ті» қыздар­дың қата­ры­на кір­ген­дер­дің ата-ана­ла­рын шақыр­тып, жедел­хат сал­ды. Зай­сан­дық Жанат Ахме­ди­е­ва­ның: «Біз не істе­дік? Ешкім­ді де бастап апарға­ны­мыз жоқ қой. Бастаған­да қай­да апа­ра­мыз?» – деп зар жылаға­ны әлі есімде…

26 жел­тоқ­сан күні ата-ана­лар шақы­ры­лған құр­бы­ла­рым­мен жина­лыс болып жатқан­да, мен сабақтан келіп, тамақ пісіріп қой­ып, үйлері­мен сөй­ле­су­ге теле­гра­фқа кет­кен Гүл­нар мен Жанар­ды және шеше­сі­мен жина­лы­сқа кет­кен Сәби­ра­ны күтіп, сабақ қарап оты­рғам. Кеш қарай­ып қалған мез­гіл. Кенет есік сарт етіп ашы­лып, көзі жылаған­нан қан­та­лап, ісіп кет­кен, жүзі ашу-ыза­дан өрт сөн­дір­ген­дей Сәби­ра кіріп кел­ді. Мен: «Не бол­ды?» – дедім жүре­гім қобал­жи. «Ештеңе болған жоқ», – деп, Сәби­ра бір-ақ қай­ыр­ды. Сон­да да: «Мамаң қай­да?» дедім. Сәби­ра тере­зе­ге қарай қозғалған бет­те: «Соны қараға­лы тұр­мын» – деп, тере­зе ерне­уіне секіріп шықты. Сыр­тын пер­де жауып қал­ды. Ойым­да түк жоқ, мен есебім­ді шыға­рып оты­ра бер­дім. Іле-шала тере­зе пер­десі сытыр­ла­ды. Жалт қара­сам, Сәби­ра­ның аяғы фор­точ­ка­дан көрі­неді. Шошы­ға­ным­нан орным­нан атып тұрға­ным­ды білем. Сол кез­де Сәби­ра­ның ащы дауы­сы шықты.

Қар­сы бөл­ме­де­гі қыздарға жүгіріп барып: «Қыздар, Сәби­ра секіріп кет­ті!» – дедім. 108–109-бөлмедегі қыздар­мен бір­ге төмен­ге жүгір­дік. Бірақ бізді бірін­ші қабат­тан тысқа шығар­май қой­ды. Бірін­ші қабат­та Сәби­ра­ны зем­біл­мен көтеріп келе жатыр екен. Бетіне ақ жауып тастап­ты. Сосын жедел жәр­дем­мен ауру­ха­наға алып кет­ті. Көз алдым тұман­да­нып кетті.

Әлден уақыт­та Сәби­ра­ның шеше­сін бөл­ме­міз­ге ертіп кел­ді. Ол кісі: «Қызым, сүт кен­жем-ау, бұл не істе­генің?! Не жазы­ғың бар еді? Өлтір­ді ғой…Өлтірді!» – деп үзіп-үзіп сөй­лей бер­ді. Шешей бір-екі күн Сәби­ра­ның төсе­гін­де жатып шықты… Кәрі ана қат­ты қина­лып, көз алды­мы­зда шөгіп кетті…

 

Иә, көңіл­де­гі көп түйт­кіл­дің түй­іні тарқаған­дай. Бірақ тер­ге­уші Аль­фе­ров бұл өлім­нің жай өлім емес екенін біл­се де, мой­ы­нға алар жау­ап­кер­шілік пен Жел­тоқ­сан дүр­бе­леңі деген­нен бой­ын тар­тып, «раз­го­вор по пово­ду ее пове­де­ния и успе­ва­е­мо­сти» деп, сылап-сипап қана «жабу­лы қазан жабу­лы қал­сын» ниеті­мен, қасақа­на жылы жауып қой­ға­ны сөз­сіз. Бұл жер­де класс жетек­шісі Шол­пан Мұха­ме­ди­е­ва­ны ғана кінәлі деу – ағат­тық болар еді. Сәби­ра­ның қаза­сын­да учи­ли­ще дирек­то­ры Нико­лай Бара­но­втың да, ШҚО «КГБ» басқар­ма­сы­ның да, Өске­мен қала­лық пар­тия және ком­со­мол коми­тет­терінің де кінәсі бар деп ойлаймыз.

Сәби­ра­ның қаза­сы мен ерлік ісіне қаты­сты ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі құрған тәу­ел­сіз комис­сия өз сөзін айт­ты. Бірақ Сәби­ра­ның ерлі­гін зер­де­леу, батыр­лы­ғын жас ұрпаққа пат­ри­от­тық тәр­бие тәлі­мі ету ісі әлі күн­ге кен­де қалып келеді. Жазу­шы Асқар Алтай айтқан­дай, «Шығыс Қаза­қстан­да аза­мат­тар жоқ екен!..».

Жари­я­ла­ным­ды дайындаған –

Мир­жан ТЕМІРБЕКОВ,

Шығыс Қаза­қстан облысы

Тар­баға­тай ауданы

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн