Среда , 14 мая 2025

ЕРТЕГІ оқығыңыз КЕЛСЕ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (287) от 23 апре­ля 2015 г.

 

Жар­на­ма орнына

 

Қаза­қстан­ның кітап дүкен­деріне біздің елдің қай­та­лан­бас және тұрақты («мәң­гілік» деу­ге құдай­дан қорқа­сың) пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан көке­міз тура­лы ерте­гі кітап­тар көп­теп түсе баста­ды. Қатыр­ма тысы әде­мі боя­у­лы сурет­тер­мен көм­керіл­ген. Ішін­де­гі мәтіні баста­уыш мек­теп оқу­шы­ла­ры үшін жатық, ұғы­ны­қты тіл­мен жазы­лған. Мұқа­ба­сын­дағы «Қазір­гі заман желісін­де­гі ерте­гілер» деген жазу оқу­шы­ны бүгін­гі Қаза­қстан­ның ерте­гі әле­міне жетек­теп әке­те­ді. Ішіне бір кіріп алсаң, қай­тып шыққың кел­мей­тін рахат күй­ді кеше­сің-ау, бір-бір-бір!

Әрине, кітап ерте­гі жан­рын­да жазы­лған­ды­қтан, оның іші­нен біраз қиял-ғажай­ып оқиға­лар, қол­мен ұстап көруі мүм­кін емес құбы­лы­стар мен еле­стер жай­лы қыста – пештің қасын­да, жаз­да – күн­шу­ақта жан­тай­ып жатып оқуға әбден бола­ды. Мәсе­лен­ки, «Ақ пат­ша» деген тақы­ры­бы айтып тұрған­дай, елі­міздің жет­кін­шек ұрпағы бүгін­гі пре­зи­дент­тің бұры­нғы заман­да қан­дай пат­ша болға­нын қызғы­лы­қты баян ете­ді. Ерте­гінің ішіне еніп кет­кен­дей күй­ге кене­лесің де кетесің.

Ал «Менің пре­зи­ден­тім» деген ерте­гіні оқы­ған бала біздің елде Күн жары­қтық Нұр­сұл­тан көке­міздің көме­гі­мен ғана көтерілеріне көпе-көр­неу куә бола­ды: таң аты­руға тауы­қтың тіп­ті де қажеті жоқ. Ал көк­ке көтеріліп алған Күн көке­міз ғалам­дық ғала­мат істері мен баян­ды баста­ма­ла­рын түгесіп алсын деп, ұясы­на ұяла-ұяла әрең бата­ды екен. Осы­ны оқып оты­рған бала да, шаға да: «Қайт­сін-ай, енді!..» деп, көзіне жас алуы мүм­кін. Себебі кітап аутор­ла­ры осы­ның бәрін шынайы әрі шұрай­лы тіл­мен жазған. Құдай тіле­уін бер­гір­лер! Екі дүни­е­де жаман­дық көрмегірлер!

Қысқа­сы, не керек, бәрін айтып қой­саң, ерте­гінің қызы­ғы қал­май­ды. Оны оты­рып-тұрып, оймен оқу керек. Сон­да ол ойға да, бой­ға да сіңім­ді бола­ды. Той­ып тамақ ішкен­дей бола­сың. Балаңы­зды сабаққа жібе­рер кез­де жегі­зер наны­ңыз бол­ма­са, қам жемеңіз: осы ерте­гілер­дің екі-үш бетін оқып алса бол­ды – той­ып алып, том­паң­дай жөнеледі.

Сон­ды­қтан күн сай­ын қым­бат­тап жатқан нан мен судың баға­сы­на қара­май, Күн көке­міз жай­ын­дағы ерте­гі кітап­тар­ды сатып алуға асы­ғы­ңы­здар! Қарын­ды тамақ қана той­дыр­май­ды: осын­дай қиял-ғажай­ып­тар­мен де қам­пиып жүру­ге бола­ды, ағайын!

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн