Суббота , 5 июля 2025

ЕС-АҒАМ ЕСТЕЛІККЕ АЙНАЛДЫ

 

 

 

Беу, дүние!

 


Сонау 80-ші жыл­да­ры Шығыс Қаза­қстан облы­стық «Ком­му­низм туы» (қазір­гі «Дидар») газетін­де қатар­лас қыз­мет қылған Есім­хан досым Орын­ба­ев кенет­тен дүние салып­ты. 62 жаста ғана еді. Жүрек­тен кетті.

 

Пай-пай, заман-ай, фото­тіл­ші Ес-ағам еке­уі­міз талай-талай коман­ди­ров­ка­ның қызы­ғы мен шыжы­ғын көр­дік қой: үш күн­дік ісса­пар­ды аптаға соза­тын кез­дер есте. «Зав­клуб келін­шек тәуір екен…», «рай­ком ком­со­мол­дың қызы­на енді жол тауып едім…», «аупарт­ком­ның при­ём­ный­ын­дағы қыз маған қиы­ла қарап еді…» десіп, қай­тар жолға билет «тап­пай» қала­тын күн­дер болған. Сон­да ісса­пар­дан кеші­гіп қай­тқан біз­дер­ге редак­то­ры­мыз Манап аға Салы­қ­ба­ев: «Әй, жүгір­мек­тер, рай­ком­нан бронь неге алма­ды­ң­дар?!» – деп гүр еткен­де, ойла­сты­рып кел­ген сыл­та­уы­мы­зды ұмы­тып қалушы едік.

Әттең, енді сол Ес-ағам естелік­тер­де ғана қала­тын бол­ды. Оның кәсі­би шебер­лі­гі, жол­дасқа жанын жұлып берер жомарт­ты­ғы, әжуә мен әзіл­ге жылы ғана жымия күлетін кез­дерін сағы­на­тын күн туды. Кеш­кі 6‑дан кей­ін жиі-жиі кафе­ге айна­лып кететін фото­ла­бо­ра­то­ри­я­сы қай­ран жасты­қтың бір мекені еді…

Жатқан жерің жұмақ бол­сын, қай­ран дос! Сен көр­мей кет­кен ғұмыр­дың қызы­ғы бала-шағаңа бұйырсын!

Ермұрат БАПИ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн