«Общественная позиция»
(проект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.
…Сонадай жерде
Күркілдеп бара
жатқан
Нән бір тракторды
Құтырған ит келіп,
Бір қауып өткені.
Сол кезде
Байғұс трактор
Басына ие бола алмай,
Дарылдап,
парылдап,
Жынданып кеткені…
Апыр-ай!
Құдайдың атқаны-ай:
Үп еткен желі жоқ,
Тып-тыныш күні
Әне бір қос ағаштың
Бір-бірінің
Шашын жұлып,
Бір-бірін
Сабалап
жатқаны-ай…
Көріп тұрмын:
Бір сұр тышқан
Бүкіл әлемге
Көктөбенің үстіндегі
Алып мұнараға
Шығып қарады…
Кран біткендер
Шәңгектерімен
Іліп ап,
Лақтырғысы кеп,
Бір-бірін
Қуып барады…
Қаладан безініп,
Далаға шығып ем:
Үйір-үйір
жылқыларды
Шашау шығармай,
Ақырып жинаған
Есек бастап тұр…
Төбе басында
Семіз бір шошқа
Кесек-кесек
Алтын асап,
Күмістен
Тезек тастап тұр…
Есалаң әлем бұл –
Есалаң өлең бұл…
Темірхан МЕДЕТБЕКОВ,
ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты