Воскресенье , 6 июля 2025

Есенғали Раушанов: Өзгеріс өлілерге емес, ТІРІЛЕРГЕ КЕРЕК

Айт­пақ­шы

 

 

Тұмағаң­ның (Тұман­бай Мол­даға­ли­ев – Ред.) ескерт­кi­ші тұр­мақ, ең бол­ма­са өзi туып-өскен ауы­лға атын да қимай отыр­мыз. Оны айта­сыз, өзi өлер­дей сүй­ген Алма­ты­сын­да бiр көшенiң аты берiл­ген жоқ. Марқұм ақын Масан­чи атын­дағы көше­де тұрды.

Масан­чи деген кiм едi? Мағаз Масан­чи – аты­шу­лы рево­лю­ци­о­нер бол­ды, Жетi­су­да Кеңес өкi­метiн орна­ту жолын­да күре­стi, Қаза­қстан­ның басқа аймағы ондай дүн­ген­дi бiл­мей­дi де. Алаш бала­сы үшiн ол жасаған төң­керi­стен гөрi, қазақ руха­ни­я­тын­да Тұмағаң жасаған өзгерiстер құн­ды­рақ емес пе? Тұмағаң­ның ауда­ны­ның аты – «Еңбек­шiқа­зақ», ауы­лы­ның аты – «Каза­тком» – осы­ның еке­уi де келiсiп тұрған ат емес.

Асы­лы, өзгерiс (қай өзгерiс те) өлiлер­ге емес, тiрiлер­ге керек. Ештеңе өзгер­ме­се де, Тұмағаң­ның ештеңесi кет­пес. Қадыр тiрiлiп келiп, өз аты­на көше сұра­май­ды. Ахмет­жан Есi­мо­втiң Сағи Жиен­ба­ев деген ақын­ның өлеңi тұр­мақ, атын естi­ме­генiне өз басым қат­ты сене­мiн. Есi­мов естi­ме­ген нәр­се көп, бiрақ бұл естi­мей кете­дi деген сөз емес – бәрi үшiн жау­ап алы­на­ды ертең.

«Жас Алаш» газеті

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн