Понедельник , 7 июля 2025

Есер экономиканың түрі: ЕТТІ РЕСЕЙГЕ САТЫП, Бразилиядан сатып аламыз

Қаза­қстан 2014 жылы Бра­зи­ли­ядан жал­пы сома­сы $9,1 млн-ға 6,7 мың тон­на ет импорт­та­ды, деп хабар­лай­ды Қаз­ТАГ. Ол 2013 жыл­мен салы­сты­рған­да көле­мі жағы­нан 18,3%-ға, сома­сы жағы­нан 43,8%-ға артық, деп хабар­ла­ды агент­тік ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гінің кеден­дік бақы­лау коми­тетіне сіл­те­ме жасап.

Жари­я­ланған мәлі­мет­тер­де көр­сетіл­ген­дей, Кеден­дік одақ елдерін есеп­ке алмаған­да, Қаза­қстан 2014 жылы $196,5 млн-ға 169,1 мың тон­на ет сатып алған: ол 2013 жылғы­мен салы­сты­рған­да көле­мі жағы­нан 6,7%-ға, ал сома­сы жағы­нан 7,7%-ға аз.

Қаза­қстанға ет жет­кі­зетін­дер­дің ара­сын­да ең ірілері: АҚШ – 119,4 мың тон­на ет (-4%) $104,1 млн (-1,9%) сомаға, Укра­и­на – 19,3 мың тон­на ет (-2,2%), $33,3 млн (-7%) сомаға, Поль­ша – 5,2 мың тон­на ет (-37,3%), $13,3 млн (-35,6%) сомаға, Кана­да – 4,7 мың тон­на ет (+9,8%), $12,4 млн (+18%) сомаға сатқан.

Соны­мен, мұн­дай алыс-берістің мәні не болға­ны: был­тыр біз Ресей­ге 13 мың тон­на ет сат­тық, ал алыс-жақын шетел­дер­ден 170 мың тон­наға жуық ет сатып алдық. Енде­ше өзі­мізді жары­лқа­май жатып, шет­ке ет сатқан не теңіміз?

Ерлан АУЫЛБАЛАЕВ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн