Есімов 25 миллиард теңгені МҰҒАЛІМДЕР ҮЛЕСІМЕН қайтаруды айтып отыр ма?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №16 (380) от 27 апреля 2017 г.

 

Апта аптығы

 

Бұл екі арада


 

Ұлттық компания ел бюджетіне 25 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды жоспарлап отыр. «Бұл қайтарымды ЭКСПО Ұлттық компаниясы демеушілерінің есебінен жүзеге асырмақ», – деп жазады «Власть» порталы.

 

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда демеушілер тарапынан жасалған көмек көлемі 38,5 миллиард теңгені болып отыр. Оның 22,8 миллиарды таза қаржылай болса, қалған 15,7 миллиард теңгесі тауар және қызмет түрінде көрсетіліп отыр. Демеушілердің қаржысы және билет сатылымынан түсетін пайдадан өзге Ұлттық компания коммерциялық жобаларды да қолға алды. Мысалы, жобаларды лицензиялау, ЭКСПО брендін инвестициялық бастамаларға қолдану секілді компанияға жанама түсім түсіретін жобалар жүзеге асырылуда. Бұлардан түсетін пайда мен құрылыс және дайындық жұмыстарына кететін шығынды есептей келе, Ұлттық компания ел бюджетіне 25 миллиард теңгені қайтарып беруді жоспарлап отыр», – дейді Есімов мырза.

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн