Понедельник , 7 июля 2025

ЕСКІ ЖЫЛ ЕСІРКЕДІ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

Жұл­ды­здар­дан жоралғы

 

Мақ­пал ЖҮНІСОВАҚР халық әртісі:

«Халық Зәкең еке­умізді кезін­де қалай қар­сы алып жүр­се, қазір де сон­дай қыз­мет көр­сетіп жүреді. Тек басты­қтар ғана алдым­нан шық­пай­ды. Оған бола налы­май­мын. «Әкім бол – халқы­ңа жақын бол» дей­ді ғой, бар тілерім – солар­дың жүре­гі халқы үшін елжіреп тұр­са дей­мін… Қазір, Құдай­ға шүкір, кон­церт беру­ге барған жер­лер­ден еш кедер­гі жоқ. Бірақ есесіне теле­ар­на­лар­дан мықтап шет­тетіліп жатыр­мын. «Хабар», «Қаза­қстан», «Аста­на» сияқты арна­лар­дың бағ­дар­ла­ма­сы­на шақы­рыл­май­тын бол­дым. Кей­де өзім­ді Қаза­қстан­да тұрып жат­паған­дай сезінемін…».

№24(248)

 

Алпы­с­бай ҚАЗЫҒҰЛОВ, суретші:

«Өнер мен әде­би­ет тура­лы заң талқы­ла­нып жатқа­нын ақпа­рат құрал­да­ры­нан естіп жата­мыз. Әйт­се де сол заң­на­ма­ны қабыл­дау бары­сын­да біз­бен ақыл­да­сып жатқан шене­унік­тер­ді көр­медік. «Кеңесіп піш­кен тон кел­те бол­май­ды» деген, шығар­ма­шы­лы­қта болып жатқан құбы­лы­стан мақұ­рым мини­стр­лік өнер мен мәде­ни­ет­тің шаруа­сын қалай шешеді?…».

№35 (259)

 

Қарақат ӘБІЛДИНА, әнші:

«Жастар ата-ана­сы­ның соқыр тиы­ны­на дей­ін салып, жоға­ры оқу орын­да­ры­нан білім ала­ды. Бірақ оны бітір­ген соң, қыз­мет­ке орна­ла­су­ла­ры екіта­лай. Кон­сер­ва­то­ри­я­ны бітір­ген талай түлек­тер жұмыс тап­пай, сан­да­лып жүр. Асып бара жат­са, оркестр­ге орна­ла­са­ды. Не бол­ма­са, мек­теп­те әннен сабақ береді. Ал ол жер­ден ала­тын еңбе­кақы мөл­шері­мен бүгін­гі нары­қтың мөл­шерін өлшеп көріңіз­ші… Сол сияқты меди­ци­на мен білім сала­сы да өзек­ті өртеп тұр…».

№05(229)

 

Шұғы­ла САПАРҒАЛИҚЫЗЫ, биші:

«Қазір қан­дай кон­церт­тік жоба­ны алсақ та, олар бишілер­сіз өтпей­ді. Тіп­ті, сахнаға жалқы шыққан әншілер­дің де соңын­да бишілер билеп, әртістің өнеріне әр беріп тұра­ды. Бұл біздің елде бишілер қата­ры­ның аз еме­сті­гін көр­се­те­ді. Алай­да осы өнер иелеріне деген наси­хат пен қол­да­удың жоқты­ғы сол – олар «еңбе­гі адал, еті арам» күй­ге түсті. Олар­дың еңбе­гі елен­бей, таса­да қала береді».

№16(240)

 

 

МИРАС пен ҚҰРАЛАЙәнші жұп:

«Негізі өнер мен меди­ци­на­да жемқор­лық бол­мауы керек. Бұл басқа сала іріп-шіри бер­сін деген сөз емес. Мем­ле­кет осы аталған орын­дар­ды тіке­лей өзі қадаға­ла­уы қажет. Өйт­кені біреу халы­қтың тәнін емде­се, екін­шісі – жанын емдей­ді. Осы­лар­дағы былы­қтың сал­да­ры­нан бүгін­гі халы­қтың жаны жара­лы, шипа тап­пай жүр­гені рас..».

№18–19(242–243)

 

 

 

Рах­ман ОМАР, актер:

«Мен ген­дер­лік сая­сат­ты аса қол­да­май­мын. Жал­пы бұл ата-баба­мы­здан бері бол­маған дүние ғой. Бірақ Баты­сқа елік­те­ушілік­ті, сол «мәде­ни­ет­тің» дүни­е­ге кең таралға­нын мой­ын­да­уы­мыз керек. Егер ген­дер­лік сая­сат­тағы әйел­дер­дің пікіріне құлақ аса бер­сек, еркек­тің құны көк тиын болып қала­ды. Сая­сат­пен әйел­дің айна­лы­сқа­ны дұрыс шығар, бірақ сол әйел заты еркек­тің қабы­рға­сы­нан жара­ты­лға­нын ұмыт­пай, өз орнын біл­се деймін».

№45 (269)

 

 

Ақма­рал ҚАЙНАЗАРОВАбиші, ҚР Еңбек сіңір­ген мәде­ни­ет қайраткері:

«Қазір өнер сала­сы бой­ын­ша білім алып жатқан жастар көп. Бірақ соларға мем­ле­кет тара­пы­нан қол­дау жоқ. Жанып тұрған жет­кін­шек­тер­ді өзді­гі­нен демеп жатқан меце­нат­тар да шама­лы. Әсіре­се қазір­гі қым­бат­шы­лы­қта елдің бәрі эко­но­мист пен заң­гер болып жатқан­да, би өнерін таң­даған жастар­дың ісін көз­сіз ерлік деу­ге бола­ды. Дей тұрған­мен, осы ұлт­тық би өнеріне мем­ле­кет­тік тұрғы­дан ста­тус беріл­мей­ін­ше, ол жетім бала­ның күй­ін кешіп жүре бер­мек. Би өнерін наси­хат­тай­тын еңбек­тер де аз. Ұлт­тық бидің көсе­гесін көгер­ту мақ­са­тын­да қазақ би өнерінің теат­рын аша­тын уақыт жет­кен сияқты. Шетел­де алды­мен ұлт­тық жоба­лар қолға алы­на­ды. Өкініш­ке қарай, біздің елде бәрі керісін­ше болып тұр».

№08(232)

 

 

Өмірқұл АЙНИЯЗОВ, әнші:

«Әлі қаза­қ­ша сөй­ле­гісі кел­мей­тін адам­дар­ды көр­ген­де, жүре­гім ауы­ра­ды. Дін жағы да оңып тұрған жоқ. Бір ислам­ның өзін бір­не­ше жік­ке бөліп таста­ды. Осын­дай екі түр­лі көзқа­рас­тың сал­да­ры­нан жастар түсінік тап­пай, қан­ша­ма отба­сы ажы­рас­ып жатыр. Осы­лай­ша тірі жетім­дер­ді қол­дан жасап отыр­мыз… Қаза­қстан­да тұра­тын әрбір ұлт өкіл­дерін қаза­қ­ша сөй­ле­у­ге мін­дет­тей­тін уақыт жет­кен сияқты. Кезін­де ісқағаз­дар қаза­қ­ша жүр­гізілетін бола­ды деген еді, алай­да сол қал­пын­да қал­ды. Мұның негізі жоға­ры билік­те оты­рған­дар­дан баста­луы керек. Егер шене­унік­тер­ді мәж­бүр­лей­тін бол­са, қыз­меті­нен айы­ры­лып қал­мау үшін, тыры­сып бағар еді. Оған Қаза­қстан­ның толы­қтай күші жете­ді. Бірақ нелік­тен қам­сыз­быз – соған таңым бар…».

№12 (236)

 

 

Дина ТӨЛЕПБЕРГЕН, тележурналист:

«Теле­жур­на­ли­сті көре­рмен алды­ң­дағы жау­ап­кер­шілік деген сезім әрдай­ым жете­леп жүруі керек деп ойлай­мын. Ол сезім тұн­шы­ққан күні кәсібің де кері кете баста­ды деп есеп­тей бер. Мен үшін көре­рмен махаб­ба­ты – қым­бат қазы­на. Оны әрқа­шан да қадір­лей, қастер­лей білу керек!».

 

 

 

 

 

Айжан НҰРМАҒАМБЕТОВА, әнші:

«Бүгін­гі әндер­дің басым көп­шілі­гі махаб­бат тақы­ры­бын күйт­теп кет­ті: күй­дім-сүй­дім, өлдім-тал­дым, іздедім-тап­па­дым… Оның өзін­де бар­лы­ғы бір сарын­да. Жалғыз маз­мұн­да, жұтаң тақы­рып төңіре­гін­де айты­ла­ды. Пат­ри­от­тық әндер­ге түсіріл­ген бей­не­ба­ян­дар­ды көр­сең, сол баяғы киіз үй мен сай­ын дала­да әрлі-бер­лі шауып жүр­ген атты адам­ды көр­се­ту­ден аса алмай­ды. Жаңа­шыл­дық жоқ. Қазір­гілер ұлт­тық киім­нің де етек-жеңін шол­ти­тып, сүй­кі­мін кетір­ді. Стиль қалып­та­сты­ру­да да ұлт­тық мұра­ны сақта­удың шека­ра­сы болуы керек шығар…».

№32 (256)

 

 

 

Жай­на СЛАМБЕКжур­на­лист:

«Мықты жур­на­лист болу үшін жур­на­лист болу­ды арман­дау және жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін біті­ру жет­кіліксіз… Қара­пай­ым қағи­да­лар­дан мақұ­рым жур­на­ли­стер­дің көбей­іп бара жатқа­ны рас. Поп-куль­ту­ра­ның ең төмен­гі саты­сы бар ғой: сол сияқты поп- жур­на­ли­сти­ка пай­да болды…»

 

 

 

 

 

Нұрға­ли НҮСІПЖАНОВҚР Халық әртісі:

«Мем­ле­кет­тік «Ақ бұлақ» таза су бағ­дар­ла­ма­сы­на бюд­жет­тен мил­ли­ард­тап ақша бөлініп еді. Бірақ ауыл халқы­ның дені мал ішетін суат­тан су ішіп отыр. Бұл деген масқа­ра ғой. Кезін­де «Ауыл жылы» деген­де игі істер атқа­ры­лар деп үміт­тен­ген едік. Сол Ауыл жылы­на он-он бес жыл­ды арнап, мал шару­а­шы­лы­ғы мен егін­шілік, бау-бақ­ша өнім­дерін қолға алған­да, жағ­дай бұлай бол­мас еді ғой. Ақы­рын­да өзгенің сүтін ішіп, сырт­тың шұжы­ғын жеп отыр­мыз. Сон­да өз өні­мі­міз­ге негіз­де­летін азық-түлік қауіп­сізді­гі деген сая­сат қай­да қал­ды? Жер­дің астын үңгіп, содан түс­кен пай­даға мәз болып жүр­міз. Ертең ол тау­сы­лған­да қайт­пек­піз?… Бола­шағы­мыз да, тарихы­мыз да ақшаға салы­нып біт­ті. Елдің ертеңі не болады?»

№11 (235)

Республиканский еженедельник онлайн