Суббота , 5 июля 2025

ЕСКІ ЖЫЛ ЕСІРКЕДІ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №47 (364) от 22 декаб­ря 2016 г.

 

ДАТ-САУАЛНАМА

 

Міне, тағы бір жыл­ды тарих қой­на­уы­на тап­сы­ру тақа­ты таяу қал­ды. Халқы­мы­здың «ескі жыл – есір­ке, жаңа жыл – жары­лқа» деген ниет-тіле­гі­мен «ДАТ» басы­лым­дар жоба­сы бел­сен­ді қоғам аза­мат­та­ры ара­сын­да сау­ал­на­ма­лық сұх­бат жүр­гіз­ген еді. Ескі жыл­ды шыға­рып салып, жаңа жыл­ды жақ­сы үміт­тер­мен қар­сы алар сәт­те өткен­ге шолу жасап, биы­лғы қоғам­ды маза­лаған ортақ ойлар­ды топ­шы­лау нәти­же­сі төмен­де­гі­дей болды.

 


 

 

Дос КӨШІМ, қоғам қай­рат­кері: ҚАЗАҚ МӘСЕЛЕСІ бір жер­ді тесіп шығады

 

– Өтіп бара жатқан жылы есте қала­тын басты оқиға – Жер мәсе­лесі екеніне ешкім­нің дауы жоқ шығар. Қаза­қтың намысын жаны­ған «Жер дауын» шешуді ел пре­зи­ден­ті нелік­тен 5 жылға кей­ін шегер­ді? Жер кодексінің жеке­ле­ген бап­та­ры­на мора­то­рий жари­я­лау себебі неде деп ойлайсыз?

– Менің­ше, бұл оқиға­ның басты себебі – билік­тің бас­сызды­ғы, шек­тен шығуы, өзінің қыз­мет етіп оты­рған халқы­нан өзін ақыл­ды­мын деп сана­уы сияқты. Бұл, өкініш­ке қарай, кез кел­ген шексіз билік­тің басты ауруы. Олар өздерін халы­қтың қыз­мет­шісі­мін, халы­қтың ойын, мақ­са­тын жүзе­ге асы­ру­шы ғана­мын деп ойла­май­ды, «мен осы бір ақы­мақ тобыр­ды баста­у­шы­мын, сон­ды­қтан бар­лы­ғын өзім кесіп, өзім шеше­мін» деп ойлай­ды. Әсіре­се демо­кра­ти­я­ның (халық билі­гі) иісі мұр­ны­на бар­май­тын адам­дар­дан құралған мем­ле­кет­тер­де бұл дерт кең таралған.

Қазақ елі де адам құқы­қта­рын терең мең­гер­ген, аза­мат­тық қоғам­ның прин­циптерін, демо­кра­тия құры­лым­да­рын жатқа айта­тын елдер­ге жат­пай­ды, бірақ ғасыр­лар бойы келе жатқан ұлт­тық қаси­ет­терін – ұлт­тың құн­ды­лы­қта­рын – жоғалт­паған халық. Сон­ды­қтан жер­ге, тіл­ге, дін­ге қаты­сты мәсе­ле­лер әрқа­шан бір жер­ден тесіп шыға­ды. Бұл – қаза­қи мінез, қаза­қи тәр­бие, қаза­қи мен­та­ли­тет. Орыс тіл­ді билік­тің бұл қаси­ет­ті түсі­нуі қиын деп ойлаймын.

Жер кодексінің кей­бір бап­та­ры­на мора­то­рий жари­я­ла­удың басты себебі – ойла­маған жер­ден туған қазақ қар­сы­лы­ғын тоқта­ту­дың басқа жолы қал­маға­ны болар деп ойлай­мын. Менің­ше, осы жағ­дай­да Жер мәсе­лесін талқы­ла­у­ға арналған Қоғам­дық комис­сия да үлкен жұмыс атқар­ды. Жер кодексінің ішін­де­гі кем­шілік­тер мен жер­ді бөлу, жалға беру, жеке мен­шік­ке сату мәсе­лесін шешетін комис­си­я­лар­дың жұмыста­рын­дағы жари­я­лы­лық пен ашы­қты­қтың сақтал­мауы, т.б. мәсе­ле­лер ашыл­ды. Олар­ды шешу үшін пре­зи­дент­тің жари­я­лаған бір жылы­ның жет­пей­тіні анық бола­тын. Өкініш­ке орай, басты мәсе­ле – жер­ді сату мен шетел­дік­тер­ге жалға беру мәсе­лесі сол күй­ін­де қалды…

 

– Биы­лғы жаз­дағы Жер мәсе­лесіне қаты­сты оқиға­лар (митин­гілер, қамау­лар, қыл­мыстық және әкім­шілік сот­тар) қазақ ұлт пат­ри­от­та­ры­ның басын бірік­тіріп, бел­сен­ділі­гін арт­ты­ра алды ма?

– Жоқ! Менің­ше, Жер комис­си­я­сы­на кір­ген ұлт­шыл аза­мат­тар ғана сол комис­сия шең­берін­де жақын ара­ла­сып, так­ти­ка мен стра­те­ги­я­мы­зды үйле­сті­ру жұмыста­рын жүр­гізді, бірақ оны «ұлт­шыл­дар­дың баста­ры бірік­ті» деп атау артық сияқты. Біз­дер әлі күн­ге дей­ін құры­лым­дық дең­гей­де бірік­кен жоқ­пыз. Алай­да Жер мәсе­лесі ұлт­шыл­дар­дың бір орта­лы­ққа бірі­гу қажет­тілі­гін тағы да бір дәлел­деді деп ойлаймын.

 

– Жел­тоқ­сан көтерілісінің 30 жыл­ды­ғын лай­ы­қты дәре­же­де атап өту­ге қаза­қстан­дық билік не себеп­ті құлы­қты болмады?

– Өз басым билік­тің Жел­тоқ­сан оқиға­сы­на қан­дай көзқа­рас ұста­на­ты­ны­на көңіл бөл­мей­тін дең­гей­ге жет­тім. Шынын­да да, нелік­тен біз билік­ке қарап жал­тақтай бере­міз?! Әлде қазақ халқы­ның бар­лы­ғы мой­ын­даған Жел­тоқ­сан­ды билік мой­ын­да­ма­са, сол күн ата­у­сыз қала­ды деп қорқа­мыз ба?

Жел­тоқ­сан – мем­ле­кет­тің мей­ра­мы, мем­ле­кет­тік мере­ке емес, ол – ұлт­тық мере­ке, ол – қазақ халқы­ның кез кел­ген уақыт­та әділет­сіз қоға­мға қар­сы көтері­ле ала­тын­ды­ғы­ның көрінісі. Менің­ше, біздің билік­ке қазақ жаста­ры­ның әділет­сіз жүй­е­ге қар­сы көтері­ле ала­тын­ды­ғы жақ­пай­тын сияқты («Ұры­ның арты қуыс» дегендей…).

Негізі, Жел­тоқ­сан­ды той­ла­удың қан­дай лай­ы­қты дәре­же­сі болуы керек – біл­мей­мін… Құран оқу, еске алу, осын­дай қан­ды оқиға­ның енді қай­тіп қазақ дала­сын­да қай­та­лан­бай­тын қоғам­ды орна­ту ғана жел­тоқ­сан­ды­қтарға лай­ы­қты дәре­же бол­мақ. Біз билік­ті сына­уға құмар­мыз, бірақ халық пен билік дене­лері жабысып қалған сиам егіз­дері емес қой. Егер билік халы­ққа көңіл қой­ма­са, халық та билік­ке жоға­ры­дан қарай білуі керек. Мүм­кін, билік сон­да ғана ойла­на­тын болар.

Айта кету керек, жер дауы­нан кей­ін билік­тің бағы­тын­да да бел­гілі бір өзгерістер бол­ды. Мұх­тар Шаха­но­вты, Әзім­бай Ғали­ды, Әмір­жан Қоса­но­вты, осы сұх­бат­тың иесін, т.т. мәжілістің жұмыс­шы топ­та­ры­на шақы­ра баста­ды (Бірақ ең қызы­ғы – бұл жер­де де билік­тің сасық қулы­ғы қал­май­ды екен – сол жұмыс­шы топ­тарға біз­дер өзі­міздің қар­жы­мы­з­бен барып келуі­міз керек екен. Мұн­дай жағ­дай­да айы­на 120 мың тең­ге жалақы ала­тын Дос Көшім­нің Аста­наға барып келе алмай­ты­ны түсінік­ті болар. Бірақ кей­ін­нен билік­тің: «Міне, біз олар­ды заң шыға­руға да қаты­стыр­дық, бірақ кел­ме­ген өздері кінәлі», – деп айтуы­на толық болады).

Алғаш рет жел­тоқ­сан­ды­қтарға 30 жыл­ды­ққа арнап шыға­ры­лған төс­бел­гі табыст­ал­ды, Жаңа жыл­дық шыр­ша­лар­ды Тәу­ел­сіздік­тен кей­ін орна­ту да халы­қтың көтер­ген мәсе­лесі, қысқа­сы, өзгерістер де бар. Әңгі­ме сол өзгерістер мем­ле­кет­тің халы­қтың көңілін уақыт­ша аулау тәсілі емес, нақты сая­си бағы­ты болуын­да сияқты. Оны бола­шақ көрсетеді.

 

 


 

Уәли­хан ҚАЙСАРОВ, қоғам қай­рат­кері: Билік­тің бере­кесізді­гіне ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ ЖЕТТІ

 

– Биы­лғы жылғы мәжіліс сай­ла­уы, билік басын­дағы ауыс-түй­істер мем­ле­кет­тің сая­си, эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік жағ­дай­ы­на ықпал ете алды ма?

– «Ықпал» деген­нен гөрі, пре­зи­дент­тің бас­шы­лы­ғы­мен бір жыл­дың ішін­де істеп үлгер­ген «іс-шара­лар» деп айтуы­мыз керек шығар. Өйт­кені был­тыр тамыз айын­да өзінің нұсқа­уы­мен болған ұлт­тық валю­та­ның деваль­ва­ци­я­сы халы­қтың әл-ауқа­тын айтар­лы­қтай төмен­дет­ті. Одан кей­ін­гі сай­лау мен ауыс-түй­істер де өз нәти­же­сін бер­ген жоқ. Керісін­ше, бұл билік­тің қолы­нан ешнәр­се кел­мей­тініне халы­қтың көзі тағы да бір рет жет­кен сияқты. Оған соңғы кез­дер­де әле­умет­тік желілер­де пре­зи­дент және жал­пы үкі­мет тура­лы келе­меж-анек­дот­тар­дың көбей­іп кет­кені дәлел.

 

– Үкі­мет бас­шы­лы­ғы­нан «КНБ» төраға­лы­ғы­на ауы­сқан Кәрім Мәсі­мов ел эко­но­ми­ка­сын дағ­да­рыс тығы­ры­ғы­на тап қыл­са да, жуы­қта жоғарғы мем­ле­кет­тік мара­патқа ие бол­ды. Үкі­мет­ті он жылға жуық басқар­са да, эко­но­ми­ка­ны тұра­ла­тып тастаған Мәсі­мов­ке бұл мара­пат не үшін беріл­ді деп ойлайсыз?

– Жал­пы, Мәсі­мо­втің бір­не­ше рет үкі­мет­ті басқарған жыл­да­рын Қаза­қстан­ның тұрғын­да­ры­нан гөрі, пре­зи­дент­тің өзі ғана білетін, елден жасы­рған бір құпи­я­сы бар. Халық бол­са, Мәсі­мо­втың «мәсе­лесін» төл тең­генің төрт рет құн­сызданға­ны­мен және ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның терең дағ­да­ры­ста­ры­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Әзір­ше Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік мара­пат­тар, сый­лы­қтар және қыз­мет­тік лау­а­зым­дар адам­дар­дың жеке қабілетіне қарай емес, оның билік­ке толық беріл­геніне қарай беріледі. Осы сая­сат­тың нәти­же­сі елге әшке­ре болып жатқа­нын билік біл­се де, біл­ме­ген­ге салып бағуда.

– Мұх­тар Әбі­ля­зо­втің фран­цуз түр­месі­нен босап шығуы қаза­қстан­дық оппо­зи­ци­я­ның жан­да­нуы­на әсер ете­ді деп айта ала­сыз ба?

– Әлбет­те! Әбі­ля­зо­втың өзі «Ютубқа» бер­ген сұх­ба­тын­да толық жау­ап бер­ді деп айтуға бола­ды. Бұған қоса, ондай өзгерістер­ді жүзе­ге асы­ру үшін Мұх­тар­дың шексіз мүм­кін­дік­ке қолы жет­ті. Әсіре­се халы­қтың биліккке нара­зы­лы­ғы, бір адам­ның пре­зи­дент­тік тақта отыз жылға жуық оты­рға­ны, ұлт­тық валю­та­ның жыл сай­ын құн­сызда­нуы, баға­лар­дың өсуі, жемқор­лы­қтың жай­ла­уы – айта бер­сек, ұзын-сонар тізім тау­сыл­май­ды. Яғни, бүгін­гі билік­ке қауіп төніп тұр деп айтуға бола­ды. Осы жағ­дай­ды билік сезбей оты­рған жоқ. Сон­ды­қтан алдағы күрес екі жаққа да өте ауыр бола­тын түрі бар. Осы мәсе­лені Әбі­ля­зов та ескер­гені жөн деп санаймын…

 

 


 

Расул ЖҰМАЛЫ, сая­сат­та­ну­шы: Қай­ғы­сы – қуа­ны­шы­нан басым БОЛҒАН ЖЫЛ ДА ӨТТІ

 

– Өтіп бара жатқан жыл­дың басты сая­си трен­ді (Жер мәсе­лесі­нен басқа) не бол­ды деп ойлайсыз?

– Менің­ше, бұл әтте­ген-айы табысы­нан, қай­ғы­сы – қуа­ны­шы­нан әлдеқай­да басым түс­кен кезек­ті жыл­дың бірі бол­ды. Алды­ңғы­ла­ры­нан жалғыз ерекшелі­гі – бұған дей­ін қор­да­ла­нып, шешіл­мей кел­ген түйт­кіл­дер бұрын­нан бетер ушы­ға түсуі. Елдің тыныс-тір­шілі­гі нашар­ла­ды, тиісін­ше әле­умет­тік нара­зы­лық күшей­ді. Көше ара­ла­саң да, Интер­нет кеңісті­гін кез­сең де, көз­ге түсетіні дәл осы. Аза­мат­та­ры­мыз алаңға шыққан қар­сы­лы­ғы тек Жер дауы екенін біл­дір­мей­ді. Өзіне-өзі қол жұм­сап жатқан­дар­дың саны көбе­юі, жастар­дың шетел­ге безуі, қыл­мыс пен лаң­кест­ік­тің кеңі­нен етек жаюы – жағ­дай­дың шие­леніс­кенін айғақтайды.

Алай­да билік тара­пы­нан көріп оты­рға­ны­мыз – аталған қиын­ды­қтар­ды еңсе­ру мен елдің аху­а­лын жеңіл­де­тудің орны­на сол баяғы ескі әуен: салық пен айып­пұл­ды көте­ру, Ұлт­тық және Зей­не­тақы қоры­на қол салу. Жемқор­лы­қты ауы­зды­қта­удың орны­на ара­ны одан бетер ашыл­ды. Шын­ды­қты айтып, халы­қтың мұңын шаққан­дар­ды тың­да­удың орны­на олар­ды қыспаққа алып, бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға білек сыба­на кірісті. Ал енді ащы ақиқат­тан безіп, оған тұтас қауым­ды сен­ді­ру мақ­са­тын­да –той-тома­лақтан көз ашпау, теле­ди­дар­ды әзіл-сықақ пен келім­сек­тер­дің құлы­на айнал­ды­ру, жағым­паз­дық пен жеке басқа табы­ну­шы­лық шек­тен шығып, бір-бірін орден­дер­мен мара­пат­та­уы – қол­дан бер­ген мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­на алмай, босқа кет­кен кезең де осы шығар!

 

– Биыл Алаш қозға­лы­сы мен Ұлт-азаттық қозға­лы­сы­ның 100 жыл­дық дата­сы билік тара­пы­нан не себеп­тен лай­ы­қты дәре­же­де атап өтілмеді?

– Қарап отыр­сақ, 2016 жыл біздің елі­міз үшін маңы­зды тари­хи да сая­си оқиға­ларға толы бол­ды. Өзіңіз айтып оты­рған Алаш қозға­лы­сы мен Ұлт-азаттық қозға­лы­сы­ның 100 жыл­ды­ғы­мен қатар, Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғын, Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің 25 жыл­ды­ғын, Жел­тоқ­сан көтерілісінің 30 жыл­ды­ғын, Жаңаө­зен қырғы­ны­ның 5 жыл­ды­ғын атап өтсек бола­ды. Осы оқиға­лар­ды еге­мен­ді ел ретін­де терең ұғы­нып, бостан­дық жолын­да ерлік көр­сет­кен тұлға­лар­ды ұлы­қтап, бары­мы­зды жинақтап алуға кере­мет мүм­кін­дік туып еді. Оны да үстір­тін де фор­маль­ды іс-шара­лар­мен жаба сал­ды. Кей­де ресми орын­дар Қаза­қтың шын мәнісін­де­гі тарихын біліп-тану, оны дәріп­теу былай тұр­сын, тіп­ті мой­ын­да­уға құлы­қ­сыз сияқты. Басқа­ша болған жағ­дай­да жоға­ры мін­бе­лер­ден Қазақ мем­ле­кетінің тарихы тек 1991 жыл­дан бастау ала­ды, Ұлы дала ханда­ры­ның бірі де мем­ле­кет­тік­ті баян­ды ету­де айтар­лы­қтай іс тын­дар­маған сыңай­дағы сөз­дер­ді естір ме едік?

Әрине, жанға бата­тын, намысқа тиетін нәр­се­лер. Онын себебіне келер бол­сақ, ең алды­мен шынайы Тәу­ел­сіз ел бола алмаға­ны­мыз, отар­лық һәм құл­дық сана-сезім­нен арыл­маға­ны­мыз деп біле­мін. Және ең өкіні­штісі – бүгін­гі сая­си эли­та­лар жағ­дай­ды қалы­пқа кел­тіру­ге мүд­делілік таныт­па­уы. Сон­ды­қтан бұл мін­дет ерте ме, кеш пе, сая­си сахнаға келетін жаңа ұрпақтың қолы­нан келеді деп сене­мін. Халық болып осы бағыт­та жұмы­луы­мыз қажет. Онсыз ұлт ретін­де өзі­мізді танып, мықты мем­ле­кет орна­туы­мыз, демек, жарқын бола­шаққа қол жет­кі­зуі­міз неғайбыл.

 

– Жуы­қта ел пре­зи­ден­ті мем­ле­кет­тік құры­лым­дар ара­сын­да билік­ті бөлі­су мүм­кін­ді­гін тағы да сөз етті. Н.Назарбаевтың бұл еме­урінін сіз қалай түсін­діңіз: қоғам­ды кезек­ті алдарқа­ту ма, жоқ әлде тран­зит­тік кезең­ге дай­ын­дық қамы­ның басталға­ны ма?

– Ешқан­дай тран­зит­тік кезең басталған жоқ. Ол жай­ын­да пре­зи­дент­тің өзі де талай рет билік­тен кет­пей­тін­ді­гін, ден­са­улы­ғы мұр­сат бер­се, бас­шы­лы­қта оты­ра беретін­ді­гін айтқан бола­тын Ал уақыт өткен сай­ын жүр­гізіліп тұра­тын сан алу­ан әкім­шілік, құры­лым­дық, басқа да рефор­ма­лар қан­дай да алға басу мен жаңа­шыл­дық әке­летініне өз басым сен­бей­мін. Соңғы ширек ғасыр­да ондай­дың қан­ша­сы жари­я­лан­ды? Сон­да шен­ділер­дің саны­ның артқа­нын есеп­те­ме­ген­де, не тындырылды?

Сөз болып оты­рға­ны сыр­тқы пішінін кос­ме­ти­ка­лық, сәл көрік­ті етіп, ішкі маз­мұ­нын баяғы қал­пын­да сақтап қалу­дың қамы ғана. Тиісін­ше, түбе­гей­лі сая­си рефор­ма­лар іске аспай, сөз жүзін­де­гі емес, нағыз демо­кра­тия орны­қ­пай, оның негіз­гі құн­ды­лы­қта­ры болып табы­ла­тын сөз бостан­ды­ғы, митинг­тер мен шеру еркін­ді­гі, бас­пасөз бен сот­тың тәу­ел­сізді­гі, билік­тің халық бақы­ла­у­ын­да болуы қам­та­ма­сыз етіл­мей, ешнәр­се өзгер­мей­ді. Бірақ бұл мақ­сатқа қол жет­кі­зу үшін қоғам­ның өзі оянуы қажет, әрбір аза­мат Қаза­қстан – менің Ота­ным, менің ұрпақта­рым­ның жері, мен оның бола­шағы­на жау­ап­ты­мын деп сезі­нуі керек. Ал тәу­бе­шіл­дік­ке жүгініп, жұмған ауы­зды ашпай оты­ра бер­сек, аяны­шты жағ­дай­дан айы­қ­пай­ты­ны­мыз анық.

 

 


 

Мұхан ИСАХАН, дін­та­ну­шы: ҚАНДЫ ҚАСАП ОҚИҒАЛАР – жібер­ген қателі­гі­міздің қайтарымы

 

– Өтіп бара жатқан жылы қоғам­да діна­ра­лық жік (дәстүр­лі ислам мен сала­физм ара­сын­дағы) өрши түсті. Бұл жік­шіл­дік­тің басты себебі неде?

– Әсілі, Ақтө­бе мен Алма­ты қала­сын­дағы орын алған содыр­лық оқиғаға қарап, осы­лай ой-қоры­тын­ды шығар­сақ, қате­ле­с­кен бола­мыз. Себебі дәстүр­лі ислам мен сала­физм ара­сын­дағы жік­шіл­дік­тің ушы­ға түс­кеніне талай жыл­дар өтті. Сарап­шы­лар Қаза­қстан қоға­мын­да бір-біріне қар­сы екі діни лагерь шеп құрып, қырғи-қабақ рәуі­ш­те қырқы­сып келе жатқа­нын айтып-ақ келеді. Мыса­лы, ақпа­рат кеңісті­гін­де бел­гілі бір діни тұлға­лар­дың дәр­пін асы­руға неме­се қара­ла­у­ға бағыт­талған ауық-ауық мәлі­мет­тер жарық көреді. Мыл­ты­қ­сыз май­дан­дағы бұл ойын­дар­дың аста­ры­на үңілетін бол­сақ, бір-біріне қар­сы діни топ­тар­дың ара­сын­да нән соғы­стар­дың жүріп жатқа­ны­на көзіңіз жетеді.

Ал елі­міз­де орын алған соңғы лаң­кест­ік оқиға­лар мәсе­ленің шырқау шегіне жет­кенін әйгілей­ді. Жал­пы, бұл соғы­стың тарихы – ары­сы мың жыл, берісі үш ғасыр­дың еншісіне тиесілі. Ақи­да тақы­ры­бын­дағы антро­по­мор­физм (Жара­ту­шы­ны жара­ты­лы­сқа ұқса­ту) мен тран­це­дент­ті (Құдай­дың заты ақы­лға сый­май­ды) түсінік­тер, фиқһ тақы­ры­бын­дағы захир­шіл­дік (бук­ва­лизм) мен раци­о­нал­ды әдіс­на­ма­лар­дың қай­шы­лы­ғы ешқа­шан тола­стаған емес. Тек сун­нит­тік ислам мен неоха­ри­жит­тік ағым­дар­дың ара­сын­дағы шақ­пақ әр дәуір­де әр кеңістік­те шағы­лып отыр­ды. Тәу­ел­сіздік алған жыл­да­ры билік діни мәсе­ле­лер­ді рет­те­уде тәжіри­бесі бол­маған­ды­қтан, осы бітіс­пес даудың дәні Қазақ топы­рағы­на себілуіне жол беріп алды. Себіл­ген ұрық екі мыңын­шы жыл­дар­дан кей­ін бүр жарып шығып, өнім бере баста­ды. Ағым­дағы жылы орын алған қан­ды қасап оқиға­лар – тоқ­са­нын­шы жыл­да­ры жібер­ген қателі­гі­міздің қай­та­ры­мы десек болады.

 

– Қоғам­дағы сала­физм ағы­мын ауы­зды­қтау мәсе­лесін­де қаза­қстан­дық билік тиім­ді қадам­дар жасап жатыр деп ойлай­сыз ба?

– Сала­физм мәсе­лесін ауы­зды­қта­уға билік қал-қадерін­ше тиісті шара­лар жасап бағу­да. Бірақ түбе­гей­лі еңсе­ру­ге нақты қадам­дар жасал­ды деу­ге әлі ерте. Тегі, 2011–2012 жыл­да­ры орын алған лаң­кест­ік оқиға­лар­дан соң билік батыл қадам­дарға бару керек еді. Деген­мен, мәсе­лені бей­біт жол­мен рет­те­у­ге қолы­нан кел­ген шара­лар­ды іске асы­ру­да. Мыса­лы, 2012–2017 жыл­дар ара­лы­ғын­да діни экс­тре­мизм мен тер­ро­ризммен күрес бағ­дар­ла­ма­сы қабыл­да­нып, осы­ның аясын­да көп­те­ген алдын алу шара­ла­ры жүр­гізіл­ді. Атап айтар бол­сақ, Дін істері коми­теті тара­пы­нан РАТТ (рес­пуб­ли­ка­лық ақпа­рат­тық түсін­ді­ру тобы) және ҚМДБ тара­пы­нан РАНТ (рес­пуб­ли­ка­лық ақпа­рат­тық наси­хат­тық топ) құрыл­ды. Бұдан өзге әрбір облыс пен қала және аудан­дар­да ЖАНТ (жер­гілік­ті ақпа­рат­тық наси­хат­тық топ) жасақтал­ды. Осы құры­лым өкіл­дері елі­міз­де­гі діни тұрғы­да ушы­ғып тұрған өңір­лер­де мың­даған кез­де­су­лер мен жиын­дар өткізіп, теріс діни бағыт­та жүр­ген қан­ша­ма отан­даста­ры­мы­здың бетін қайтарды.

 

– Қаза­қстан­дағы діни мәсе­ле­лер­ді рет­теу мақ­са­тын­да құры­лған жаңа мини­стр­лік­тің қыз­метіне қан­дай баға бересіз? Әсіре­се сала­физммен күрес мәсе­лесі тұрғы­сын­да бұл құры­лым­ның өкілет­ті­гін арт­ты­ру қажет деп санай­сыз ба?

– Жаңа­дан құры­лған Дін істері және аза­мат­тық қоғам мини­стр­лі­гінің жұмысы­на баға беру­ге әлі ерте. Әйт­кен­мен, ведом­ство­ның аты өзгер­ген­мен, бұл уәзір­лік 2011 жыл­дан бері жұмыс істеп келеді. Ол кез­де (2011 ж.) Дін істері агент­ті­гі болып құры­лған еді. 2014 жылы үкі­мет құры­лы­мы қай­та жасақталған­да, Дін істері агент­ті­гі Дін істері коми­теті болып құры­лып, Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің құра­мы­на өтті. Осы жылы жоға­ры­да айты­лған содыр­лық оқиға­лар­дан соң билік Дін істері және аза­мат­тық қоғам мини­стр­лі­гін құр­ды. Әлбет­те, билік­тің бұл қада­мы оң өзгерістер­ге мұрын­дық бола­ды деп ойлай­мын. Әсіре­се мини­стр­лік­тің құра­мы­на Дін істері коми­теті­мен бір­ге Жастар коми­тетінің енуі құп­тар­лық жайт. Себебі қазір дәстүр­лі емес діни ағым­дар негізі­нен жастар ара­сын­да қанат жай­ған. Атал­мыш екі коми­тет­тің бір уәзір­лік­тің құра­мын­да болып, қанат­та­са бір­ге жаса­уы – діни мәсе­ле­лер­ді рет­те­у­ге оң сеп­тік ететініне үміттімін.

 

Сау­ал­на­ма жүргізген –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн