Суббота , 12 июля 2025

ЕСТЕН КЕТПЕС КҮН

І.

Қаза­қта «сек­сен­нің сең­гірі» деген тұрақты сөз тір­кесі бар. Сол «сек­сен­нің сең­гіріне» мен был­ты­рғы (2014) жыл­дың күзін­де мысы­қта­бын­дап шықтым-ау…

Көр­ген жақ­сы­лы­ғым: жұрт мерей­лі жасым­ды құр­мет­те­ді, думан­дат­ты, аспан­дат­ты, жылы ықы­лас-ниет таныт­ты, дәстүр­лі мақтау сөз­дер­мен қоше­мет­те­ді, сый-сыя­патқа бөледі, алты-жеті кіта­бым­ды шығар­ды, жүз­ден астам мақа­ла-сақа­ла­ла­рым­ды газет-жур­нал­дарға жари­я­ла­ды, теле­ди­дар-радио­дан әспет­те­ді, елба­сы­ның жар­лы­ғы­мен «Достық» орденін төсі­ме тақты, жасым­нан өскен Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның «Құр­мет­ті аза­ма­ты» атағы­на ие болдым.

Мақтан үшін айтып оты­рға­ным жоқ. «Сек­сен­нің сең­гіріне» шығу үшін де әжепте­уір еңбек­те­ну керек екен. Қысқа­сы, көй­лек көк, тамақ тоқ, әтте­гені – ден­са­улық жоқ. Енді ол жағы менің құзы­рым­да емес.

Айт­пағым басқа. Сек­сен жыл өмір сүр­ген адам­ның жадын­да ерекше бір күн қал­май ма?

Менің ең қуа­ны­шты, сәт­ті бала­лық күнім – Ұлы Жеңістің алға­шқы күні. Кер­без Есіл­дің оң жағын­да жай­ғасқан ол кез­де­гі Ленин атын­дағы кең­шар. Оннан асқан шағым. Қазақ мек­тебінің үшін­ші сынып оқушысымын.

Соғыс кезін­де­гі ауыл­дар­дың сұрқан тір­лі­гін мен роман-хика­ят­та­рым­да, әңгі­ме-очерк­терім­де өз әлім­ше талай сурет­те­ген­мін. Бұл тақы­рып­тан қазақ жазу­шы­ла­ры­нан ада болған­да­ры шама­лы. Ол нәу­бат­ты жыл­дар жай­ын­да аз айты­лған жоқ.

Ал жет­піс жыл бұры­нғы Жеңіс күні ауы­лы­мы­зда қалай өткізіл­ді, ол күн сана­мы­зда қан­дай орын алды? Соны қаз-қал­пын­да оқыр­манға айтып берейін.

…Ауыл­кеңе­стің төрін­де, қабы­рға­да атам заманғы қара теле­фон ілулі тұра­тын. Облыс я аудан орта­лы­ғы­на қоңы­рау шалған­да, оның құлағын мың-мың бұрап, жар­ты сағат ком­му­та­торға «аллёу­лай­тын». Үлкен басты­қтар­дан оқта-тек­те жедел хабар келетін. Ауыл­да, қате­ле­с­пе­сем, он шақты АКП бел­сен­ділері бола­тын. Олар кезек-кезе­гі­мен таңғы алты­ға дей­ін қара теле­фон­ды күзе­тетін. Жұрт­тың бәрі соғы­стың бітуін күтіп жүр­ген кез. Атақты Леви­тан дауы­сы күр­кіреп, Жеңісі­мізді жариялайды-мыс.

1945 жыл­дың 8 мамы­рын­да қазақ ауыл­да­рын қыз­мет (фельд­шер-аку­шер) бабы­мен ара­лап кел­ген әкем кеш­кілік он шама­сын­да Ауыл­кеңес­ке кезек­шілік­ке бар­ды. Ертеңіне елең-алаң­да зор қуа­ныш үстін­де үйге апыл-ғұпыл кел­ді де, шешем­ді оятты.

– Аня, тұр! Күт­кен күні­міз туды! Қызыл Армия жеңді. Фаши­стер жеңіл­генін мойындады.

– Не дей­ді?! Шын ба? – деді шешем үздігіп.

– Түн­де аудан­нан хабар­ла­ды. Өз құлағым­мен естідім.

Шешем атып тұрып, тез киін­ді. Дауы­сы діріл­деп кетті.

– Онда… онда тая­у­да елге ора­ла­тын болар­мыз! Еділ өңірі­мен қауы­ша­мыз! Солай емес пе?

Біле­мін: туған елге ора­лу – шешем­нің төрт жыл­дан бер­гі асқақ арманы.

Ұйқым шай­дай ашыл­ды. Қан­нен-қапер­сіз пеш түбін­де Эль­ма қарын­да­сым пыр-пыр­лап жатыр.

– Әй, қай­дам… – деді әкем. – Бұл мәсе­ле тая­у­да шеші­мін таппас…

– Неге олай дей­сің? Соғыс біт­кен бой­да айда­удағы­лар­дың бәрін еліне қай­та­ра­мыз деп, мұрт­ты көсем айт­па­ды ма?

– Көсем­дер не демейді?!…

Мен көзім­ді уқа­лап, әке-шеше­ме кезек-кезек қарай­мын. «Оу, сон­да қалай болға­ны? Елі­міз­ге орал­сақ, онда кім­мен ойнай­мын? Мұн­дағы дос-тамыр­ла­рым­мен қалай айы­ры­лы­са­мын? Еділ бой­ын­дағы Ман­гейм­нен есім­де қалған­да­ры еміс-еміс, ал Есіл жаға­сын­дағы қазақ ауы­лы­на үйреніп кет­тім. Тағ­дыр шеші­мі қалай болмақ?».

– Әй, сен бәрін естідің бе? – деді әкем.

– Ия.

– Онда неғып жатыр­сың? Анау Әскер досы­ң­ды оят та, бүкіл ауыл­ды сүй­ін­шілеп шық. Бәрі де естісін, қуансын.

Ауыл­дың кем­пір-шалы, қатын-қала­шы, бала-шаға­сы түгел қуа­нып, көз­деріне жас алып, біз­дер­ді сүй­іп-құшақтап айма­лап жатыр. Әскер­дің кенеп дор­ба­сы кенері­нен тол­ды. Біз де еліріп кет­тік. Дауы­сы­мыз қарлықты.

– Сүй­ін­ші! Сүйінші!

Біздің соңы­мы­здан тіл­дері салақтап, ауыл­дың иттері де шапқылады.

Түс­ке таман етік­ші Мұқан шал­дың үйіне жет­тік. Ол жуан мұрт­ты, айбар­лы кісі бола­тын. Тілі қыр­шаңқы. Әркім­ді кекетіп-мұқа­тып оты­ра­тын. Сұсты.

Ескі-құсқы етік жамап отыр екен. Дауы­сы­мыз бәсең шықты.

– Ата, сүй­ін­ші! Соғыс біт­ті! Біз жеңдік!

– Жең­ген еке­уің бе?

– Енді… – деп мің­гір­леді Әскер.

– Асы­қ­пен бе, көк шыбы­қ­пен бе?

Мен Әскер­ді қол­ты­ғы­нан тарттым.

– Кетей­ік…

Есік­ке бұры­ла бер­ген­де, Мұқан шал:

– Ей, тоқта! – деді. – Сүй­ін­ші сұра­ма­стан бұрын: «Асса­ла­маға­лей­күм!» деу керек. Кира біл­ме­се де, сенің, Әскер, біл­генің жөн!

«Кира» дегені – мен. Ауыл­дың кем­пір-шал­да­ры мені солай атайды.

– Ал жақ­сы хабар жет­кіз­ген­дерің үшін Әскер­ге жұл­дыз жарқы­раған әске­ри  жез түй­мем бар. Пер­шыл­дың бала­сы­на қызыл құлақ қаға­зым бар. Айы­пқа бұй­ыр­маңы­здар! Арман­да­ры­ңа жетіңіз­дер. – Мұқан шал күс-күс қолын төсіне салып, қал­та­ла­рын біраз ақта­рып, төрт бүк­тел­ген қызыл отыз сомдық шығарды.

– Мә, Сары бала! Пәшістер­ді жеңе бер! Тұқы­мы құрысын!

Шал­дың бар бай­лы­ғы осы отыз сом болуы керек.

– Рах­мет, ата!

Үйден ізет­пен шықтық. Соғы­ста Мұқан шал­дың екі ұлы шей­іт болға­нын білетінбіз…

 

ІІ.

Түс ауа ауы­лға хабар тара­ды: Жұрт­тың бәрі тай-тұяғы­мен мүм­кін­ді­гін­ше киініп, жуы­нып, тара­нып, мек­теп­ке жинал­сын! Ауыл бел­сен­ділері, мұғалім­дер, оқу­шы­лар, интер­нат бала­ла­ры бірі қал­май митин­гі­ге қатыс­сын, шеру­леп жүр­сін, одан кей­ін Есіл­дің жаға­сын­да «Тас өткел» алаңын­да кіші­гірім той, ойын болмақшы.

Той десе, қазақ қалыс қала ма?

Бір қолы қысқы боран­да түсіп қалған Ленин ескерт­кі­шінің түбін­де ауыл тұрғын­да­ры түгел жинал­ды. Мек­теп дирек­то­ры, басқар­ма, ауыл­най, көп бала­лы ана Шаку, менің әкем шын жүрек­тен, толға­нып, ауыл­даста­рын Ұлы Жеңіспен құттықтады.

Көрін­де өкір­гір сұм пашис, қані­шер Кит­ляр­дың әкесін, ата­сын, шеше­сін, өзін бір боқтап алып, еңбек оза­ты Сей­іт-қожа: «Жаса­сын, ұлы көсе­мі­міз Ста­лин!» – деп жұрт­тың ойы­нан шықты.

– Әп, бәсе! – деп риза бол­ды жиналғандар.

Митинг біт­кен бой­да әске­ри пән­нің мұғалі­мі шолақ қол Әбі­кей орыс­ша бұй­рық берді.

– Колон­на, строй­ся! В три ряда. Марш! Пуйрат!

«Пуй­рат» дегені «Впе­ред!» екен.

– Ай, жаса, жаса! Ерға­ли ата!

Ата­мыз аттың үстін­де оты­рып, халы­қты Жеңіспен құт­ты­қта­ды. Өзіне лай­ық оқы­ған­ды­ғы да бар болып шықты.

 

ІII.

Сол­түстік­тің түні ашық, ұзақ келеді. Шам­ды кеш жаға­ды. Я ошақтың түбін­де оты­рып, әңгі­ме-дүкен құрады.

Күн бат­пай Әскер еке­уміз «олжа­мы­зды» қызы­қта­дық. Кенеп қап­шы­қтан әжептәуір бай­лық шықты: қатып қалған бауыр­сақ, құрт, ірім­шік, бір жапы­рақ сүр­лен­ген ет, бір уыс талқан, бес-алты түй­ір қант, бір шыны оде­ко­лон, бір-екі төс бел­гі, кесте­лен­ген қал­та ора­мал, бес-алты бақыр тең­ге, жұл­ды­зды әске­ри түй­ме, сыңар қолғап, сарғай­ып кет­кен, тер сасы­ған пилот­ка, бір шеті мүжіл­ген пря­ник, бір тілім таба нан.

Соның бәрін ақыл­да­сып, бөліп, үй-үйі­міз­ге тарастық.

Шешем ондық шам­ның түбін­де ескі неміс ұршы­ғы­мен жүн иіріп отыр. Көке неміс әнін ыңыл­дай­ды. Әкем қалғып-мүл­гіп, ВКП тарихы­ның қысқа­ша кур­сын қау­за­ған бола­ды. Төр­тін­ші тара­уы­на тісі батар емес.

Мен «олжам­ды» үстел үстіне қой­дым да, төсе­гі­ме жат­тым. Ұйқы кел­меді: көз алдым­да қоңыр ауыл, жер­ле­стерім, митинг, шеру, Есіл жаға­сын­дағы той тіз­бек­теліп, санам­ды қуа­ны­шқа бөлейді.

Аспан­да ай қалы­қтап, жүзіп жүр.

Соны­мен көп­тен күт­кен Жеңіс күні де кел­ді. Ертең­нен бастап, бақыт­ты заман орнай­ды. Жаңа беле­стер ашылады.

Тәубә, тәубә! Шүкір, шүкір!…

 

***

Ертеңіне дүкен­ге барып, қабы­рға­да ілулі тұрған ман­до­ли­на­ны Мұқан шал бер­ген оттай қызыл отыз сомға сатып алдым…

Герольд БЕЛЬГЕР

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн