Вторник , 26 августа 2025

ЕТ НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 


Апта апты­ғы

 


Елі­міз­де ет қым­бат­та­ды. Әсіре­се ең өтім­ді сиыр еті 400–500 тең­ге­ге өскен. Сон­дай-ақ жылқы мен қой етіне де құн шарықтапты.

 

Сату­шы­лар қым­бат­шы­лы­қты экс­пор­тқа еттің көп жөнел­туі­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Оның үстіне аяз бен боран­ның кесірі­нен жол­дар жабы­лып, етті базар­ларға жет­кі­зу қиы­нға соғып тұр екен. Сон­ды­қтан тап­шы­лы­қты пай­да­ланған­дар баға­ны өсіріп жіберіпті.

Баға өскелі, ет ізде­ген­дер­дің қара­сы сей­іл­ген. Мәсе­лен, Ақтө­бе­де ең өтім­ді сиыр еті 400–500 тең­ге­ге дей­ін қым­бат­таған. Қым­бат­шы­лық Қараған­ды­ны да айна­лып өткен жоқ. Мұн­да 400 тең­ге­ге өскен сиыр еті 2000 тең­ге­ден саты­лу­да. Ал жылқы еті тіп­тен 2,5 мың. Баға­ның өсуіне кәсіп­кер­лер тап­шы­лық себеп дей­ді. Айту­ла­рын­ша, өңір­дің еті Ресей­ге жіберіл­ген­дік­тен, ішкі нары­қта жетіс­пе­ушілік бар. Ұрым­тал сәт­ті ұтым­ды пай­да­ланған­дар құн­ды өсіріп жіберген.

«Оның үстіне жанар­май мен жем, шөп­тің баға­сы қым­бат­тап кет­ті. Мал шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын­дарға бұл қат­ты әсер ете­ді. Сол үшін был­тыр­дан бері өсіп жатқан баға биыл бір­ден шары­қтап шыға кел­ді», – дей­ді ет дүкенінің қожай­ы­ны Васи­лий Дашкин.

Шым­кент­те де баға айтар­лы­қтай өскен. Мұн­да қой, сиыр, жылқы етінің құны 200 тең­ге­ге көтерілген.

– 10 келі ала­тын бол­сақ, енді қазір 3–5 келі ала­мыз. Бар­лы­ғы солай. Қал­та­дан қағып жатыр.

Ет баға­сы Аста­на­да да аспан­дап тұр. Өзге өңір­лер­мен салы­сты­рған­да, мұн­да сиыр еті мүл­дем қым­бат. Бұрын 1400–1500-ден саты­лған ірі қара етінің баға­сы 2 мың­нан асып кеткен.

– Бүкіл тау­ар­дың бәрін қым­бат­та­тып жібер­ді. Зей­не­тақы­ға қостық дей­ді, қосқа­ны 3 мың. Ал тау­ар­ды екі есе­ден артық қым­бат­та­тып жіберді.

– Қаза­қстан­да мал жете­ді. Біз экс­пор­тқа күшті еттер­ді жібе­ре­міз де, өзі­міз жақ­сы ет жей алмай­мыз. Ет қым­бат, енді тағы да қым­бат­тап жат­са, білмеймін.

Ал Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі ет баға­сы­ның өсуін қолай­сыз ауа рай­ы­нан көреді. Өйт­кені аяз бен боран­ның кесірі­нен шаруа қожа­лы­қта­ры етті қалаға жет­кі­зе алмай жатыр.

«Сұра­ныс көп болған­ды­қтан, сату­шы­лар баға­ны қым­бат­та­тып жатқан шығар. Өйт­кені ауа рай­ы­на бай­ла­ны­сты етті базар­ларға жет­кі­зу қиын болып тұр. Жол­дар жабық. Сон­ды­қтан ет тап­шы­лы­ғы болған соң, баға өсіп кете­ді», – дей­ді ҚР Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрінің орын­ба­са­ры Қай­рат Айтуғанов.

Ал қыста жол­дар­дың жиі жабы­ла­ты­нын ескер­сек, алып­са­тар­лар­дың сауда­сы қыза­ры анық. Бірақ шене­унік­тер баға­мен ойнаған­дар­ды жап­пай жаза­лай­мыз деп отыр. Тіп­ті қым­бат­шы­лық жай­лаған базар­ларға арнайы тек­серіспен бармақ.

 

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн