Суббота , 5 июля 2025

«ФЕЙСБУКТІ» АУЫЗДЫҚТАУМЕН ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІ ӨЗГЕРМЕЙДІ

Сен­ген қой­ым сен болсаң…

 


 

 

«Отан­дық бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның бәсе­ке­ле­сті­гі және дамуы мәсе­ле­лері тура­лы» өткен мәжілісте­гі үкі­мет саға­тын­да депу­тат Бек­бо­лат Тіле­уxан «Фейс­бук» желісінің Қаза­қстан­да сая­си аре­наға айна­лып кет­кеніне қын­жы­лыс біл­дір­ді, – деп жаза­ды Baq.kz.

 

«Баяғы­да мін­бе­ге шығып, сөз алу үшін, ақпа­рат тара­ту үшін дәлел­ден­ген еңбе­гің, қоғам­да пікір айта­тын беделің болуы керек еді. Баяғы­да ең бол­ма­са пікір айту үшін 100 қой­дан 101 қозы алуың керек бола­тын. Ал қазір ерін­бе­ген – етік­ші, ұял­маған – әнші бола­тын заман туды. Шексіз май­дан баста­лып кет­ті. Тізесіне ноут­бу­гын қой­ып, ойы­на кел­генін жаза береді. Еліне құр­меті қалған жоқ. Мұның бәрі, бірін­ші­ден, мәде­ни­ет­тің жоқты­ғы­нан. Тек­тілік­тің бол­мауы­нан деп ойлай­мын. Мыса­лы, «Фейс­бук» АҚШ-та отба­сы­мен балық аула­у­ға барған­да­ры секіл­ді дема­лы­ста­ры­ның суретін сала­тын әле­умет­тік желі болып сана­ла­ды. Ал біз­де, Қаза­қстан қоға­мын­да бұл сая­си аре­наға айна­лып отыр. Осы­ны ауы­зды­қтау үшін не істеу керек деген мәсе­ле Ақпа­рат мини­стр­лі­гінің алдын­да тұр», – дей­ді депу­тат Бек­бо­лат Тіле­ухан мырза.

baq.kz

 

 

 

 

Comments

 

АБЗАЛ:

Бек­бо­лат­тың ұсы­ны­сы­на қаты­сты айты­лып жатқан көп­те­ген ыза­лы, ашу­лы пікір­лер­дің бәрі де орын­ды. Бек­бо­лат­тың бет­пер­десі сыпы­рыл­ды. Шын бет­бей­несі анық бол­ды. Өте нашар екен.

 

ГҮЛНАР:

Түр­лі пікір­лер айты­ла­ды, талас-тар­ты­стар бола­ды. Кей­де басты ныса­на билік­те­гілер болып тұра­ды. Сол жағы ұна­май қалған шығар. Тек бір нәр­се анық – ФБ жабыл­са, халы­қтың билік­ке пікірі өзге­ре кой­май­ды. «Фейс­бук­ты» жапқан­мен, нәти­же болмайды.

 

 

Казы­бек ИСА:

1. «Фейс­бук» АҚШ-та да сая­сат алаңы екенін кеше­гі пре­зи­дент сай­ла­у­ын­дағы Трамп­тың жеңісі­нен-ақ бай­қа­уға бола­ды. Ал бүгін ғана теле­ар­на­лар­да АҚШ-та сол Трам­пқа қар­сы 120 мың әйел шеру­ге шыға­тын­да­рын «Фейс­бук» арқы­лы мәлім­деп, келісім жасап оты­рға­нын көр­сет­ті. Сон­да АҚШ-тағы бұл пре­зи­дент жеңісі мен пре­зи­дент­ке қар­сы әйел­дер қар­сы­лы­ғын көр­сетіп оты­рған «Фейс­бук­тан» мен ешқан­дай «балық аула­уды» көріп оты­рған жоқ­пын.… Олар­дан тек «балық аула­уды» көру үшін, қан­дай көз­бен қара­уды білмедім…

 

2. Қазақ өзінің әле­умет­тік-сая­си пікірін «Фейс­бук­та» айт­па­са, қай жер­де айта­ды? Себебі ондай ашық әле­умет­тік-сая­си пікір­лер Бек­бо­лат оты­рған, халық тала­бы­ның орда­сы болуы тиіс пар­ла­мент­те айты­ла қой­май­ды. Сонан соң, ФБ тек қоғам­дық-сая­си алаң ғана емес, қан­ша­ма әде­би-мәде­ни әлем­нің алаңы­на да айна­лып отыр. Қан­ша­ма жаңа шығар­ма­лар­ды ең алды­мен ФБ-дан оқып жүр­міз, күн­делік­ті маңы­зды жаңа­лы­қтар­ды, керек кеңе­стер­ді айтпағанда…

 

3. Билік әле­умет­тің іште­гі шерін шыға­руы­на жақ­сы алаң жасап бер­гені үшін «Фейс­букқа», Марк Цукер­берг мыр­за­ға қай­та-қай­та рах­мет айтуы керек, құры­ған­да алғыс хат жіберіп… Әйт­пе­се ішіне шер толған халық шеру­ге, көше­ге шығып кетер еді…

 

4. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы аты­нан «халық қала­у­лы­сы» бола оты­рып, халы­қтан – халы­қтың демо­кра­ти­я­лық пікір алаңын қызға­ну қалай болар екен? Бұған атал­мыш пар­тия не деп жау­ап береді? Пар­ла­мент­те оты­рып, АҚШ-та да «Фейс­бук» сая­сат алаңы екенін біл­ме­уді қалай түсі­не­міз? Ал мұны кез кел­ген қатар­дағы ФБ қол­да­ну­шы­сы біледі және осы әле­умет­тік желі­де Бек­бо­лат мыр­за­ға еже­леп айтып, шеге­леп жазып жатыр. Міне, «Фейс­бук­тың» артықшылығы!

qazaquni.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн