Воскресенье , 6 июля 2025

Франция Мұхтарды «МИСТРАЛЬҒА» АЙЫРБАСТАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

 

Оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зо­вты Ресей­ге экс­тра­ди­ци­я­ла­у­ға рұқ­сат бер­ген Фран­ция үкі­метінің шеші­мі еуро­па­лық бас­пасөздің басты тақы­ры­бы­на айнал­ды. Біз осы орай­да «Азаттық» радио­сы­ның интер­нет-сай­ты жари­я­лаған мақа­ла­ны оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсындық.

 

Қыр­күй­ек­тің 17-сі күні Фран­ци­я­ның пре­мьер-мини­стрі Ману­эль Вальс қаза­қстан­дық «БТА бан­кінің» бұры­нғы басқар­ма төраға­сы Мұх­тар Әбі­ля­зо­вты Ресей­ге экс­тра­ди­ци­я­лау тура­лы жар­лы­ққа қол қой­ды. Алай­да оның адво­кат­та­ры мен жақын туы­ста­ры­ның айтуын­ша, шешім ресми түр­де Мұх­тар Әбі­ля­зо­вқа өткен жұма­да, 9 қазан­да айтылған.

– Біз тех­ни­ка­лық мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты кеші­гіп беріл­ген болар деп ойлай­мыз, өйт­кені шешім алды­мен орыс тіліне ауда­ры­лып, содан соң ресми орын­дарға жөнел­тілуі тиіс, – дей­ді оппо­зи­ци­я­лық тұлға­ның қызы Мәди­на Әбілязова.

Бұры­нғы бан­кир­дің адво­ка­ты Питер Сала­стың мәлім­де­уін­ше, «бұл шешім­ді Фран­ци­я­ның мем­ле­кет­тік кеңесіне шағым­да­нуға мүм­кін­дік бар». Оны құп­таған Мәди­на Әбі­ля­зо­ва­ның «Азатты­ққа» айтуын­ша, фран­цуз үкі­метінің жар­лы­ғы­ның үсті­нен Жоғарғы сот инстан­ци­я­сын­да шағым­да­нуға әлі 30 күн уақыт бар.

– Келесі жолы олар істі жан-жақты қарай­ды деп үміт­те­не­міз, – дей­ді Мәди­на Әбі­ля­зо­ва. – Айып­тың қол­дан жасалға­нын көр­се­тетін өте көп қағаз­дар ұсын­дық. Ресей­де­гі сот жағ­дайы тура­лы құқық қорға­у­шы ұйым­дар­дың есеп­терін де жол­да­дық. Осы­ның бәрін еске­реді, қарай­ды деп үміт­те­не­міз. Үкі­мет­тің шеші­мі «Ресей­дің ұсы­нып оты­рған кепілі жет­кілік­ті, судья Алек­сей Кри­во­руч­ка мыр­за (Маг­нит­ский­дің ісін қараған адам – М.Ә.) Ресей­де оның ас-су мен серу­еніне қаты­сты жақ­сы жағ­дай­мен қам­та­ма­сыз етілетіні тура­лы дәлел­дер кел­тір­ді» деген­ге ғана негізделген.

Қаза­қстан­дық оппо­зи­ци­я­лық тұлға­ның ресей­лік адво­ка­ты Марк Фей­гин егер Әбі­ля­зо­вты экс­тра­ди­ци­я­лау тура­лы шағым­ды Фран­ци­я­ның мем­ле­кет­тік кеңесі кері қай­тар­са, Страс­бург­те­гі адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі Еуро­па соты­на шағым­да­на­тын­да­рын мәдімдеді.

– Фран­ци­я­ның Ресей­де­гі сот істерінің жағ­дай­ы­нан хабар­дар екенін ескер­сек, бұл негіз­сіз шешім оның абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­тіреді. Экс­тра­ди­ция тура­лы шешім­ді қабыл­дау халы­қа­ра­лық құқық нор­ма­ла­рын көпе-көр­неу бұзу болып табы­ла­ды. Олар Еуро­па кеңесіне кіретін елдер беретін кепіл­дік дең­гей­і­нен қара­уы, адам құқы­қта­ры мен бостан­ды­ғы кон­вен­ци­я­сын сақта­уы тиіс, – дей­ді «Азатты­ққа» бер­ген ком­мен­та­риін­де адво­кат Марк Фейгин.

Мұх­тар Әбі­ля­зов 2013 жыл­дың жазы­нан бері Фран­ци­я­ның оңтүсті­гін­де Укра­и­на мен Ресей­дің қар­жы махи­на­ци­я­ла­ры тура­лы айып­та­уы негізін­де қамауда отыр. Қаза­қстан аза­мат­та­рын экс­тра­ди­ци­я­лау тура­лы Аста­на мен Пари­ждің ара­сын­да келісім жоқ. Адво­кат­та­ры Әбі­ля­зо­вты экс­тра­ди­ци­я­лаған жағ­дай­да Ресей билі­гі «оны пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың ықпал­ды қар­сы­ла­сы ретін­де» Қаза­қстанға тап­сы­ра­ды деп қауіптенеді.

Аста­на­да бұл тәріз­дес мәлім­де­ме­лер­ге қаты­сты ком­мен­та­рий бер­мей­ді, бірақ Әбі­ля­зо­вты «ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тың басты­ғы» деп атай­ды. Қаза­қстан­да «Әбі­ля­зов ісін» тер­геу Әбі­ля­зов негізін қалаған және басқарған «БТА бан­кі» мем­ле­кет­тің бақы­ла­у­ы­на өтіп, ал өзі Англи­ядан сая­си бас­па­на алған 2009 жыл­дың науры­зы­нан бері жалға­сып келеді. «БТА бан­кі» сол кез­де ТМД банк­терінің ара­сын­дағы жетек­ші банк сана­лып, Ресей мен Укра­и­на­да биз­нес жүр­гізіп жатқан. Әбі­ля­зо­вты кей­ін­гі «БТА банк» бас­шы­лы­ғы «актив­терін негіз­сіз сыр­тқа шыға­рып жатыр» деп айып­таған. Мұх­тар Әбі­ля­зов өзіне тағы­лған айып­тар­ды «қол­дан жасалған және өзі Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа қар­сы шыққан­ды­қтан сая­си негізі бар» деп санайды.

Әсем ТОҚАЕВА,

Azattyq.org

 

Редак­ци­ядан: Фран­ция үкі­метінің Мұх­тар Әбі­ля­зо­вті Ресей­ге экс­тра­ди­ци­я­лау жөнін­де­гі шеші­мі әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық кон­тен­тін­де де үлкен сөз туды­ру­да. Сол желілер­дің бірін­де­гі жаз­ба­да: «Фран­ция Әбі­ля­зо­вті «Мистраль» вер­то­лет тасы­ғыш кемесіне айыр­ба­ста­ды» деп жазы­лған екен. Еске сала кетей­ік, Ресей теңіз фло­ты­на арна­лып жасалған екі «Мистраль» кемесін Фран­ция тап­сы­рыс беру­ші елге бер­меу жөнін­де шешім шығарған еді. Бұл екі кеменің Ресей жағы төле­ген құны 4 мил­ли­ард дол­ларға жуық. Ал Ресей­дің Мұх­тар Әбі­ля­зо­втан талап етпек қар­жы­сы да осы сома шама­лас. Яғни, жаз­ба ауто­ры­ның пікірін даудың қар­жы­лық жағы тұрғы­сы­нан салы­стыр­сақ, айыр­ба­стың құны пара-пар болып шығады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн