Суббота , 12 июля 2025

Гүлнараның «АШКӨЗДІГІ» әшкереленді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

Авто­кра­тия аймағында

 

Өзбек­стан пре­зи­ден­тінің қызы Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның елде­гі халы­қа­ра­лық ұялы бай­ла­ныс ком­па­ни­я­ла­рын «сауын сиы­рға» айнал­ды­рып, бір мил­ли­ард дол­лар алға­ны хабарланды.

 

«Азатты­қтың» Өзбек қыз­меті «Пре­зи­дент­тің Таш­кент­те үй қамағын­да оты­рған қызы Гүл­на­ра Кари­мо­ва Өзбек­стан­да бұрын жұмыс істе­ген және қазір жұмыс істеп жатқан халы­қа­ра­лық ұялы бай­ла­ныс ком­па­ни­я­ла­рын «сауын сиы­рға» айнал­ды­рып, бір мил­ли­ард дол­лар алды» деп хабар­ла­ды. Баты­стың бел­гілі ком­па­ни­я­ла­ры­нан бұл ақша­ның көп бөлі­гін Кари­мо­ва өз адам­да­ры арқы­лы күдік­ті жол­дар­мен алған.

Науры­здың 21‑і күні кор­руп­ци­я­лық және ұйым­дасқан қыл­мыстар­ды зерт­теу орта­лы­ғы (OCCRP) бұл іске қаты­сты жур­на­ли­стік тек­се­ру нәти­же­лерін Нор­ве­ги­я­ның Тон­сберг қала­сын­да жиналған жүз­де­ген жур­на­ли­стің алдын­да жари­я­ла­ды. Жур­на­ли­стік зерт­теу нәти­же­сін­де табы­лған құжат­тар Ресей­дің МТС, UCell брен­ді бой­ын­ша жұмыс істе­ген швед­тік TeliaSonera, Vimpelcom (Beeline брен­ді) және Mirkony Investment group ltd, сон­дай-ақ Eastwell group сияқты ком­па­ни­я­лар­дан Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның өз сыбай­ла­ста­ры арқы­лы бір мил­ли­ард­тан көп АҚШ дол­ла­рын қалай алға­нын көрсетеді.

Үш жылға созы­лған зерт­теу жұмысы­ның нәти­же­сі – 10 парақтан тұра­тын есеп­ті OCCRP орта­лы­ғы­ның жетек­ші сарап­шы­сы Миран­да Патру­чич пен Еуро­па­ның 10-нан аса жур­на­лисі әзір­ле­ген. Кор­руп­ци­я­лық және ұйым­дасқан қыл­мыстар­ды зерт­теу орта­лы­ғы мың­даған бет­тен тұра­тын әрі Кари­мо­ваға қар­сы айып­та­у­лар­ды рас­тай­тын құжат­тар­ды мұқи­ят тек­серіп шыққан. Дәлел ретін­де кел­тіріл­ген құжат­тар­дың ішін­де ком­па­ни­я­лар­дың қар­жы есеп­тері, офф­шор­лық реестер­лер мен банк­те­гі есеп-шот­тар тура­лы мәлі­мет­тер, қар­жы құжат­та­ры мен қол­хат­тар бар.

– «Гүл­на­ра Кари­мо­ва скан­ди­на­ви­я­лық және ресей­лік ұялы бай­ла­ныс ком­па­ни­я­ла­рын пара төле­у­ге мәж­бүр­лей­ді» деген сөз­дер баяғы­дан айты­лып келеді. Біздің қолы­мы­зға түс­кен құжат­тар Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның біз ойлаған­нан да ашкөз жан екенін әрі оның кор­руп­ци­я­лық әре­кет­терінің тамы­ры тым терең­де жатқа­нын көр­сет­ті, – дей­ді Миран­да Патручич.

Есеп­те көр­сетіл­ген­дей, ұялы бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры Өзбек­стан­да 3G лицен­зи­я­сын кедер­гісіз алу үшін, опти­ка­лық кабель мен WiMAX және WiFi желілерін тар­туға рұқ­сат алу үшін Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның есеп-шот­та­ры­на күдік­ті төлем­дер арқы­лы жүз­де­ген мил­ли­он дол­лар аударған.

Есеп­те «Тала­бы­на көн­бе­ген ком­па­ни­я­лар­ды Гүл­на­ра Кари­мо­ва Өзбек­стан­ның мем­ле­кет­тік меке­ме­лері арқы­лы жаба­мын деп қорқы­тқан. Ол ком­па­ни­я­лар­дан тегін әрі ешбір шарт қой­ма­стан үлес төле­уін талап еткен. Әдет­те ол кірісі мол теле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық ком­па­ни­я­лар­дан 26 пай­ыз үлес алған» деп жазы­лған. Мысал ретін­де Кари­мо­ва­ның қысы­мы­м­ен Өзбек­стан нары­ғы­нан кету­ге мәж­бүр болған COSCOM ұялы бай­ла­ныс ком­па­ни­я­сы аталады.

Миран­да Патру­чич есебін­де Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның тек теле­ком биз­несін­де­гі 2001 жыл­дан бер­гі бүкіл кірісін ғана есеп­теп шығуға тыры­сқан. Орта­лық сарап­шы­ла­ры Өзбек­стан­дағы Гүл­на­ра Кари­мо­ва бақы­ла­у­ын­да ұстаған өзге ком­па­ни­я­лар­дан түс­кен табысын алдағы айлар­да жари­я­ла­мақ. Қазір Швей­ца­ри­яда Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның иелі­гін­де деп болжанған Takiland ltd ком­па­ни­я­сы­ның 800 мил­ли­он дол­ла­ры, ал Шве­ци­яда 30 мил­ли­он­нан көп АҚШ дол­ла­ры бұғат­талған. Кор­руп­ци­я­лық және ұйым­дасқан қыл­мыстар­ды зерт­теу орта­лы­ғы сарап­шы­ла­ры бұл есеп арқы­лы тер­ге­ушілер наза­рын Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның ондаған есеп-шот­та­ры мен инве­сти­ци­я­лық қор­ла­рын­да әлі қозғал­май жатқан жүз­де­ген мил­ли­он дол­ла­ры­на аударғы­сы келеді.

2012 жыл­дан бері Еуро­па­ның оннан аса елін­де қыл­мыстық істер қозға­лып, негіз­гі айып­та­лушы­ла­ры­ның бірі Өзбек­стан пре­зи­ден­ті Ислам Кари­мо­втың үлкен қызы деп таны­лған. 42 жастағы Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның биз­несін Өзбек­стан­ның бас про­ку­ра­ту­ра­сы да тек­серіп жатыр. Бас про­ку­ра­ту­ра­ның 2014 жыл­дың күзін­де­гі соңғы мәлім­де­месіне сәй­кес, Гүл­на­ра Кари­мо­ва үй қамағын­да отыр. Оның сыбай­ла­ста­ры ұзақ жыл­дарға сот­талған. Кей­бір сарап­шы­лар сая­си амби­ци­я­ла­ры бай­қалған соң Гүл­на­ра Кари­мо­ва әке қаһа­ры­на ұшы­ра­ды деп санайды.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн