Понедельник , 7 июля 2025

ГЕНЕРАЛДЫҢ ҚЫЗЫ КІНӘЛІЕМЕС ЕКЕН!

Расын­да да солай ма? Сөй­леп көрейік:

Өткен жыл­дың мамыр айын­да Қарағанды­да Қар­Пол (қар­жы поли­ци­я­сы) гене­ра­лы­ның қызы­ның қаты­суы­мен орын алған қыл­мыстық іске кеше ғана нүк­те қой­ыл­ды. Сөй­тіп, ел ара­сын­да айты­лып келе жатқан ырың-жырың әңгі­ме­лер ҮП-ҮЛКЕН леп бел­гісі­мен аяқтал­ды: яғни гене­рал­дың қызы екі бір­дей адам өлі­міне әкеліп соққан жол-көлік оқиға­сы­на кінәлі емес екен! Құқық қорғау орган­да­ры тара­пы­нан жар­ты жыл­дан астам уақы­тқа созы­лған тер­геу-тек­се­ру амал­да­ры, айна­лып кел­ген­де, осын­дай шешім­ге келіп, қыл­мыстық істі жап­ты. Неге десеңіз, «Суб­ару» мен «Нива» авто­көлік­тері соқты­ғы­сқан кез­де «Суб­ару­дың» рулін­де гене­рал­дың қызы Меру­ерт ШАБАҚБАЕВА емес, осы көлік­тің иесі, орын алған жол-көлік апа­ты­ның сал­да­ры­нан қаза болған Диас ТӘЖІҒАЛИЕВ деген аза­мат болып­ты. Ресми орын­дар осын­дай мәлім­де­ме жасады.

Есі­міз­ге ала кетей­ік, ата­лып оты­рған жол-көлік апа­ты кезін­де «Нива» мар­ка­лы қыз­мет көлі­гі­мен келе жатқан қараған­ды­лық Евге­ний ТОКМАКОВ пен «Суб­ару» авто­көлі­гін­де­гі Диас ТӘЖІҒАЛИЕВ қай­тыс болған бола­тын. Жедел қозғалған қыл­мыстық іспен айна­лы­сқан құқық қорғау сала­сы қыз­мет­кер­лерінің айту­ла­ры­на қараған­да, оқиға орын алған кез­де «Суб­ару­дың» рулін­де Диас Тәжіға­ли­ев болған көрі­неді. Алай­да бұл болжам­мен (нақты дәлел емес, болжам ғана) марқұм Ток­ма­ко­втың жақын­да­ры мен туы­сқан­да­ры, оның ішін­де жұбайы Евге­ния Ток­ма­ко­ва да әлі күн­ге дей­ін келіс­пей отыр. Евге­ни­я­ның айтуын­ша, гене­рал­дың қызы Меру­ерт Шабақ­ба­е­ва «Суб­арудің» жола­у­шы­лар оты­ра­тын бөлі­гін­де емес, керісін­ше, рулін­де оты­рған көрі­неді. Мұны ол авто­көлік­тің жола­у­шы­лар оты­ра­тын жақ бөлі­гінің быт-шыт болып талқан­да­лып кет­кені­мен түсін­діреді. Ал авто­көлік­тің жүр­гі­зу­шісі оты­рған жаққа тіп­ті ештеңе бол­маған. Яғни, руль­де кім отыр­са да, аман қала­тын еді. «Жол-көлік апа­ты­на кінәлі адам­ның қаза болуы­на бай­ла­ны­сты қыл­мыстық іс жабыл­ды деп тер­ге­уші маған өз аузы­мен айт­ты, – дей­ді Евге­ния Ток­ма­ко­ва, – ал мен әзір­ге іс мате­ри­ал­да­ры қолы­ма қашан тиеді деп күтіп жүрмін…»

Иә-ә‑ә, бай-бағы­лан­дар мен бас­шы қыз­мет­кер­лер­дің бала­ла­ры жиі «ара­ла­са­тын», соның сал­да­ры­нан жола­у­шы­ла­ры «оптом» жиі өліп жата­тын жол-көлік оқиға­ла­ры­на қаты­сты тағы бір қыл­мыстық іс осы­лай­ша жабыл­ды. Мақ­сат ҮСЕНОВ дегені­міз анау – бір емес, бір­не­ше рет «тәр­тіп бұзып», адам өліп жат­са да, айып төлей салу­ды «әдет­ке» айнал­ды­рып алған. Гене­рал­дың қызы мынау – адам өліп жат­са да, «руль­де отыр­маған» болып шыға келетін. «Аузы қисық бол­са да, бай бала­сы сөй­лей­тін» заман қазір, өйт­кені бәрі ЗАҢДЫ ғой. Сөй­те тұра, «заң алдын­да хан да бір, қара­ша да бір» дейміз-ау!

Марат МАДАЛИМОВ,

Абай.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн