Четверг , 3 июля 2025

ГЕОРГИЙ ЛЕНТАСЫ ел қоғамын екіге бөлді

Өткен пре­зи­дент­тік сай­лау науқа­ны бары­сын­да газет редак­ци­я­сы­на Кере­ку­ден (Пав­ло­дар) хат кел­ген еді. Хат ҚР Пре­зи­ден­ті Н. Назар­ба­евқа, «Нұр-Отан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Б.Байбекке, Пав­ло­дар облы­сы­ның әкі­мі Қ.Бозымбаевқа, Пав­ло­дар облы­сы­ның про­ку­ро­ры М. Жөр­ген­ба­евқа, ҰҚК Пав­ло­дар облы­стық депар­та­мен­тінің дирек­то­ры   Н.Нурсипатовқа және тәу­ел­сіз газет­тер­ге арналған екен. Біз сол хат­та көтеріл­ген мәсе­ленің маңы­зын еске­ре оты­рып, оны қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

 

Сіз­дер­ге Кере­ку қала­сын­дағы қоғам­дық аху­ал жөнін­де айтпақпыз.

1.Георгий лен­та­сы. Тарих­тан бел­гілі, бұл лен­та­ның 1941–45жж. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­сқа еш қаты­сы жоқ. Сон­ды­қтан да Қаза­қстан мен Бела­русь сол кез­де кеңес импе­ри­я­сы­ның құра­мын­да болған­ды­қтан, әке­ле­ре­міз бен ата­ла­ры­мы­здың сол соғы­сқа қаты­сқан­ды­ғы­ның бел­гісі ретін­де арнайы сим­во­ли­ка бекітіл­ді. Бұған себеп болған, 18 ғасыр­лар­дан басталған «За похо­ды в Цен­тарь­ную Азию», «За взя­тие г.Чимкента», «За хивин­ский поход», «За поко­ре­ние хан­ства Коканд­ско­го», «За отли­чие на Кав­каз и взя­тие штур­мом кре­по­сти Геокъ-Тепе», «Геор­ги­ев­ский крест», «Орден свя­то­го Геор­гия побе­до­нос­ца» орден­дері осы лен­таға бекітілетін болған. Өз баба­ла­ры­мыз Кене­са­ры хан­ның, Иса­тай мен Махам­бетің, Кав­каз­дағы Шәміл­дің, т.с.ұлт-азаттық көтерілістер­ді жан­шы­ған­дарға берілген.

Атал­мыш лен­та 2006 жыл­дан бастап, Ресей мем­ле­кетін­де жеке қол­да­ны­сқа енгізіліп, сәл кей­ін біздің елде де тара­ты­ла баста­ды. Қазір­гі интер­нет жүй­есі арқы­лы халық көп жағ­дай­ларға қанық. Осы­ны біл­ген қазақ, өзбек, ұйғыр, басқа да Орта­лық Азия халы­қта­ры, кав­каз­ды­қтар, укра­и­на­лы­қтар, басқа ұлт өкіл­дері жап­пай саты­лып жатқан осы лен­та­ларға қат­ты нара­зы. Қазір­гі соғыс жағ­дай­ын­да бұл лен­та Укра­и­на үшін де басқын­шы­лы­қтың сим­во­лы болып отыр. Бұл лен­та­ны тара­ту – ел ішін­де­гі тыны­шты­қты бұзу, аран­да­ту. Кеңес уақы­ты­ның өзін­де 9 мамыр­да алаңға шыққан арда­гер­лер тек орден-медаль­да­рын тағып шыға­тын. Ешкім­нің лен­та таққа­нын көр­ге­міз жоқ.

Бұн­дай­ды қадаға­лап, келеңсіз жайт­тар­дың алдын алып оты­ру мін­деті жүк­тел­ген Пав­ло­дар облы­сы ішкі сая­сат басқар­ма­сы қол астын­дағы БАҚ-тарға 15.04.2015ж. Еге­мен Қаза­қстан­да үкі­мет­пен бекітіліп шыққан мем­ле­кет сим­во­ли­ка­сын­дағы лен­та­ны бол­са да (өкініш­ке орай, онда да Геор­гий лен­та­сы бел­гісіз себеп­пен бел­гі­лен­ген?) наси­хат­та­уға жол бер­мей отыр. Бұл жөнін­де әкім­шілік газет­тері «Ертіс медиа» ЖШС бас­шы­сы Нево­лин: сіз Копе­нов мыр­за­мен (обл. ішкі сая­сат) сөй­лесіңіз деп отыр. Бірақ ол кісі мені жыл­дар бойы бір рет те қабыл­да­маған. Орын­ба­са­ры Р.Шәмкенқызы қарас­ты­ра­мыз деп отыр. Олар 1 ай да қарас­ты­руы мүм­кін… БАҚ-тар арқы­лы еш ақпа­рат таратқы­сы кел­мей, мем­ле­кет сим­во­ли­ка­сын­дағы лен­та­ны наси­хат­та­май оты­рған­да­ры, облы­стағы, қала­дағы болуы мүм­кін келеңсіздік­тер­дің алды­на алмақ түгілі, керісін­ше, сон­дай жағ­дай­дың болуын қалап оты­рған жоқ па екен деген ой тудырады.

Бұл мәсе­ле­де ең басты масқа­ра – мем­ле­кет 9 мамы­рға арналған өз сим­во­ли­ка­сын бекіт­се де, Геор­гий лен­та­сы­на еш тосқа­уыл қой­мауын­да. Мағы­на жағы­нан: бір лен­та елі­міздің көгіл­дір рәміз­дері түстес, пат­ри­от­ты­қты наси­хат­тай­тын сим­во­ли­ка­сы деп есеп­тел­се, мына лен­та көзі ашық қоға­мға, Ресей­дің отар­ла­удағы басқын­шы­лы­ғы­мен ұшта­са­тын сим­во­лы ретін­де қабыл­да­на­ды. Соны­мен тәу­ел­сіздік жыл­да­ры негізі­нен ынты­мақта қалып­тасқан елдің қоға­мы екі­ге бөлі­ну­де! Бұған ең басты кінәлілер – мем­ле­кет басын­дағы­лар. Бұл жағ­дай – мем­ле­кет одақ­тас Ресей­дің қабағы­нан қоры­ққан­ды­қтан, өз қоға­мын өзі екі­ге бөліп отыр деген сөз. Әу баста бұл одақтық тек эко­но­ми­ка сала­сын қам­ти­ды деген сөз­дер жай­ы­на қалып, елі­міздің қоға­мы екі­ге бөлі­нуі қауіп­тілі­гі­нен де көр­шінің қабағы қорқы­ны­шты­рақ болып отыр ма? Осы сұрақты Пре­зи­дент мыр­за, сіз­ге қой­ып отырмыз!

Руза Бей­сен­бай­те­гі – «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» бір­ле­сті­гінің мүше­сі; Қай­ыр­бо­лат Нұр­ба­ев – тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор; Жеңіс Тіле­убай – энер­ге­ти­ка ауди­то­ры; Мақсұт Қали­ев – зей­нет­кер; Жәні­бек Смағұ­лов – шару­а­шы­лық қожа­лы­ғы­ның жетек­шісі; Айдын Сар­ба­ев – банк қыз­мет­кері; жұмыс­шы­лар – Қанат­бек Наби­ев, Гүләй­ім Сей­ду­а­ли­е­ва, Сағын­дық Кемел, Гүл­сім Мыр­за­ға­ли – студент

 

 

«Фейс­бук­тағы» айыптау

Мынау қыз – Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің қыз­мет­кері Татья­на Мир­сул­та­но­ва Қаза­қстан­да тый­ым салы­нған Геор­гий лен­та­сын тара­тып жүр. Сепа­ра­тизм мен жік­шіл­дік­ке қар­сы күре­судің орны­на арна­у­лы қыз­мет­тің өкілі оны тара­ту­да. Бұл жағ­дай­ды Қаза­қстан ҰҚК-нің бас­шы­лы­ғы­на жет­кі­зу керек.

Ал екін­ші сурет­те­гі Геор­гий лен­та­ла­рын көр­ші мем­ле­кет өз елшілі­гі арқы­лы тара­ту­да. Қаза­қстан­ның Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті мен Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі қай­да қарап отыр? Укра­и­наға жасалған агрес­сия да осын­дай лен­та­лар­дан басталған. Кей­ін­нен бұл лен­та жік­шіл­дер­дің айы­рым бел­гісіне айнал­ды. Қаза­қстан­да фашизм­ге жол жоқ!

(Серік­жан Есенғосұлы­ның парақшасынан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн