Пятница , 4 июля 2025

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ: БИЛІКТІ ЖАҒАЛАҒАН «ХАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІ» ел мүддесін сатып кетті

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Мәсе­ленің мәні

 


 

Өткен апта­да Фейс­бук жел­сін­де ұлт пат­ри­о­ты Герой­хан Қыстау­ба­ев­тың ҚР пре­мьер-мини­стрі Бақыт­жан Сағын­та­ев пен Ауыл шару­а­шы­лық мини­стрі Асқар Мыр­за­хме­тов­ке жазған ашық хаты жари­я­лан­ды. Желі­де­гі жұрт­тың талқы­сы­на түс­кен хат­тың жай-жап­са­рын білу үшін біз хат иесі Герой­хан Қыстау­ба­ев­ты сөз­ге тарттық.

 

–Герой­хан мыр­за, құзыр­лы қыз­мет иелеріне мұн­дай хат жол­да­уы­ңы­здың басты себебі не? Егер жер­дің дауы осы екі ада­мға тірел­ген бол­са, оның шеші­мін табу аса қиын шаруа бол­ма­са керек-ті. Елде­гі сая­си билік бір ғана адам­ның уысын­да тұрған­да, пре­зи­дент­тің «көмек­шілеріне» жүгі­нудің нәти­же­сі қан­дай болар екен дегені­міз ғой?

– Бұл ашық хат­тың ішін­де бел­гілі бір адам­дар­дың аты-жөні көр­сетіл­се де, негізі­нен ол көп­шілік­ке арнал­ды. Ондағы менің мақ­са­тым – кезін­де­гі Жер­ко­мға төраға болған осы екі мини­стр­мен, сол Комис­сия жұмысы­на қоғам аты­нан барып қаты­сқан кей­бір «халық өкіл­дері» бірі­гіп, өз ұлты­ның жер­ге қаты­сты мүд­десін сатып жіберіп оты­рға­нын бет­теріне ашық айту болды.

Шынын­да да, бұлар жер­ді сатып жібер­ді! Түсі­несіз бе? Мен осы­лай баға­лай­мын. Себебі, қараңыз, 2015 жылы 2 қара­ша­да пар­ла­мент жер­ді аук­ци­он арқы­лы сатуға және шет елдік аза­мат­тарға 25 жылға жалға беру­ге бола­тын Жер Кодексін қабыл­да­ды. 2016 жылғы көк­тем­де халық бұл Кодек­с­ке қар­сы ауқым­ды нара­зы­лық шара­ла­рын жаса­ды. Пре­зи­дент осы Кодекстің 4 бабы­на ғана 5 жыл­дық мора­то­рий жари­я­ла­ды. Ал жар­ты жыл жұмыс істе­ген Жер­ком бұл Кодек­с­ке, осы жыл­дың 13 сәуір күні пар­ла­мент­те жасаған баян­да­ма­сын­да жалға беру тәсілін сақтау және дамы­ту, ауыл айна­ла­сын­дағы жай­ы­лым, бір қол иелік ете ала­тын жер көле­мінің шегін аны­қтау сияқты тағы да басқа, оннан астам, бірақ жер­ді сат­пау, жатқа жалға бер­меу тура­лы бір ауыз сөзі жоқ, өзгерістер­ді ұсын­ды (қараңы­здар: рarlam.kz, zakon.kz, т.б. сайттар).

Бірақ бүкіл билік­тік БАҚ (сайт­тар, радио-теле­ар­на­лар, газет­тер) әлгі «халық өкіл­дері­нен» жары­са сұх­бат алып: «Жер Комис­си­я­сы­ның бар­лық ұсы­ны­ста­ры қабыл­дан­ды. Бұл жеңіс. Енді жер мәсе­лесіне алаң­да­уға негіз жоқ» деген сыңай­мен, жамы­рай жаза жөнел­ді. Жұрт бұған сенді.

Ал, шын мәнін­де, Жер Кодексі Жер­ко­мға дей­ін қан­дай бол­са, одан кей­ін, сол 11 ұсы­ны­сы түгел­дей қабыл­дан­са да, тап сон­дай күй­де қалып отыр!

Бұл халы­қты алдау! Тақы­рға оты­рғы­зу. Бұған дей­ін халы­қты 25 жыл бойы билік алдап кел­се, енді әлгі «халық өкіл­дері» (бұлар шын мәнін­де, керісін­ше, халық ара­сын­дағы билік өкіл­дері ғой) алдап отыр.

 

– Сіз мең­зеп оты­рған «халық өкіл­дері» кім­дер? Олар­дың атын – атап, түсін – түстеп бере ала­сыз ба? Неге халық оларға сенеді дейсіз?

– Билік Жер­ком жұмысы­на ел іші­нен бір­не­ше қоғам бел­сен­ділерін өздері таң­дап шақыр­ды. Осы­лар­ды жұрт «халық өкіл­дері» деп атап кет­ті. Менің сөзім­де­гі «халық өкіл­дері» – сол Жер­ко­мға енген­дер­дің бір бөлі­гі мен мың­даған әле­умет­тік желі қол­да­ну­шы­ла­рын «ауы­зда­ры­на қара­тып» оты­рған, Фейс­бук­тің билік­пен ауыз жаласқан «жұл­ды­зда­ры». Енді­гі кезек­те жер саты­лы­мға шығып кет­се, онда олар­дың «түсін түстеу» емес, ұлт сатқын­да­ры ретін­де тізім­дерін түзіп қоямын.

Мен олар­дан бұрын жер­ді сатуға үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы шығып, желі ішін­де қар­сы­лық қозға­лыс құрған ұлт жана­шыр­ла­рын атай­ын: олар – Рау­шан Қал­мо­мы­нұ­лы, Айдын Еге­уба­ев, Есен Темірұ­лы, Олжас Әбіл, Ербол Рах­пан, Берік Дәу­е­нов, Иса­тай Досмыр­за, Рая Ақдәу­ле­то­ва, Ардақ Әші­мо­ва, Ася Асет­ки­на, Қызғал­дақ Қасы­мо­ва, Айгүл Түрк­пен­ба­е­ва, Рита Жекей, Қара­шаш Бода­но­ва, т.б. Ара­ла­рын­да атал­май қалған­да­ры бол­са, кешірім сұраймын.

Енді ел неге «халық өкіл­деріне» сенеді, деген сау­а­лы­ңы­зға тоқта­лай­ын. Көп­шілік­ті оларға сен­діріп оты­рған – билік. Бұған мем­ле­кет­тің өзі мүд­делі болып тұр. Бұл халы­қты басқа­ру­дың бір тәсілі. Мыса­лы, өткен жылы қоғам­да үлкен дүр­бе­лең туғы­зып, соңы төң­керіс­ке ұла­са жаз­даған Жер Кодексі, осы «өкіл­дер­дің» еңбе­гінің арқа­сын­да биыл ешқан­дай өзгеріс­сіз-ақ, сол күйі айқай-шусыз қабыл­данға­лы тұр. Жер­ком­ның жасаған 11 ұсы­ны­сын­да жер­ді аук­ци­он арқы­лы сатуға, жатқа жалға беру­ге тиым сала­тын бір­де-бір сөз жоқ! Бір­де-бір! Енді осы «халық өкіл­дерінің» ара­сын­да айтқа­ным­ды жоққа шыға­рып, елге түсін­діріп беретін, дәлел­дей ала­тын бір адам бар ма? Жоқ!

Жапон­ның бір оқы­мысты­сы «Адам­дар өздерінің сен­гісі кел­ген­ге ғана сенеді» деп­ті. Тап осы­ның кері. Ел «халық өкіл­дерінің» өтірі­гіне ғана сенеді екен. Енде­ше, қазір қоғам­ның ауа рай­ын жасап тұрған­дар – осы­лар. Міне, халы­қты «қораға қамаудың» клас­си­ка­лық түрі! Бол­ма­са, бар мәсе­ленің мәні, менің даб­ы­лым­ның құны – осы Фейс­бук­та көр­сетіп, жазып қой­ған екі сіл­те­мені қарап шығу ғана.

 

– Енде­ше енді­гі жер­де ел-жұрт «бет­пақ жеңді, мен көн­дім» деген кеп­ті кией­ін деп тұрған жоқ па?

– Ақор­да тех­но­лог­та­ры­ның бар­лық ақпа­рат құрал­да­ры арқы­лы қара­пай­ым халы­қтың миын тама­ша «жуа» біл­генінің нәти­же­сі осы. Ел кім­ді бол­са да, оның істе­ген, тын­ды­рған ісіне қарап емес, радио-теле­ди­дар­да, жина­лы­стар­да сөй­ле­ген әде­мі сөзіне, сайт­тар мен газет­тер­де бер­ген сұх­бат­та­ры­на қарап қана баға­лай­тын болды.

Енді осы тех­но­ло­ги­я­лық тен­ден­ци­я­ны өзін­ше ұққан жастар­дың ара­сы­нан «халық өкіл­дері» жасақтал­ды. Жер сату мәсе­лесін­де бұлар­дың мұн­дай «ерекше» қаси­ет­тері билік­ті мақ­са­ты­на жет­кізді. Нәти­же­сі – пар­ла­мент 5 жылға жари­я­ланған мора­то­рий­ді үзіп, Жер­ком ұсы­нған бар­лық «өзгерістер­ді» толы­ғы­мен ендіріп, жаңа Жер Кодексін қабыл­дап, билік жер­ді аук­ци­он арқы­лы сатуға мүм­кін­дік ала­тын болды.

Бұл билік­тің ұлтқа жасап жатқан тағы бір зардабы мол опа­сызды­ғы. Ұлт бола­шағын өздері сияқты дүни­еқоңыз жастарға өткізіп кет­пек. Егер заң­дағы жер аук­ци­он арқы­лы саты­ла­ды, шет елдік­тер­ге 25 жылға дей­ін­гі мерзім­ге жалға беріледі деген бап­ты жою қолы­мы­здан кел­ме­се, онда қалың қазақ расын­да да жер­сіз қалады.

Енді не істе­у­ге бола­ды? Менің сол ашық хатым­нан кей­ін елдің түк­пір-түк­пірі­нен хабар­ла­сып «қимыл­дай­ық» деп жатқан жастар көп. Олар­мен бей­ре­сми топ құрып жатыр­мыз. «Ұлы дала қалқа­ны» деп, атын да қой­ып алдық. Мақ­са­ты­мыз: жер­ді сатуға шама­мыз кел­ген­ше қар­сы­лық жасау!

 

– Топ­тың жұмыс істеу тәсілі қан­дай бол­мақ? Бүгін­гі өздері­нен өзге­ше ойлай­тын­дар­дың бәрін жаза­лап жатқан жүйе қуда­ла­у­ға сал­май ма?

– Иә, біз ол жағын­да ойла­дық. Деген­мен, біздің жұмыс барын­ша ашық және заң аясын­да бола­ды. Тіп­ті айып­тай­тын­дай себеп те қал­дыр­май­мыз. Бірақ, соның өзін­де қуда­ла­нуы­мы­здың мүм­кін екенін де жоққа шығар­май­мыз. Менің жеке өзім билік­тің қан­дай да бол­сын опа­сызды­ғы­нан қоры­қ­пай­мын. Менің қорқа­ты­ным – аңғал халы­қтың алдау-арба­уға еріп, елім, жерім деген адал ұл-қызда­рын өз табан­да­ры­мен тап­тап тастауы!

Бүгін­гі билік өзінің оты­рған тұғы­ры­на адал ниет­пен кел­меді. Мақ­сат­та­ры – елді көр­кей­ту, халық игілі­гіне мүл­тіксіз қыз­мет ету бол­мап­ты. Сон­ды­қтан, бұлар­дың кетуі де өздеріне жақ­сы бол­май­ды, шама­сы. Себебі, жер – қазақ үшін ең киелі, ең қастер­лі ұғым. Ал билік түлен түрт­кен­дей, жер­ге тиі­суін тоқта­тар емес. Енде­ше олар­дың түбіне осы жетеді.

 

– Бірақ билік өзінің өмірін ұзар­ту үшін, халы­қты алдарқа­ту­дың, ел-жұрт­тың ойын басқа жаққа бұру­дың амал­да­рын жасап жатқа­нын өзіңіз де сезіп оты­рған боларсыз?

– Жер­ді аук­ци­он арқы­лы сату заңын қабыл­дай­тын кез­де (2014−2015 ж) жұрт­тың зей­інін әлгі айты­лған «халық өкіл­дері» арқы­лы «Анти­геп­тил» иде­я­сы­на тама­ша түр­де бұр­са біл­се, енді сол заң­нан бас тарт­пау, сол күйі қал­ды­ру үшін ел наза­рын «латын әлі­п­биі», «Саға­ди­ев мәсе­лесі», «Геор­гий лен­та­сы» сияқты т.б. «про­бле­ма­лар­ды» күн тәр­тібіне алып шықты. Бұл жолғы «халық өкіл­дерінің» орын­даған рөлі ерекше, тіп­ті соңы­нан үлкен сый­лық, мара­патқа тұрар­лық болған шығар. Егер бұл «өкіл­дер» бол­маған­да, халық жер­ді сатқы­з­бас еді! «Халық өкіл­дері» халы­қты сатып кетті!

Жұрт, әсіре­се жастар мына­ны жадын­да ұстаға­ны абзал. Қазір билік­ке ешкім сен­бей­ді. Мұны билік­тің өзі де біледі. Енді ойла­най­ық. Билік сон­да, ары қарай өмір сүру үшін не істе­уі керек еді? …

О, халы­қты сен­діретін жаңа жол табуы тиіс бол­ды! Қалай? Біраз жан-жақты ойлан­саңыз мынаған келесіз. Ең тиім­ді тәсіл – халық ішін­де­гі ман­са­пқа, бай­лы­ққа құмар, сол үшін қан­дай жол­мен бол­сын билік­ке жету­ге дай­ын, бел­сен­ді жастар­ды өз жағы­на тар­ту. Олар­ды барын­ша, бірақ елге күдік тудыр­май­тын дәре­же­де дәріп­теп, қоғам­дағы абы­рой­ын өсіріп оты­ру. Осы жол­да өткел­сіз кедер­гі бола­тын, билік­тің пиғы­лын біліп қоя­тын адам­дар­ды (мыса­лы Жан­бо­лат Мамай) қоғам­нан ала­ста­ту, ал бұлай­ша жасау мүм­кін емес бола­тын аға буын ұлт­шыл­дар­ды ел алдын­да қара­лау, абы­рой­сыз ету. Қалған әлі ары­ны қайт­паған жаңа шыққан жастар­ды (мыса­лы Сүй­ін­дік Алдаб­ер­ге­нов, Асхат Бер­са­ли­мов, Құрал Меде­уов, т.б.) ойдан шыға­ры­лған қыл­мыстық іс ашып, қар­маққа іліп қою. Мұның бәрі рас, тап бүгін­гі күні қоғам­да болып жатқан жағдай.

Билік өзінің осы ойла­рын жүзе­ге асы­ру үшін соңғы 4–5 жыл­да көп­те­ген интер­нет сайт­тар­ды да ашып қой­ды. Ол сайт­тар­ды басқа­рып оты­рған жастар, бәл­кім, ақ ниеті­мен-ақ ұлт­ты ағар­ту жұмысы­мен айна­лы­сып жүр­мін деп ойлар. Бірақ шын мәнін­де, олар билік­тің қара ниетін елге ақ деп көр­сетіп, осы ойы­на желі­де­гі өздерінің онмы­ң­даған көзі ашық, сая­си бел­сен­ді «доста­рын» мақұл­да­тып, билік­ке қар­сы «аузын­да­рын аштыр­май» оты­рған «халық өкіл­дерін» жақ­сы жағы­нан көр­сетіп, ұлт­ты жоюға өлше­усіз еңбек етіп жатыр. Қазақ халқы, оның ішін­де сая­си бел­сен­ді бөлі­гі аз-ақ халық. Сон­ды­қтан «халық өкіл­дері» халы­қтың аузын жау­ап отыр деп айтуға болады.

 

– Жерін қорғаған қазақ алдағы уақыт­та таң­даған жолы­нан қалай адас­па­уы керек деп ойлайсыз?

– Ол үшін адам, бүгін­гі билік­пен қан­дай жағ­дай­да да келісім­ге, ымы­раға келу – ұлт мүд­десіне қар­сы жұмыс істеу екенін әсте ұмыт­па­уы тиіс. Себебі, халы­қты осы жағ­дай­ға жет­кіз­ген – осы билік. Басқа ешкім емес! Оларға халы­қтың бүгін­гі жағ­дай­ға келуі өте ыңғай­лы, ең қолай­лы түрі бол­ды. Бол­ма­са, бұн­дай емес, басқа­ша жағ­дай­ға келер едік қой. Сон­ды­қтан олар, ширек ғасыр бойы «еңбек­теніп» жет­кен, өздеріне ұнай­тын, бұл қоғам­дық қалып­тан өлсе айы­рыл­май­ды. Енде­ше, билік­пен одақ­та­са оты­рып, халық жағ­дай­ын жасай­мын деген адам, шын мәнін­де тек өз қара басы­ның қамын жасап жүр­ген адам. Ол билік­ке қосы­лып, қайт­сем ел қазы­на­сы­на ортақ­та­са­мын деп жүр­ген жан.

Дәлелі: «Жер сатыл­май­ды! Жатқа жалға беріл­мей­ді!» деген талап­тан туған Жер­ком­ның жар­ты жыл жасаған «жұмысы­ның «нәти­же­сі – нөл! Мора­то­рий тоқтаған күні жер аук­ци­он арқы­лы бәрібір саты­лы­мға шыға­тын болды!

 

– Герой­хан мыр­за, мән-жай­ды аны­қтаған сұх­ба­ты­ңы­зға көп рах­мет. Жер­ді сақтай­мыз деп, жүр­гізіп жатқан күре­сте жеңіс­ке жету­деріңіз­ге тілектеспін!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн