Среда , 14 мая 2025

Халық тарихын оқытпауды 117 РЕКТОР ШЕШЕ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Тала­пай-тарих


2015 жылы 11 жел­тоқ­сан­да ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің кеңей­тіл­ген мәжілісін­де 117 жоға­ры оқу орны­ның рек­тор­ла­ры «Қаза­қстан тарихы» пәнін «Қазір­гі Қаза­қстан тарихы» пәні­мен ауы­сты­ру­ды біра­уы­здан қолдапты.

 

«Қазір­гі Қаза­қстан тарихы» бұл «жаңа пән» 1991 жыл­дан, яғни тек Тәу­ел­сіздік алған жыл­дар­дан бер­гі уақыт­ты ғана қам­ти­ды. Сон­да мұқым бір халы­қтың тарихын терең­детіп оқы­туға қар­сы болған рек­тор­лар жастар­дың келе­ше­гіне бал­та шауып, олар­ды отан­сүй­гі­штік сезім­ге тәр­би­е­лей­тін пән – Қаза­қстан тарихын оқы­ту қажет емес деген шешім шыға­рып­ты. Ал сол жастар­дың ата-ана­сы, бар­ша қазақ бұл қатер­лі шешім­ге не айтар екен? Қазақ халқы 117 рек­тор мен мини­стр­лік­те­гі жағым­паз жан­дай­шап­тар­дан ғана тұр­май­тын шығар.

Ал тарих деген маз­мұ­ны терең руха­ни ұғым­ның адам сана­сы­ның, дүни­е­та­ны­мы­ның, елдің, ұлт­тың хал-аху­а­лы­ның дамуы­на, қоғам­дық қарым-қаты­на­стар­дың дұрыс қалып­та­су дәре­же­сіне тигі­зер әсері ерекше. Тарих­сыз қоғам, халық, мем­ле­кет болуы тіп­ті де мүм­кін емес.

Ал осы тарих­тың маңы­зы қан­дай екен­ді­гін Ала­штың ардақты аза­ма­ты Мір­жақып Дула­тов кезін­де дәлел­деп кеткен.

«Тарих дей­тін – бұры­нғы өткен заман­ның жай­ы­нан сөй­леп тұратұғын; бұры­нғы өткен кісілер­дің ісі­нен хабар беретұғын ғылым. Қаза­қтың көбі оны «шежі­ре» деп атай­ды. Бұ заман­ның ғалым­да­ры «тарих» ата­уын ең оңды атау деп біледі. Тарих – түзу жөн­ді үйре­ту­ші. Тарих – халы­қты түзу жөн­ге сіл­те­уші бол­са, оған дүни­е­де түзу­шілік­тің кіта­бы, тір­шілік­тің жол­бас­шы­сы деу­ге бола­ды». Келе­шек күн­нің қан­дай бола­тын­ды­ғын білу­ге тарих анық құрал болады.

Өзінің тарихын жоғал­тқан жұрт, өзінің тарихын ұмы­тқан ұлт қай­да жүріп, қай­да тұрған­ды­ғын, не істеп, не қой­ған­ды­ғын біл­мей­ді, келе­шек­те басы­на қан­дай күн туа­ты­ны­на көзі жет­пей­ді. Егер бір халық өзінің тарихын біл­ме­се, бір ел өзінің тарихын жоғалт­са, оның артын­ша өзі де жоға­луға ыңғай­лы болып тұра­ды. Дүни­е­де өңге жұрт­тар қата­рын­да кем, қор бол­май­тын, тұқы­мым құрып қал­ма­сын деген халық өзінің шежіресін има­ны дәре­же­сін­де ұғып білу­ге тиіс.

Тарих­тың айта­ты­ны мынау: біздің бұры­нғы баба­ла­ры­мы­здың кім екен­ді­гі, олар­дың дүни­е­де не істеп, не бітіретін­ді­гі, қан­дай құты бар­лы­ғы, ол құт­ты не оры­нға жұм­саған­ды­ғы; істеп жүр­ген ісінің қай­сысы­нан пай­да, қай­сысы­нан зардап көр­ген­ді­гі; бұры­нғы баба­ла­ры­мы­здың досы-дұшпа­ны кім­дер болға­ны, не себеп­тен бағы тай­ған­ды­ғы және осы­ған ұқсас істер­дің бар­лы­ғын тарих түсін­діріп тұра­ды. Бұры­нғы баба­ла­ры­мы­здың басы­нан кеш­кен жақ­сы-жаман қан­дай уақиға бар бол­са, оның бәрінің өзін­дік себебі болған. Со секіл­ді келе­шек­те біздің басы­мы­зға түсетін сон­дай бір оқиға­лар осы күн­де қылып жүр­ген ісі­міздің нәти­же­сі бол­мақ. Тарих­ты оқы­сақ, онда қан­дай істен қан­дай нәти­же туа­ты­нын анық біле­міз. Жақ­сы істен – жақ­сы­лық, жаман істен – жаман­дық тумақ­шы. Егер тарих­ты оқып біл­сек, пай­да­лы істің қан­дай екенін біле­міз. Залал­ды істен қаша­мыз. Бұры­нғы­ның оңды ісі­нен үлгі алмақ­шы­мыз. Осы күн­де істеп жүр­ген ісі­міз, қылған жұмысы­мыз, мінез-құлқы­мыз, сөздің бәрі кей­ін­гілер­ге тарих болып қала­ды». Күні бүгін дүни­е­де ешбір нәр­сенің асы­лы білін­бей қалған жоқ. Әр нәр­сенің түбі тек­серіл­ді, асы­лы білін­ді. Білі­мі артық, көзі ашық жұрт­тар дүни­е­де­гі адам бала­сы­ның асы­лын, нәсілін тек­серіп болып, бар­лы­ғын кіта­пқа жаз­ды. Бөтен жұрт­тар қата­рын­да ала бөтен біздің қазақ халқы­ның асы­лы тек­серіліп, тарихы толық жазы­лған жоқ. Бүгін Азия кар­та­сы­ның төрт­тен біріне ие болып тұрған қан­ша­ма мил­ли­он қаза­қтың тарихы көмес­кі қалып та тұрған жайы бар.

Тарих ғылы­мын­да қан­ша тарих жазу­шы­лар шығып, қан­ша­ма кітап жазып шығар­ды. Солар­дың ара­сын­да қаза­қтың асы­лын анық қып айта­ты­ны жоқ. Араб­ша, түрік­ше, орыс­ша біз көр­ген кітап­тар­да қазақ тура­сын­да жазы­лған сөз­дер­дің бәрі де хақиқатқа хараб, шіп-шикі өтірік», – деп жазуы тегін бол­ма­са керек. (М.Дулатов. Түрік бала­сы. «Қазақ», 1913 ж. №2, №7).

Қазақ зия­лы­сы­ның тарихқа бер­ген бұл сипт­та­ма­сы Қазақ халқы­ның ғасыр­лар бойы қалып­тасқан тарихын ол жер­ді мекен­де­уші бар­лық ұлт өкіл­дерінің, яғни рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры­ның бар­лы­ғы­ның оқып білуін мін­дет­тей­ді. Сон­ды­қтан бұл пән мем­ле­кет­тік маңы­зы бар үлкен шара ретін­де баға­ла­нып, бар­лық жоға­ры білім беретін оқу орын­да­рын­да оқы­ты­лып отыр. Біз өткені­міз­ге үңіліп, одан сабақ алма­сақ, онда келе­шек­те­гі бағыт-бағ­да­ры­мы­зда қателік­тер­ге ұрын­ды­ра­тын жағ­дай­ларға жол беруі­міз мүм­кін. Сон­ды­қтан осы қағи­да­ны терең түсініп, оны баға­лай білуі­міз қажет және Отан тарихын жоға­ры оқу орын­да­рын­да оқы­ту­ды тоқта­ту-тоқтат­па­уды халы­қтан сұра­уы керек еді.

Ал ұсы­ны­лып оты­рған қазір­гі заман тарихы – тәу­ел­сіздік тарихы жағым­паз­дар­дың жазған жалған шат­пы­рағы, ол да уакыт сыны­нан өте алмай, кеңес дәуірін­де­гі ГЕРОНТОКРАТТАР (жасы жет­кен адам­дар­дың билі­гі) жүр­гіз­ген жалаң сая­сат­тың тарихы секіл­ді «ақтаң­дақтарға» толы бола­ты­ны­на кепіл­дік берем.

«Қазір­гі Қаза­қстан тарихы» деген ата­удың өзі мүл­дем қате атау. Сон­да ХХІ ғасыр – жаңа ғасыр тарихы бұры­нғы ескі дәуір болып қалуы керек пе? Бұл не деген «тапқыр­лық»?! Сон­да қазір­гі заман­ды біздің ел 1991 жыл­дан бастай ма? Ал оның алдын­дағы 1990 жыл бұры­нғы заманға жата ма? Мұн­дай жыл санау, тари­хи кезең­дер­ге бөлу қан­дай ғылы­ми негіз­дер­ге сүйенілді?

Ал сол «Қазір­гі Қаза­қстан тарихын­да» неге мем­ле­кет­тің тарихы­на қаты­сты Арқан­кер­ген­де­гі қан­ды оқиға тура­лы айтыл­май­ды, неге ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісі депу­тат­та­ры өздерін-өздері тара­тып, өздері қай­та «сай­ла­нып» алға­ны тура­лы ақпа­рат жоқ?.. Жаңаө­зен­де­гі – 2011 жылғы жел­тоқ­сан­дағы мұнай­шы­лар мен халық нара­зы­лы­ғын қару­мен басу, кісі өлім­дері тура­лы шынайы фак­тілер және тағы басқа да маңы­зды тари­хи оқиға­лар жоқ.

«Бұл аталған оқиға­лар­дың бәрі Отан тарихы­на және соңғы «Тәу­ел­сіздік тарихы» кезеңіне жата­ды. Ал бұры­нғы оқы­ты­лып кел­ген «Қаза­қстан тарихы» мек­теп­те оқы­ты­ла­ды, содан кей­ін қай­та­лан­бау үшін қысқар­тып отыр­мыз» деген уәж айтып­ты рек­тор мыр­за­лар. Олар айдар тағып, ат қой­ған «Қазір­гі Қаза­қстан тарихы» 1991 жыл­дан бер­гі кезең­де мек­теп­тер­де оқы­ты­лып кел­ді. Оған не айтасыздар?

Бүгін­де Қаза­қстан­дағы жағым­паз­дық сая­сат­пен тамыр­ла­сып алған тарих ғылы­мы қазақ халқы­ның табиғи даму талап­та­ры­на жау­ап беретін­дей шара­лар жүй­есін іске асы­руға тиісті Білім мини­стр­лі­гі сау­ат­сызды­ққа жол беріп, құлы­қ­сыздық таны­ту­да. Бүгін­де қызыл импе­рия мұра етіп қал­ты­рған жалған соци­а­ли­стік қоғам мүд­де­лерін абсо­лют­тен­діріп, ұлт мүд­де­лерін аяқ асты ете оты­рып, оны ұлт­тық мұрат­тар­ды талқан­дау үрдістері­мен қатар жүр­гі­зуі жалға­су­да. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­дағы тари­хи оқиға­лар­ды әсіре­леп көр­се­ту ісі, жағым­паз­да­ну­дың етек алуы – бүкіл қоғам­дық орга­низмді жалған­ды­қ­пен қорек­тен­діріп, көз­бо­я­у­шы­лы­ққа әке­лу­де. Жүріп жатқан қоғам­дық про­цес­стер­ді теріс, жалған түсін­ді­ру, жасан­ды­лы­қ­пен әуе­сте­ну­шілік етек алып, оны жұр­тқа күшпен мой­ын­да­ту іске асы­ры­лу­да. Мұн­дай қысым­шы­лы­қты басы­нан өткізіп, сана­сы­на жалған­ды­қты сіңдір­ген халық бүгін де сол көзқа­ра­сы­нан ары­ла алмаған­ды­қтан, өрке­ни­ет­ке ұмты­лу жолын­да ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды таң­да­уда жал­тақтық көр­сетіп отыр.

Аме­ри­кан­ды­қтар­дың ұра­ны­на айналған сол елдің әйгілі жазу­шы­сы Марк Твен­нің: «Егер аза­мат өз елінің сая­си киі­мінің тозған­ды­ғын көре тұра, оны тозды деп айтып, оны жаңар­туға ат салы­спа­са, ол өз Ота­ны­ның сатқы­ны» деген сөзі бүгін­де біздің бірен-саран қан­даста­ры­мы­здың аузы­нан шық­са да, ол жал­пы жұрт­тың сана­сы­на жет­пей жатыр. Ал мұн­дай ұлт­жан­ды­лық таны­та­тын зия­лы қауым өкіл­дері бәрі бол­ма­са да, көп­шілі­гі кеңе­стік дәуір­де­гі әдіс­ке салып, бұғып отыр. Ол дәуір­ден қалған үрей­ді бой­ла­ры­нан шыға­руға дәр­мен­сіз күй кешуде.

Тарих дегені­міз – халы­қтың зер­десі. Ол болып өткен уақыт, оны түзе­те алмай­сың және оның бір түсін екін­шісі­мен ауы­сты­рып, алма­сты­рып, жаңа­дан жаза алмай­сың. Біз оны бүкіл қай­шы­лы­қта­ры­мен және қай­ғы­лы бет­тері­мен қоса, ол қан­дай бол­са, нақ сон­дай, бүкіл алу­ан түр­лі, тұтас күй­ін­де қабыл­да­уға тиіспіз.

Тарих ғылы­мықаси­ет­ті
ғылым. Ол бұра тар­ту­ды да, әсіре боя­у­ды да, «өтірік­ті шын­дай, шын­ды құдай
ұрғандай» еткен­ді де көтер­мей­ді. Оның
өлше­мі – шын­дық, ақиқатқа жүгіну. Ал «Қазір­гі
Қазақстан тарихын­да» осы АҚИҚАТТАР бар ма?

Қуан­дық ЕСЕНҒАЗЫ,

тарих ғылым­да­ры­ның

док­то­ры,

про­фес­сор

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн