Пятница , 4 июля 2025

ХАНДАР «ПАНТЕОНЫ»: кімдер жатқанын білеміз бе?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

АнекDAT

 

 

– Мына билік қашан ауы­са­ды, ата?

– Сәл шыда, балам. Әлгі пан­теон­да­ры біт­сін, сосын ауы­са­тын шығар…

Мықты­бек ОРАЗТАЙҰЛЫНЫҢ ФБ-парақшасынан

 

 

 


 

Аста­на­да салын­бақ пан­теонға кім­дер­дің жер­ле­нетіні бел­гілі бол­ды. Ал Түр­кістан­дағы Қожа Ахмет Ясса­уи кесе­несін­де жатқан жүз­де­ген адам­ның Абы­лай хан­нан басқа­ла­ры­ның сүй­е­гі әлі күн­ге дей­ін ғылы­ми негіз­де зерттелмеген.

 

«Азаттық» тіл­шісі Түр­кістан­да 14-ғасыр­да салы­нған, қазақ тарихын­да орны бар жүз­де­ген әйгілі тұлға – хандар мен билер және батыр­лар­дың сүй­е­гі жатқан Қожа Ахмет Ясса­уи кесе­несіне барып, «пан­те­он» деген ресми мәр­те­бесі жоқ ол орын-ның қазір­гі күй­ін көріп қайт­ты. Түр­кістан­дағы кесе­не­ге кіре бері­сте ондаған адам-мен сөй­лес­кен тіл­ші олар­дың көбі­нен «бұл жер­де Қожа Ахмет Ясса­уи жатқа­нын ғана біле­міз, оның маңы­на кім­дер жер­лен­гені­нен бей­ха­бар­мыз» деген жау­ап ал-ды.

Сол адам­дар­дың бірі – Жам­был облы­сы Қара­тау қала­сы­ның тұрғы­ны Алма Па-зыло­ва ата-ана­сы мен бала­ла­рын ертіп, «халы­қтың тыны­шты­ғы мен бала-шаға­сы­ның аман­ды­ғын тілеп», алғаш кел­ген беті екен. «Кесе­не­де қаза­қтың хан-дары мен билері, батыр­ла­ры жер­лен­генін көр­дік. Бұл жер­де олар­дың жатқа­нын біл­медім. Кесе­не­де жер­лен­ген адам­дар­дың тізі­мін көріп, бала­ла­рым да таң қалып жатыр. Шынын­да да біліп жүретін дүние екен», – дей­ді ол.

Кесе­ненің төр жағын­да Қожа Ахмет Ясса­у­идің сүй­е­гі жатқан бөл­ме жабық тұр екен. Бұл бөл­ме­ге жана­ма Абы­лай дәлізін­де қаза­қтың ханы Абы­лай жер­лен­ген. Дәліз тар болған­ды­қтан, қабір мен қабір­тас екі бөлек қой­ы­лған. Абы­лай­дың қабірі Ясса­у­идің қабірінің оң жағын­да шама­мен бес метр жер­де. Бұл дәліздің төрін­де оты­рған мол­даға кесе­не­ге келу­шілер құран оқы­тып жатты.

Абы­лай дәлізінің жанын­да Үлкен Ақса­рай және Кіші Ақса­рай бөл­месіне алып ба-ратын Ақса­рай дәлізі бар. Ақса­рай дәлізі алдын­дағы тақтай­ша­да бұл кесе­не­де жер­лен­ген 186 хан мен би және батыр­лар­дың аты-жөн­дері, қай уақыт­та ғұмыр кеш­кені жазы­лған. 12-ғасыр­да өмір сүр­ген діни тұлға Қожа Ахмет Ясса­у­и­мен ба-сталған ол тізім 19-ғасыр­да өмір сүр­ген Шоңға­ра бимен аяқталады.

Ақса­рай дәлізінің арғы басын­дағы Үлкен Ақса­рай атты бөл­ме­де Қаз дауы­сты Қазы­бек бидің қабірі бар. Ал Кіші Ақса­рай бөл­месіне «350-ден астам адам­ның жер­лен­гені» жазы­лған. Дәліз бой­ын­да бел­гісіз адам­дар­дың қабір­лері де бар.

Мұн­да жер­лен­ген 350-ден астам адам­ның дере­гін Қожа Ахмет Ясса­уи кесе­несі қарай­тын Әзірет Сұл­тан мем­ле­кет­тік тари­хи-мәде­ни қорық-мұра­жай­ы­ның қыз­мет­кері Дани­яр Сәду­ақа­сов айтып бер­ді. Бұл жер­де 10 жыл­дан бері таны­сты-рушы болып жұмыс істей­тін маман­ның сөзін­ше, кесе­нені рестав­ра­ци­я­лау кезін­де тіреу орна­ту үшін қабы­рға­ның асты­ңғы жағын қазған маман­дар көп адам­ның сүй­е­гін тапқан – кесе­ненің ішкі бөл­ме­лері де, айна­ла­сы да қабір­ге толы болған. «Ол жер­де өте көп кісі жер­лен­ген. 350-ден аса кісінің сүй­е­гі шыққан. Әлі де шығып жата­ды. Мына тізім­де көріп тұрға­ны­мыз – оның жар­ты­сы ғана. Бұл тізім жыл сай­ын толы­ғып жатыр, бір-екі жыл­да бір кісі қосы­ла­ды», – дей­ді ол.

Бұл сүй­ек­тер­ді 2000 жылы Кіші Ақса­рай бөл­месін­де төрт метр тереңдік­те қазы­лған қабір­де­гі қатар-қатар сөре­лер­ге салып қай­та жер­ле­ген. Дани­яр Сәду­ақа­со­втың сөзін­ше, мұн­да жер­лен­ген 350-ден астам адам­ның 190-дай­ы­ның ғана аты-жөн­дері аны­қталған, көп зират­тың қабір таста­ры жоға­лып кет­кен, не кім­дікі екенін бел­гісіз. «Бұл жер­де тек Абы­лай хан­ның ғана сүй­е­гі ғылы­ми тұрғы­да зерт­тел­ді. Хан­ның сүй­е­гі алы­нып, Мәс­ке­уде зерт­теліп, бет-бей­несі жаса­лып, 100 пай­ыз дәлел­деніп, құр­мет­пен өз орны­на қай­та қой­ыл­ды. Бұл ғылы­мға керек бол­ды. Күмән бол­мау үшін осын­дай шешім шыға­рыл­ды», – дей­ді ол. Маман­ның айтуын­ша, марқұм­дар­дың бәрінің сүй­ек­терін зерт­те­у­ге «бағ­дар­ла­ма керек, қыру­ар қара­жат бөлі­нуі керек, тәу­ел­сіз маман­дар жұмыс істе­уі керек».

Кесе­не­де ара­сын­да Абы­лай хан бар – жиыр­ма­дан аса хан­ның, Қаз дауы­сты Қазы­бек бар – жиыр­ма шақты бидің, Қан­жы­ға­лы Бөген­бай бар – қырық-елу ба-тыр­дың сүй­е­гі жатқа­нын айтқан Дани­яр Сәду­ақа­сов «бұл жер­ді мем­ле­кет­тік тұрғы­да наси­хат­тау керек» деп біледі. «Ақпа­рат­тық заман­да тарихы терең дүни­е­лері­міз көрін­бей жатыр. Халық тари­хи тамы­рын таны­са, еңсесі көтеріледі», – дей­ді кесене қызметкері.

Дани­яр Сәду­ақа­со­втың сөзін кесе­не­ге Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы Созақ ауда­ны­нан отба­сы­мен бір­ге құран оқуға кел­ген Рәт­бек Аба­шев та қолдайды.

– Қаза­қтың ханда­ры мен батыр­ла­ры, билері қай­тыс болған соң, Қожа Ахмет Ясса­уи кесе­несіне әкеліп жер­ле­ген. Бәрі осы жер­де жатыр ғой. Бұл жер – тари­хи киелі орын. Елдің бәрі осы­ларға бас иіп, тәу етіп келеді, – дей­ді ол.

Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гіне қарас­ты «Әзірет Сұл­тан» мем­ле­кет­тік тари­хи­мә­де­ни қоры­қ­мұра­жай­ы­ның дере­гін­ше, ЮНЕ­СКО­ның әлем­дік мұра­лар тізі­міне енгізіл­ген Қожа Ахмет Ясса­уи кесе­несіне жаз­да күніне 700750 адам, қыста күніне 200–250 адам келеді. Екі жыл­дан бері ере­сек­тер кесе­не­ге 200 тең­ге, зей­нет­кер­лер мен бала­лар 100 тең­ге төлеп кіреді.

 

Дила­ра ИСА,

Azattyq.org

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн