Хоум кредит банк, ЕНДІ ЕРЖАН ҚАЛАЙ мектепте оқиды?

Безымянный3Біздің редакцияға мектептің 2-ші сынып оқушысы Ержан деген баладан хат келіпті (фотокөшірмесін қараңыз). Ержан өз хатын «Хоум кредит банкке» арнаған екен. Бүлдіршіннің қолы әбден талып жазған хаты мынадай (барлық қателерені түзетіп бастық):

«Амансың ба, Банк аға! Сіз менің көңілімді бұздыңыз. Мені жаман (дай) ренжіттіңіз. Біз анам екеуміз қуанып, компьютер сатып алайық десек, ақшаны көбейтіп қойдыңыз. Кішкентай балаға қымбаттатқан осыңыз дұрыс па, Банк аға? Ойланбайсыз ба? Немене, біз сіздің малайыңызбыз ба? Енді мен компьютерді қалай алам? Оқуды қалай оқимын? Сіз маған жауап айтыңыз? «Иә» мә?

Хат жазған – Ержан. Іргелі деген жерде 2 сыныпта оқып жүрмін. Енді оқымаймын ғой, Банк аға».

Біз «енді оқымаймын ғой…» деген сөзі үшін ғана Ержанды іздеп, Алматының іргесіндегі Іргелі ауылына бардық. Мектептен сұрастыра жүріп, Ержанды және оның анасы Гүлжиянды тауып алдық. Кіршіксіз көңілін қағаз бетіне түсіріп, балалық ренішін ақтарып салған Ержан қоңыр қозыдай, көп сөзі жоқ оқушы екен. Оның бала көңілін аулау үшін, редакцияның атынан апарған планшетті табыс еттік. Анасынан Ержан жазған хаттың тарихын сұрадық.

«Ержанның мұндай хат жазғанын маған мына хатты өзің оқитын газетке салшы дегенде білдім, – дейді Ержан оқитын мектепте ағылшын тілінен сабақ беретін анасы Гүлжиян. – Біз жоғарғы жақтың тапсырмасымен бірнеше газет жаздырып аламыз. Бірақ мен бұл хат «ДАТ» газетінің мазмұнына келер деп, сіздерге салып жіберген едім. Ержанның көңілі қалмасын деген ғана ойым болды. Бұны дабыра ету керек жоқ шығар… Оның үстіне сіздер «планшетник» сыйға тарттыңыздар. Рахмет!.. Ержанға жазған хатыңа жауап келді деп айтармын…».

Жоқ, біз бұны дабыра етуден аулақпыз. Тек елдегі банкілерде орын алған несиелік үстеменің өсім жағдайы Ержан жазғандай болғандықтан, оны баланың тілімен айту үшін ғана жария етіп отырмыз. Бәлкім, «жұмыртқадан жүн қырыққан» банкілер Ержан сияқты мыңдаған баланың компьютер сатып алсам деген қиялына қанат байлар деген үмітіміз ғана бар…

Жансая ЕРТАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн