Қазақ мәдениетінің танымал болуы,халықтың патриотизм ұғымын нацизммен шатастыратынын көрсетті.
TikTok желісінде соңғы уақытта “I’m not kazakh but…” тренді әлемде кеңінен таралуда.Әлеуметтік желілерде шетелдіктер қазақ өлеңдерін шырқап, қоғамға салады.Бұл қазақ мәдениетінің,нақтырақ айтқанда өлеңдерінің әлемге танымал болғанын көрсетті.Бірақ осы трендтердегі қазақ халқының пікірлері ойлануды талап етеді.Желіде отандастарымыз басқа ұлт өкілдері туралы сыңды пікірлер қалдыруда.Осы жайт еліміздегі кей азаматтардың патриотизм мен нацизм ұғымдарын шатастырып жүргенін айқындайды.Бұндай пікірлер өз отаныңа деген сүйспеншілікті көрсетудің орнына,өзгені кемсітуге бағытталған реакция.Мұндай көзқарас ұлттық рухтың емес,қоғамдағы толерантсыздықтың/төзімсіздіктің/елемеушіліктің/менмендіктің бейнесі.
Патриотизм үстемдік емес – отанға сүйіспеншілік
Байқағандарыңыздай, қазіргі таңда қазақ музыкасы ұлттық шеңберден шыға бастап,әлемге таныла бастады.Әрине қазақ мәдениетінің әлемге танылуы, мақтануға тұрарлық зат.Әлемнің түкпір түкпіріндегі азаматтар қазақ өлеңдерін тыңдап,ұлттық сазға тәнті болуда.Қазақ тілін білмесе де өлеңнен алған әсері мен эмоциясымен бөлісуде.Бұл жаңалық әлемге мәдениетіміздің күші мен рухани ықпалы мықты екенін көрсетеді.
Бірақ кей қазақтар бұл тамаша жетістікті, өзге ұлтты төмендету үшін пайдалануда.Сол адамдарды көбіміз нағыз патриот деп танығанымен, бұл ұлтшылдыққа жақын көзқарас.Себебі нағыз патриот өз ұлты мен мәдениетін өзгені төмендетпей,керсінше өзіне баурап алып әлемге таңылтады.Сол себепті де осындай оқиғадан сабақ алып,өзгені кемсіту ешқандай жақсы нәрсеге әкелмейтінін және мәдени өркендеу өзгелерге күліп қарағанда ғана мүмкін болатынын түсінуіміз керек.
Патриотизм мен нацизм: айырмашылығы неде?
Патриотизм дегеніміз ол өз елін,жерін,тілін және мәдениетін сүю және елінің өркендеуі үшін қолынан келгеннің бәрін жасау.Ал нацизм болса өз ұлтыңды өзгеден жоғары қойып, өзге ұлттарды менсінбеу.Әлеуметтік желідегі кей отандастарымыздың пікірінен байқағандай,осы екі ұғым шатасқан көрінеді.Өзге ұлтты кемсіту белгілі бір істі талап ету арқылы мақтануды патриотизм деп біледі де,өз ісімен мақтанады.Бұл қоғамымыздың дүниетанымындағы үлкен мәселелерді көрсетеді.Алайда көпшілігіміз өз елін бірінші орынға қою ол өзіңнің ұлтыңа деген шексіз махаббат емес пе,сондықтан нацисттер нағыз патриоттар деп білеміз.Бірақта патриотизм тек өз елін сүю емес,оған қоса өз мәдениетініңді әлемге танылту.Ал әлемге танылу үшін мәдениетаралық сыйластық және ең бастысы толеранттылық қажет.Себебі басқаларға жоғарыдан қарау мойындау мен құрметке емес, тек бөлінуге ғана алып келеді.
Жұмабек Нұрсұлтан , Жалбағай Айқын