ИМАМДАРҒА бірыңғай шапан КИГІЗЕМІЗ

Дұрыс екен!

 

 

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) діни қызметкерлер үшін бірыңғай шапан үлгілерін бекітті. «Дін қызметкерлері үшін жаңа шапан үлгісі әзірленді. Киім сапалы және жаңа сән үлгісімен жасалынды», – делінген ҚМДБ сайтында жарияланған хабарда.

 

Хабарда айтылғандай, бірнеше жылдан бері діндарларымыз жазда жағасы мен жиектері оюланған ақ шапан киетін. Ал қыста киетіні – жағасының түсі қара барқыт шапан. Бір сән ательесінде тігілмегендіктен, ақ деген түсінің өзі әркелкі, қарасы да тап солай болатын. Осының нәтижесінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектерімен де, түсімен де бір-бірінен ерекшеленді. Осы әртүрлі киім үлгілерін бір ізге түсіру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде екі түрлі шапан үлгісі қаралып, талқыланып бекітілді.

Бұған дейінгі әркелкі шапан үлгісіне жол бермес үшін, шапан үлгілері де тек бір жерден, нақтырақ айтқанда, «Би ана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (Алматы қ. Сейфуллин даңғылы, 287, «Сервер» аялдамасы, e-mail: [email protected], тел.: 380-60-08, 380-60-09) жекелей де, ұжымдық түрде де тапсырыспен тіккізу жөнінде келісілді.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн