Суббота , 5 июля 2025

Индира РАСЫЛХАН: ЭКРАННЫҢ БЕТІН БЕРМЕЙ, ел-жұртты мезі еткім келмейді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 


Әндері­нен қаза­қы­лық әуен есіп тұра­тын бел­гілі әнші Инди­ра Расыл­хан тың­дар­ман­да­рын жалы­қты­рып алу­дан қорқа­ды. Бірақ әншінің өзі сахнаға сирек шыға­ды. Неге? Әнші­мен сұх­бат­ты оқып көріңіз.

 

− Инди­ра ханым, кей­ін­гі кез­де сахнаға көп шық­пай­тын болып кет­тіңіз ғой. Теле­экран­нан да көрін­бей жүрсіз…

− Аста­наға қоныс аударға­лы бері өз өнер мек­тебім­ді аштым. Шыным­ды айт­сам, сол білім орда­сы­ның шаруа­сы­мен көп айна­лы­сып жүр­мін. Жеке шығар­ма­шы­лы­ғым­нан гөрі, бала­лар­дың өнер­лерін дамы­ту­ды жөн көріп жүр­мін. Мек­теп бой­ын­ша бір­не­ше жоба­лар­мен жұмыс істе­уде­мін. Сон­ды­қтан соңғы кез­де сахнаға көп шыға алмай жүр­мін. Тіп­тен соңғы уақыт­та бей­не­ба­ян түсіру­ге де уақы­тым жоқ.

 

− Бәл­кім, Аста­наға көшу сіз­ге кері әсерін тигіз­ген шығар?

− Жоқ, бұл жаң­сақ пікір. Бұл жақта ара-тұра кон­церт­тер­ге қаты­сып жүр­міз. Керісін­ше, Алма­ты­да іске асы­ра алмаған дүни­е­лерім көп. Соны осы жақта қолға алуға мүм­кін­дік туды. Теле­ар­на­ның бар­лы­ғы осы Аста­на­да. Сон­ды­қтан көш маған кері әсерін тигі­зе қой­ған жоқ. Қай­та өзім­ді басқа қырым­нан шың­дап, таны­тып жатырмын.

 

− «Осы әнші жыл­ты­ң­дап шыға бер­ді ғой» деген жұрт­тың сөзі­нен қашқан едім» деп айтып жүріп, расын­да да, халы­қтың жады­нан шығып қалам деген қорқы­ныш жоқ па?

− Ешқан­дай қорқы­ныш жоқ. Керісін­ше, экран бетін бер­мей, қай­та-қай­та жыл­ты­ң­дап шығып кету­ден қорқа­мын. Елдің наза­рын өзі­ме көп ауда­рып, жалы­қты­рып жібер­мей­ін деп ойлай­мын. Дау­сым­ның ырғағы, орын­даған әндерім, бол­мысым да халы­қтың есі­нен ұмы­тыл­май­ты­ны­на сенім­ді­мін. Шәкірт­теріңнің де өмір­бақи есін­де қала­сың. Бала­лар­мен жұмыс жасап оты­рған соң, әр ата-ана көбі­не­се «Инди­ра Расыл­хан не жұмыс жасап жатыр екен» деген қызы­ғу­шы­лық таны­туы әбден мүм­кін. Әрине, үне­мі сұра­ны­ста болу үшін, халық сені теле­ар­на­дан жиі көріп оты­руы керек. Сол үшін шамам кел­ген­ше шақы­рған жер­лер­ден қал­май, қаты­сып жүрмін.

Негізі мен – сахнаға сағын­дыр­тып шыға­тын әншілер­дің қата­ры­нан­мын. Қай­та-қай­та шығып, ел-жұрт­ты мезі еткім кел­мей­ді. Тіп­ті Инста­гра­мға сурет салар­да «қай­та-қай­та сурет салып кет­ті ғой» дей­тін оқыр­ман­дар­дың да жоқ емес екен­дерін біліп оты­ра­мын. Сын­ның астын­да қал­ма­сам деймін.

 

− Ал Аста­на­да ашы­лған өнер мек­тебіңіз бүгін­гі дағ­да­ры­стың жағ­дай­ын­да қалай күн кешіп жатыр?

− Дағ­да­рыс деп оты­ра­тын адам сол баяғы орнын­да оты­ра береді ғой. Өсу, өну дағ­да­ры­сқа бай­ла­ны­сты емес. Халы­қтың жағ­дайы да сон­ша­лы­қты қиын деп айта алмай­мын. Кез кел­ген ата-ана бала­ла­ры­ның бола­шағын ойлай­ды. Сол себеп­тен қай кез­де бол­сын, бала­ла­рын түр­лі мек­теп­тер­ге беруді қиын­шы­лық көрмейді.

 

− Деген­мен, күн­делік­ті тамағын тауып жеуі қиын­дап бара жатқан халы­ққа өнер мек­тебіне бала­сын ақы­мен оқы­ту қиын емес пе?

− Бала­лар жал­пы орта білім ала­тын мек­теп­тер­де тегін оқып жатыр. Мәсе­лен, емха­наға да ақы­сыз қара­ла­ды. Қосым­ша сабағы­на ақша төлеп оқы­ту­да тұрған еш қиын­дық жоқ сияқты. Біздің мек­тебі­міз­ге бала­ла­рын алып келіп жатқан­дар көп. Себебі мұн­да олар қосым­ша білім ала­ды. Талан­ты бар бала­лар­ды неге қол­да­масқа, қол­дау көрсетпеске?

Мек­теп­те эст­ра­да­лық вокал, сахна тілі, актер­лік шебер­лік, түр­лі музы­ка­лық аспап­тар­да ойна­уға үйре­те­ді. Қазір бала­лар­дың қаты­суы­мен қысқа­мет­раж­ды ойын-сауық таным­дық фильм дай­ын­дап жатыр­мыз. Мек­теп табал­ды­ры­ғын аттаған оқу­шы үш жыл білім ала­ды. Оқу­ды тәмам­даған соң, арнайы куәлік беріледі.

 

− Сіз осы өнер мек­тебін ашқан кез­де банк­тен несие алған жоқ­сыз ба? Оны сұрап оты­рға­ным – бүгін­гі қаза­қтың екісінің бірі кре­дит­тің қамы­тын киген – несие жабу үшін ғана жұмыс істеп жүр­міз дейді…

− Жоқ, несие алма­дым. Себебі банк­тен ақша ала­тын бол­сам, бар тапқа­ным­ды ай сай­ын банк сорып алмас па еді?! Бұл өз күшім­мен, кей­бір жана­шыр аза­мат­тар­дың қол­дау көр­се­туі­мен ашы­лған мек­теп. Былай қарап отыр­саңыз, банк­тен кре­дит алып жасай­тын­дай дүние емес. Бала­ларға жақ­сы тәр­бие беретін тәлім­гер­лері бар және бар­лық аспап­тар­мен жаб­ды­қталған жер бол­са, мек­теп ашу­дың ешқан­дай қиын­ды­ғы жоқ деп ойлаймын.

− Ал Алма­ты мен сіз барған Аста­на­ның халқын­да өнер­ге деген қан­дай айыр­ма­шы­лық бар екен?

− Қаза­қта «Су ішкен құды­ғы­ңа түкір­ме» деген мақал бар емес пе! Алма­ты­дан ешқан­дай жәбір көр­ген жоқ­пын. Әрине, Алма­ты­дағы халы­қтың көп­шілі­гі қара­пай­ым, мен­та­ли­теті де басқа. Ал Аста­на­ның халқы басқа­ша­лау. Тұрғы­лы­қты адам­дар бұл жақта орыс­ша өскен­дік­тен, қан­дай да нәр­се бол­сын өз уақы­тын­да, дер кезін­де атқа­ры­луын қалап тұра­ды. Қаза­қстан­ның әр аумағы­нан келіп жатқан өнер иелері көп. Қаза­қы сал­ты басым облы­стар­дан көшіп келіп жатқан­да­ры да бар. Соған бай­ла­ны­сты Аста­на халқы­ның мен­та­ли­теті қаза­қы­лы­ққа қарай біраз ойы­сты. Осы­дан екі-үш жыл бұрын халқы мүл­дем басқа­ша еді. Қазір Аста­на­ның кез кел­ген қыз­мет көр­се­тетін жерін­де қаза­қ­ша сөй­лей­міз. Ертең­гі күні Аста­на қала­сы да біздің Алма­ты­ның халқы сияқты бір-бірін дос көретін, бауыр деп қар­сы ала­тын мекен­ге айна­ла­ты­ны­на сене­мін. Бұл жақтың халқы да өнер­ді баға­лай біледі. Арқа­ның өнерін әлі күн­ге дей­ін ұстап тұрған, осы уақы­тқа дей­ін біз­ге дәстүрі­мізді жет­кіз­ген жұрт­ты өнер­ден алыс деп айтуға бол­май­ды. Шыным­ды айт­сам, Аста­наға көш­кені­ме қуа­ны­шты­мын. Оның көр­ке­юіне біз де үлесі­мізді қосуы­мыз керек шығар деп ойлаймын.

 

− Айт­пақ­шы, соңғы кез­дері қазақ әншілері неге Аста­наға көш­кіш болып алды деп ойлай­сыз? Мәсе­лен, Аме­ри­ка­ның атақты әншілері Вашинг­тон­да тұр­май­ды ғой. Кезін­де атағы әлем­ді жарған «Бит­лз» тобы да Ливер­пуль­дан Лон­донға көшпе­ген. «Өзі­міздің» София Рота­ру да Қырым­да жүріп-ақ бүкіл Кеңе­стер одағын табын­ды­рған… Ал біздің әншілер үшін Аста­на­ның Алма­ты­дан не арты­қ­шы­лы­ғы бар екенін сіз қалай бағамдайсыз?

− Аста­на­да көп дүние енді ғана ашы­лып жатыр. Жақ­сы аран­жи­ров­щик­тер де келу­де. Сапа­лы ән жазу сту­ди­я­сы да ашы­ла­ды. Енді ғана бой көтеріп келе жатқан­нан кей­ін Алма­ты­дағы көп­те­ген дүни­е­лер­ді біз Аста­наға әкел­сек, қала­ның көр­ке­юіне үлес қосқа­ны­мыз шығар деп ойлай­мын. Өз жеке басы­мы­зды ойлаған ештеңе­міз жоқ. Бірақ «маған Алма­ты ыңғай­лы, осын­да тұра бер­сем» деген де өнер адам­да­ры бар. Айнал­ды­рған аз халы­қ­пыз, оның біраз бөлі­гін басқа ұлт өкіл­дері құрай­ды. Біздің қазақ өзі аз бол­са да, «ары тарт та, бері тарт» болып жатыр­мыз ғой. Неге бәрі­міз бірі­гіп елі­міздің қала­ла­ры­ның бой көте­руіне атсалыспасқа?

 

− Сіз жай­ын­да «әнге деген талға­мы өте жоға­ры» деушілер бар. Ән шырқап қана қой­май, оның сөзіне де мән беретін әншілер­дің қата­ры­нан бола­сыз. Енде­ше қазір­гі эст­ра­да­да шырқа­лып жүр­ген әндер­дің сапа­сы­на қалай қарайсыз?

− Сөзіңіздің жаны бар. Расын­да да, мен әннің сөзіне өте кір­пи­яз­ды­қ­пен қарай­мын. Себебі ол әні­мен қоса сөзі де құлаққа жағым­ды болуы керек деп ойлай­мын. Ән арқы­лы бола­шақ ұрпағы­мыз тәр­би­е­ле­неді. Сон­ды­қтан әннің сөзінің өзін­де тәр­бие жатуы керек. «Сүй­дім-күй­дім», «өлдім-тал­дым», «өртен­дім-жан­дым» деген сөз­дер­ден қан­дай тәлім алуға бола­ды? Халы­қты тәр­би­е­ле­у­ге біз де өз үлесі­мізді қосып оты­рған­ды­қтан, менің ойым­ша, айтар әрбір сөзі­міз­ге мұқи­ят болуы­мыз қажет. Біз сөз­ге тоқтаған халы­қ­пыз, оған мән беріп, әр айты­лған сөз­ден нәти­же шығарған баба­лар­дың ұрпағы­мыз. Сол үшін де оған өте сал­мақты қараймын.

Иә, қазір мағы­на­сы жоқ сөз­дер­ден құралған әндер көп. Деген­мен, мұның бәрі уақыт­ша деп ойлай­мын. Оның сахна­дан, қазақ өнері­нен жой­ы­ла­тын өз мез­гілі бар. Халық әлі әуезді және мағы­на­сы терең әндер­ді іздей­тін бола­ды. Өз басым келе жатқан ұрпақтан зор үміт күте­мін. Ұлты­мы­зды, жері­мізді ойлай­тын ұрпақ тәр­би­е­ле­нетініне сенімдімін.

Әрбір отба­сын­дағы үйде оты­рған ана­ла­ры­мыз осы тұрғы­дағы мәсе­лені қарас­ты­ра­тын бол­са, біздің ұлты­мы­здың тілінің жоға­ры, дәстүрінің тұғы­ры биік болуы­на атса­лы­сқан болар еді.

 

− Сұх­бат­тың бірін­де «Мен үшін ең үлкен атақ – «Инди­ра Расыл­хан­ның эст­ра­да әншісі болға­ны!» деп айтқан­сыз. Бірақ қатар­ла­ста­ры­ңы­зға қараған­да сіздің атақ­сыз жүр­геніңіз көңіл­ге қаяу түсір­мей ме?

− Иә, мен үшін одан асқан атақ жоқ. Қай жер­де бол­сын осы­ны айтып жүре­мін. Был­тыр ғана Ұлы­қ­пан Жол­да­сов аға­мыз ҚР Еңбек сіңір­ген мәде­ни­ет қай­рат­кері атағын алды. Осы уақы­тқа дей­ін ол кісі қан­ша­ма ән шығар­ды, еңбек­тен­ді. Бір­не­ше әндер­дің ком­по­зи­то­ры, сахна­да жүр­геніне де біраз жыл бол­ды. Сол кісінің өзі атақты енді алып оты­рған­да, оның қасын­да мен әлі де мұн­дай көлем­де еңбек сіңір­ген жоқ шығар­мын деп ойлай­мын. Жақ­сы­лы­қтың ерте-кеші жоқ, бәрі де өз уақы­тын­да болуы керек.

Көбі­не­се жұрт Қай­рат Нұр­та­стың атақ алған­ды­ғы тура­лы айтқы­сы келеді. Шыны керек, Қай­рат­тың халық үшін жасаға­ны, Гүл­зи­ра ханым­ның тара­пы­нан бол­сын атқарған еңбек­тері зор. Сон­ша­ма ән жазу, оны халы­ққа тара­ту, ерін­бей әр облы­стар­да кон­церт беру үлкен жігер­лік­ті талап ете­ді. Мәде­ни­ет қай­рат­кері деген атаққа лай­ы­қты іс атқа­рып жүр. Ал мен олар секіл­ді таңер­тең­нен кеш­ке дей­ін тыным тап­пай толас­сыз жұмыстар жасап жатқан жоқ­пын. Себебі отба­сым, бала-шағам бар. Сол себеп­тен бір жер­де экран­нан көрініп жат­сам, енді бір­де бала-шағам­ның жағ­дай­ы­на қарап қала­тын кез­дер бола­ды. Бола­шақта осы қазір­гі жасап жатқан еңбе­гі­міз еленіп жат­са, тіп­ті жақ­сы. Әлі күн­ге дей­ін атақ алмаға­ным көңілі­ме еш қаяу түсірмейді.

 

− Шығар­ма­шы­лы­ғы­ңы­зда қан­дай еле­улі жаңа­лы­ғы­ңыз бар?

− Асып кет­кен жаңа­лы­ғым жоқ. Жаңа әндер жазы­лып жатыр. Әзір­ге оны құпия ұстай­мын. Жары­ққа шығып жат­са, тың­дай­сыздар. «Инди­ра Расыл­хан» өнер мек­тебінің бала­ла­ры­ның қаты­суы­мен «Науры­зға асық» деп ата­ла­тын фильм түсір­дік. Ол жер­де тек актер­лік шебер­лік­те оқи­тын бала­лар ойнай­ды. Алла қала­са, жақын­да мек­тебі­міздің бір жыл­ды­ғы бола­ды. Әр облы­стар­да жыл сай­ын өткізілетін рес­пуб­ли­ка­лық «Дарын 2016» деген кон­кур­сым бар еді. Соны сәуір­ге жос­пар­лап отыр­мыз. Әзір­ге сол бала­лар­мен жұмыс жүр­гізіп жатырмын.

 

− Соңғы уақыт­та әншілер қауы­мы кино түсір­гіш болып кет­пе­ді ме осы? Кей­де кәсі­би режис­сер­лер рен­жіп: «Әншілер кино түсіруді ақша табу деп ойлай­ды» дейді…

− Біздің фильм­ді кәсі­би режис­сер­лар түсір­ді. Өзі­міз режис­сер­лық жасап оты­рған жоқ­пыз. Бұл жер­де­гі мақ­са­ты­мыз – ақша табу емес, бала­лар­дың актер­лік шебер­лік­терін арт­ты­ру, алған білім­дерінің нәти­же­сін көр­се­ту. Сахна­да жүр­ген әншілері­міздің қай­сысы қан­ша­лы­қты фильм түсір­ген­дері­нен хаба­рым жоқ екен. Бірақ оған ешқан­дай қар­сы­лы­ғым жоқ. Егер кино түсіру­ге деген ынта­сы болып жат­са, неге өзін басқа сала­да сынап көрмеске?!

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН,

[email protected]

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн