Суббота , 5 июля 2025

Инга ИМАНБАЙ: ЖАНБОЛАТҚА ЖАБЫЛҒАН ЖАЛА саяси тапсырыспен жасалып отыр

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 

ДАТ!


 

«Три­бу­на» газетінің бас редак­то­ры Жан­бо­лат Мамай­дың нақақ жала­мен қама­луы жөнін­де­гі хабар қоғам­ды дүр сіл­кін­діріп қана қой­май, қазір­гі билік­тің «өзге­ше ойлай­тын» аза­мат­тарға қар­сы жүр­гізіп оты­рған қуда­лау сая­са­ты­ның күшей­іп бара жатқан­ды­ғын көр­сет­ті. Тәу­ел­сіз жур­на­лист­ке сая­си қуда­ла­удағы бан­кир Мұх­тар Әбі­ля­зов құрған ұйым­дасқан қыл­мыстық топ­тың («ОПГ») құра­мын­да «БТА Банк­тің» қар­жы­сын «Три­бу­на» газеті арқы­лы «таза­ла­у­ға» қаты­сқан деген нақақ айып тағы­лып отыр. Енді­гі кезек­те қаза­қстан­дық билік бүкіл әлем­ге «Жан­бо­лат­тың ісі» деген айқай­мен таны­ла­ты­нын еске сала оты­рып, жур­на­лист­ке қаты­сты мән-жай­ды әріп­тесі Инга Иман­бай­дан аны­қта­уды жөн көр­дік. Сөз басын­да ескер­те кетей­ік, қай­сар да ина­бат­ты Инга ханым біздің газет­ке бер­ген сұх­ба­тын­да өзін Жан­бо­лат­тың жұбайы екенін және еке­уінің бір қызда­ры барын мәлімдеді.

 

– Инга, Жан­бо­лат­тың ұста­луы мен оған тағы­лып оты­рған айып­тар жөнін­де айтып өтсеңіз, бұл істе қан­дай себеп­тер мен астар бар деп ойлайсыз?

– Жан­бо­лат үне­мі аңду мен бақы­ла­уда жүр­геніне еті­міз әбден үйрен­ген еді. Сон­ды­қтан бұл қыл­мыстық істің пай­да болуы біз­ге тіп­ті де таң­сық емес. Қазір оппо­зи­ци­я­лық алаң әбден тазар­ты­лған, тәу­ел­сіз БАҚ ішін­де­гі қалға­ны – екі-үш газет пен олар­ды жанқи­яр­лы­қ­пен шыға­рып жатқан редак­тор­лар. Олар халы­қтың да, билік­тің де жіті наза­рын­да. Солар­дың бірі – Жан­бо­лат. Өзіңіз білесіз, бүгін­гі Қаза­қстан­да біздің «Три­бу­на» мен сіз­дер­дің «ДАТ» жоба­сы, «Жас Алаш» газеті тәу­ел­сіз басы­лым­дар­дың соңғы «тұяғы» болып қал­дық. Сон­ды­қтан Жан­бо­лат та, мен де аза­мат­тық ұста­ным­ның демо­кра­ти­я­сыз Қаза­қстан­да немен бітуі мүм­кін екенін әрқа­шан есте сақтап жүр­дік, әрі оған дай­ын да болдық.

Соңғы кез­дері жиілеп кет­кен аран­да­ту­шы­лы­қтар мен ескер­ту есебін­де болып жатқан жағ­дай­лар Жан­бо­лат­тың ұста­ны­мын шай­қал­тқан жоқ, содан да болар, мораль­дық тұрғы­да өзіне бекем болып жүр­ді. Сон­ды­қтан бұл жер­де қан­дай қыл­мыстық бап, қан­дай айып тағы­ла­ты­ны аса маңы­зды емес. Қазір­гі қалып­та­сып оты­рған қоғам­ның жағ­дай­ын­да Жан­бо­лат­тың келе­шек тағ­ды­рын жақ­сы­лы­ққа жору аса қиын. Ол өзінің сая­си және өткір жур­на­ли­стік көзқа­рас­та­ры үшін қуда­ла­нып отыр – оны мен жасыр­май ашық айта аламын.

Деген­мен, мен билік өкіл­дерінің әре­кет­терін еш түсіне алмай отыр­мын: қай­дағы қар­жы­лық ала­яқтық тура­лы айтып отыр?! Жан­бо­латқа қан­дай айып тағыл­са да, жұрт­шы­лы­қтың бәрі бұл жағ­дай­дың аста­рын­да не бар екенін түсініп отыр ғой. Аста­ры айқын – ол «Три­бу­на» газетінің өткір әрі оппо­зи­ци­я­лық ұста­ны­мы­на жасалған қысым. Басқа­дай ешбір мәсе­ле жоқ.

– Билік­тің бақы­ла­у­ын­дағы бірқа­тар БАҚ Жан­бо­лат­тың «БТА Банк­тен» жымқы­ры­лған ақшаға қаты­сы бар деген айып тағы­лып оты­рған­ды­ғын хабар­ла­ды. Көп­шілік­тің айтуын­ша, Жан­бо­лат та, сіз де, Төле­ген Жүке­ев те экс-бан­кир Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың көзқа­рас­та­рын бөліс­пе­ген екен­сіз­дер. Сон­да қалай? Осы жөнін­де не дейсіз?

– Соңғы бір­не­ше күн­де нешетүр­лі пікір­лер естіп жатыр­мын. Шын­ды­ғын­да, бізді білетін адам­дар­дың бәрі таңы­рқап отыр: кім – кім, ал Төле­ген аға мен Жан­бо­лат­ты Әбі­ля­зо­втың қар­жы­сы­мен бай­ла­на­сты­ру – ешбір ақы­лға сый­май­тын жағ­дай. Логи­ка­лық тұрғы­дан қарай­тын бол­сақ, Әбі­ля­зо­втан банк­ті тар­тып алған кез­де және ол өз қар­жы­сын шетел­ге шыға­рып жатқан-мыс шақта Жан­бо­лат сту­дент бола­тын. 2012 жылы біздің газет­тің бірін­ші саны жарық көр­ді, ал 2013 жылы Әбі­ля­зо­вты қамауға алып, ол тек 2016 жыл­дың соңын­да түр­ме­ден шықты. Егер біздің газеті­міз Әбі­ля­зо­втың қол­да­уы­мен жұмыс жаса­ды десек, онда ол түр­ме­де оты­рған жыл­да­ры біздің басы­лым күнін қалай көр­ді деген сұрақ туа­ды ғой.

– Олай бол­са, әңгі­мені ашық айтай­ық. 2012 жылы газет­теріңіздің бірін­ші санын кім­нің қол­да­уы­мен шығар­ды­ңы­здар және оны шыға­руға нен­дей жағ­дай түрт­кі болды?

– Жоға­ры­да айтып өткен­дей, тәу­ел­сіз басы­лым­дар­дың жабы­луы, оларға қысым көр­сетілуі бізді қат­ты алаң­дат­ты. Оның үсітіне біз сол жыл­да­ры жұмыс­сыз жүр­дік, бірақ жур­на­ли­сти­ка­да жинақтаған тәжіре­бе­міз әлдебір жур­на­ли­стік жоба­ны жүзе­ге асы­руға сенім бер­ді. Өздеріңіз білесіз, сол жыл­да­ры Жаңаө­зен оқиға­сы­ның буы қайт­паған еді. Осы мәсе­лені көте­ру, мұнай­шы­ларға ақпа­рат­тық қол­дау көр­се­ту мақ­са­тын­да біздің ең бірін­ші жоба­мыз – «Жаңаөзен.nеt» сай­ты пай­да болды.

Ал жеке өзім тура­лы айтар бол­сам, Жаңаө­зен оқиға­сы­нан кей­ін­гі бола­шағым­ды тек тәу­ел­сіз жур­на­ли­сти­ка­мен бай­ла­ны­стыр­дым. Өйт­кені Жаңаө­зен маған қат­ты әсер етті. Алға­шқы сай­ты­мы­зды өз күші­міз­бен жаса­дық, қазір­гі таң­да, өздеріңіз білесіз, сайт ашу үлкен қара­жат­ты қажет етпей­ді. Ол сай­ты­мы­зға Әбі­ля­зо­втың ешқан­дай да қаты­сы болған жоқ. Біз ол сайт­ты өз баста­ма­мы­з­бен жаса­дық. Егер біз­ге сырт­тан қар­жы келіп жатқан бол­са, біз сол сайт­пен-ақ оты­ра бер­мей­міз бе? Ара­да біраз ай өткен­нен кей­ін тіп­ті жур­на­ли­стер­дің айлы­ғын төле­у­ге мүм­кін­дік бол­май­ты­ны­на, әрі өзі­міздің жағ­дай­дың қиын­дап бара жатқа­ны­на көзі­міз жет­ті. Себебі сай­ты­мы­здың оқыр­ма­ны көп болға­ны­мен, кәсіп­кер­лер жар­на­ма беру­ден қоры­қты. Сон­ды­қтан да басқа амал­дар қарас­ты­руға мәж­бүр бол­дық. Нары­қты сарап­тай келе, сол уақыт­та тәу­ел­сіз басы­лы­мға оқыр­ман­дар­дың сұра­ны­сын бай­қап, «Три­бу­на» газетін шыға­руға бел будық. Негіз­гі көз­де­ген мақ­са­ты­мыз – газет­тің саты­лы­мы арқы­лы ешкім­ге тәу­ел­ді бол­май, қоғам­да болып жатқан өзек­ті мәсе­ле­лер­ді көте­ру бол­ды. Сон­дай сенім­мен газеті­міздің алға­шқы санын 2012 жылы басып шығар­дық. Газеті­міз бірін­ші саны­нан бастап оқыр­ман­дар­дың көңілі­нен шығып, тәу­ел­сіз БАҚ-тар ара­сын­да өзінің орнын таба біл­ді. Алға­шқы кез­де біздің газет­тің тира­жы 30 мыңға дей­ін жет­кен кез­дер бол­ды. Сон­ды­қтан газеті­міздің түсі­мі алға­шқы нөмірі­нен бастап, өз-өзін қар­жы­лан­ды­руға еркін жетіп тұрды.

– Жан­бо­латқа «Три­бу­на» газеті арқы­лы «БТА Бан­кің» «ақша­сын жуды» (отмы­ва­ние) деген айып тағы­лып отыр. Банк­тің қыру­ар қар­жы­сын жұм­сау үшін, қар­жы­лық опе­ра­ци­я­ла­ры ірі көлем­де­гі, көп­те­ген есеп­шот­та­ры бар үлкен меке­ме болу қажет қой. Сіз­дер­дің редак­ци­я­ла­ры­ңы­зда қан­ша қыз­мет­кер бар? Жал­пы, редак­ци­я­ла­ры­ңы­здың ішкі жағ­дайы тура­лы айтып өтсеңіз.

– Егер ақшаға шылқып жүр­сек, үлкен қыз­мет­тік штат ұстар едік. Оларға жур­на­ли­стік тап­сыр­ма беріп қой­ып, өзі­міз бастық болып, еркін жүрер едік қой. Ондай жағ­дай біз­де жоқ болған­ды­қтан, редак­ци­яда үш-ақ адам жұмыс жаса­дық. Жан­бо­лат газет­тің 24 бетін басы­нан аяғы­на дей­ін өзі оқып шыға­ды. Бар­лық сұх­бат пен сау­ал­на­ма­лар­ды мен ала­мын. Оны­мен қоса газет­тің әкім­шілік-ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры да бола­ды. Ол – газет­ті тара­ту, саты­лған газет­тің қар­жы­сын жинау, бас­па­ха­наға тап­сы­ру деген мәсе­ле­лер. Оны­мен де мен айна­лы­стым, өйт­кені ол жұмыстарға арнайы штат ұстап, жалақы­сын төлей­тін қара­жа­ты­мыз болған жоқ. Біздің редак­ци­я­лық жағ­дай­ы­мы­здан-ақ күні­міз тек газет­тің саты­лы­мы­м­ен ғана бай­ла­ны­сты екені көрініп тұр.

Бір кере­мет биз­нес-орта­лы­қтан ешқа­шан кең­се жал­даған емес­піз, себебі біз­де ондай қара­жат болған жоқ. Тер­геу орын­да­ры жағ­дай­ы­мы­здың бәрін біліп отыр. Мыса­лы, олар менің теле­фо­ным­ды тың­да­са, сей­сен­бі­ден бастап бас­па­хан­амен де, газет­ті тара­ту­шы­лар­мен де сөй­лесіп, не істеп, не қой­ып жүр­генім­ді біліп отыр емес пе?

Мен ойлай­мын, тер­ге­ушілер біз­ге тағып оты­рған айып­та­ры­ның жалған екен­ді­гін біліп отыр. Бірақ өздеріне сон­дай тап­сы­рыс түс­кен соң, амал жоқ, орын­дай­ды. Біздің жағ­дай сол: апта­дан – аптаға, газет­тің алға­шқы саты­лы­мы­ның ақша­сы­на келесі нөмір­ді шыға­рып оты­рған жағ­дай­ы­мыз бар. Кей­де тара­ту­шы­лар ақша­ны кешік­тіріп беретін кез­дер бола­ды. Ол жағ­дай­да мүл­де қина­лып қала­мыз, бас­па­ха­на бол­са, қыз­мет ақы­сын талап ете­ді. Сон­дай кез­де қары­зда­на­тын да жағ­дай­лар жиі бола­ды. Егер біздің шашы­лып жатқан ақша­мыз бол­са, біз сон­дай күн кеше­міз бе? Бұл жағ­дай сіз­дер­дің де газет­теріңіз­ге таныс екенін мен өте жақ­сы түсі­не­мін. Өйт­кені біздің басы­лым­дарға кәсіп­кер­лер жар­на­ма бер­мей­ді, қуда­ла­ну­дан қорқады.

– «Біреу біледі, біреу біл­мей­ді» деген­дей, Жан­бо­лат­тың отба­сы тура­лы айтып өтсеңіз.

– Жан­бо­лат – бір үйдің жалғыз бала­сы. Ата-ана­сы – зей­нер­кер­лер. Бар өмірін ұста­зды­ққа арнаған. Ата­мы­здың жасы 80-ге келіп қал­ды, апа­мыз 60-тан асты. Жан­бо­лат­тан басқа олар­дың тіре­уі де, өздеріне қарай­тын ада­мы да жоқ. Жан­бо­лат еке­уі­міздің екі жасқа тол­маған қызы­мыз бар. Олар­дың бар­лы­ғы­ның асы­ра­у­шы­сы – Жан­бо­лат. Сон­ды­қтан бұл­тарт­пау шара­ла­рын қарас­ты­рған кез­де үйқа­маққа қал­ды­ру үшін өтініш жазып, осы­ның бәрін сотқа уәж ретін­де ұсын­дық. Бірақ бұл іс таза сая­си іс болған­нан кей­ін, Жан­бо­латқа мораль­дық қысым жасау үшін, біздің кел­тір­ген дәй­ек­тер­дің ешқай­сысы еленбеді.

– Тер­ге­ушілер үйлеріңіз бен редак­ци­я­ны тін­ту кезін­де өздеріне керекті, тағы­лып оты­рған айы­пқа қаты­сы бар айғақтар тап­ты деп ойлай­сыз ба?

– Жоқ, айтып өткен­дей, біздің редак­ци­я­мыз да, үйі­міз де бір мекен-жай­да бол­ды. Ол – аңду­шы­ларға бел­гілі жағ­дай. Жан­бо­лат­тың да, менің де ата-анам­ның үйін­де тін­ту­лер бол­ды. Қай үйде бол­са да, біздің өте қара­пай­ым тұра­ты­ны­мы­зды көр­ді. Тін­ту­ге қаты­сқан адам­дар­дың ұят­та­ры бол­са, түсін­ген шығар: Әбі­ля­зо­втан ақша алған адам­дар­дың үйіне ұқса­май­ты­нын. Ешқан­дай алып бара жатқан дүние де, жағ­дай да жоқ екенін олар көр­ді. Біз­дер – көп­тің күй­ін кеш­кен қара­пай­ым қаза­қтың отба­сы­мыз. Өзі­міздің газеті­мізді жасап, күні­мізді көріп жүр­міз. Шын­ды­ғы керек, тін­ту жүр­гізіл­ген қай үйден де ешқан­дай дор­ба-дор­ба дол­лар шыққан жоқ. Ең бол­ма­са, дол­лар емес, қомақты тең­ге де табыл­ма­ды. Сон­ды­қтан біз­дер­ді мил­ли­о­нер­дің сыбай­ла­сы деп айту – дал­ба­са дәлел.

– Жан­бо­лат­тың абақты­ға қама­луы­на бай­ла­ны­сты «Три­бу­на» газетінің енді­гі жағ­дайы қалай болмақ?

– Бұл сұраққа менің әзір­ше нақты жау­а­бым жоқ. Өйт­кені қолы­мы­зға сот шеші­мі­мен газет жабыл­ды деген құжат ұстатқан жоқ. Оның үстіне біздің газет­тің нөмірін дай­ын­да­уға қажет­ті тех­ни­ка­мы­здың бар­лы­ғын алып кет­кен. Тіп­ті интер­нет-модем мен ұялы теле­фон­да­ры­мы­зды да алып кет­ті. Айда­ла­да қалған­дай бол­дық. Жаңа­лы­қтар­ды да оқи алмай қал­дық. Бірақ Жан­бо­лат­ты қама­ды деп, газет те жабы­ла­тын бол­ды деп айтуға аузым бар­май­ды. Сон­ды­қтан газет­ті жабуға жол бер­ме­у­ге бар күш-жігерім­ді сала­мын. Оқыр­ман­да­ры­мы­здың үмітін үзбе­у­ге тырысамын.

– Деген­мен, Инга ханым, Жан­бо­лат­ты аяқ асты неге қамауға алға­нын жора­мал­дап көрей­ік­ші: сіз­де қан­дай жоралғы­лар болуы мүмкін?

– Был­ты­рғы көк­тем­де­гі жер дауы басталған­нан бері Жан­бо­лат ерекше көз­ге түсті. Және осы жер мәсе­лесі бой­ын­ша бас көтер­гені үшін қамалған Макс пен Талғатқа да ерекше қол­дау көр­сетіп, олар­ды батыр деп, бірін­ші болып мой­ын­даған адам­дар­дың ара­сын­да Жан­бо­лат та бол­ды. Макс пен Талғатқа «Халық Баты­ры» деген атақ беру де – Жан­бо­лат­тың баста­ма­сы еді. Шын­ды­ғы керек, қазақ жері­нен айы­ры­ла­ды деген мәсе­ле бой­ын­ша Жан­бо­лат өте қат­ты қинал­ды. Ол бұрын­нан да билік­тің халы­ққа қар­сы әре­кет­теріне қатал сын­шы бол­ды. Жер мәсе­лесіне кел­ген­де, «мұнай­ды тона­сын, ақша­ны тона­сын, оған да келістік, бірақ қаси­ет­ті қазақ жерін сатуға мүм­кін­дік бер­мей­міз» деген аза­мат­тық ұста­ны­мы берік бол­ды және оны ашық түр­де айт­ты. Билік қыл­мыс­кер деп тапқан Макс пен Талғат­ты батыр деп мой­ын­да­ды. Қолы­нан кел­ген­ше оларға жақ­та­сып, қол­дау көр­сет­ті. Оның бар­лы­ғы Жан­бо­лат­тың жер­ге қаты­сты жаны­ның күй­ін­генін, елі­міздің бола­шағы үшін толға­ны­сын біл­діреді. Қазақ айта­ды ғой, «Батыр­ды тек батыр ғана мой­ын­дай­ды» деп. Сон­ды­қтан мен өзім Жан­бо­лат­ты батыр деп танимын.

Мен тер­ге­ушілер­ге айт­тым: «Сен­дер білесің­дер ме, біз­ге қазір не істе­сең­дер де, оның бар­лы­ғы – біздің де, сен­дер­дің де бала­ла­ры­ң­ның басқа елдің бода­нын­да бол­ма­сын, қаза­қтың бала­ла­ры өз жерін­де еркін жүр­сін деген ниет­пен жасалған істер. Заман бір орын­да тұрып қал­май­ды, алда өзгерістер бола­ды, бірақ сол өзгерістер болған кез­де Қаза­қстан қай күй­де қала­ды? Біз жер­сіз қала­мыз ба, мем­ле­кет­сіз қала­мыз ба? Жан­бо­лат­тың бар мақ­са­ты да, жазып жүр­гені де – осы мәсе­ле­лер төңіре­гін­де ғана», – дедім.

Бұған қоса Жан­бо­лат әле­умет­тік желілер­де де бел­сен­ділік таны­тып жүр­ді. Жан­бо­лат­тың жер мен ұлт бола­шағы­на қаты­сты жаз­ба­ла­ры бес мың­дап лайк, үш-төрт мың­дап пере­пост жинай­тын. Мына жаңа жыл­дан кей­ін­гі қысым­ның күшей­іп кет­кені – билік Жер кодексі арқы­лы жер сату­ды заң­да­сты­ра алмай, енді Кон­сти­ту­ци­я­ның 26-бабы арқы­лы жер­ді өзге елдің аза­мат­та­ры­на сату­ды заң­да­сты­ра­мын деп жатыр. Сол кез­де де ең алға­шқы­лар­дың бірі болып өре түре­гел­ген Жан­бо­лат. «Қазақ жер­ден айы­рыл­май­ды! Біз қайт­сек те жер­ді қорғай­мыз!» деп шыққан алға­шқы аза­мат­тар­дың қата­рын­да бол­ды. Билік­тің көзі Жан­бо­латқа баяғы­да түс­кен. Оны Жан­бо­лат­тың өзі де біліп жүр­ді. Бүгін бол­ма­са, ертең билік тара­пы­нан әре­кет­тер бола­ты­нын сезді. Деген­мен, қазақ жерінің, оның бола­шағы­ның, мем­ле­кет­тілі­гінің мәсе­лесіне кел­ген­де, жал­тарған жоқ. Жер мен қазақ бала­ла­ры­ның бола­шағы үшін күре­су­ге дай­ы­н­мын деп айт­ты. Менің­ше, Жан­бо­лат­ты қуда­ла­удың, оны абақты­ға қамаудың аста­рын­да оның осы жер­ді сауда­ла­у­ға қар­сы пози­ци­я­сы себеп болып отыр.

– «Жаман айт­пай, жақ­сы жоқ» деген­де, егер Жан­бо­лат бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­ла­тын­дай жағ­дай болып жат­са, ол бұл қия­натқа мораль­дық тұрғы­да дай­ын деп ойлай­сыз ба?

– Жан­бо­лат оған да дай­ын. Өзінің аза­мат­тық ұста­ны­мы үшін демо­кра­ти­я­сы жоқ Қаза­қстан­да қан­дай жау­ап­кер­шілік күтіп тұрға­нын біліп, сезініп, соған қара­ма­стан, өз көзқа­ра­сы­нан бас тарт­паған аза­мат­тар­дың бірі. Ешкім Жан­бо­лат­ты халы­қты рево­лю­ци­яға шақыр­ды деп айта алмай­ды. Жан­бо­лат сау­ат­ты аза­мат ретін­де заң шең­берін­де Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тілі­гін сақтай­мыз деп жүр­ді. Жан­бо­лат­тың сау­ат­ты­лы­ғын айтар бол­сам, ол қаза­қ­ша мек­теп­те, кей­ін­нен қаза­қ­ша жоға­ры оқу орнын­да оқы­ған. Жан­бо­лат­тың қаза­қ­ша­сын оның «Жас Алаш» газетін­де­гі мақа­ла­ла­ры­нан бай­қа­уға бола­ды. Қазір 24-бет­тік қоғам­дық-сая­си газет­ті орыс тілін­де шыға­рып оты­рға­ны­нан, оның орыс тілін де тең алып жүр­генін көре­міз. Соны­мен қатар Жан­бо­лат Шет тіл­дері инсти­ту­тын бітір­ген­дік­тен, ағы­л­шын­ша да еркін сөй­леп, жаза ала­ды. Кітап­ты да үш тіл­де оқи­ды. Сон­ды­қтан сау­ат­ты, білім­ді, өздерінің аза­мат­тық пози­ци­я­сы­на берік адам­дар қазір некен-саяқ.

– Сіздің де, біздің де газет­ті апта сай­ын билік­те­гі атқа­мі­нер­лер үзбей оқып оты­ра­ды. Бүгін­гі сұх­ба­ты­мы­зды пай­да­ла­нып, оларға айта­ры­ңыз бар ма?

– Қай­та­лап айтай­ын, Жан­бо­лат – зей­нет жасын­дағы ата-ана­ның жалғыз ұлы. Бүл­дір­шін қызы бар. Нан тауып оты­рған газеті­мізді қуда­лап жатыр, ол менің де жұмыс орным еді. Бірақ негіз­гі айтқым келіп оты­рған бұл емес. Біз бүгін­гі билік­тен жана­шыр­лық күт­пей­міз. Бар сұрай­ты­ным, осын­дай сая­си қуда­ла­у­ға қаты­сты шешім­дер­ді қабыл­дап оты­рған адам­дар ойлан­са екен дей­мін. Жан­бо­лат – халы­қтың жауы емес, керісін­ше, қазақ мем­ле­кет­тілі­гінің бір­ден-бір қол­да­у­шы­ла­ры­ның бірі екенін түсін­се дей­мін. Біз елі­міз­де төң­керіс болып кет­пе­сін, халы­қты ашын­ды­рып алмаң­дар деп, шын­дық пен әділет­тілік­тің сой­ы­лын соғып жүр­міз ғой. Жан­бо­лат – мем­ле­кеті­міздің өсіп-өркен­де­уін аңсаған және оған қаты­сты өз сынын ашық айта­тын, еліне тек жақ­сы­лық ойлай­тын аза­мат екенін түсі­нер деген үмітім бар.

– Үмітіңіз ақтал­сын, Инга ханым! Жан­бо­лат нақақ жалаға тап бол­са да, өз оқыр­ман­да­ры – қазақ қоға­мы алдын­да адал аза­мат екені даусыз.

 

Сұх­бат­тасқан –

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн