Суббота , 5 июля 2025

Инга ИМАНБАЙ: ЖАНБОЛАТ АЗАМАТТЫҚ НАМЫСЫН ешқандай бостандыққа айырбастамайды!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

ДАТ!

 


 

«Три­бу­на» газетінің бас редак­то­ры Жан­бо­лат Мамай­ға қаты­сты қозғалған қыл­мыстық іс біздің редак­ци­я­мы­здың жіті бақы­ла­у­ын­да екенін бұрын да хабар­лаған­быз. Жан­бо­лат­тың газет бетін­де жари­я­ла­нып жатқан темір тор­дың іші­нен жазған хат­та­ры оқыр­ман­да­ры­мы­зды бей-жай қал­дыр­мауда. Абақты­дағы аза­мат­тың бүгін­гі жағ­дай­ын білу үшін, әріп­тесі әрі жұбайы Инга ИМАНБАЙДЫ әңгі­ме­ге тарттық.

 

–Кеше 10 мамыр­да Жан­бо­лат­тың абақты­ға қамалға­ны­на үш ай тол­ды. Осы үш айдың ішін­де қан­дай тер­геу амал­да­ры жүр­гізіл­ді және Жан­бо­лат­тың ісіне қаты­сты бүгін­гі жағ­дайы тура­лы айтып өтсеңіз.

– Жан­бо­лат қамалған уақыт­тан бері, бел­сен­ді тер­геу амал­да­ры жүр­гізіліп, іс бой­ын­ша айтар­лы­қтай алға жыл­жу бол­ды деп айта алмай­мын. Бірақ осы үш айдың ішін­де­гі тер­ге­ушілер­дің жасап оты­рған істеріне қаты­сты айта­тын мәсе­ле өте көп. Қазір­гі күн­нің өзін­де біз бір­не­ше рет Қыл­мыстық кодекстің 106-бабы бой­ын­ша тер­ге­ушілер­дің үсті­нен сотқа шағым­дан­дық. Өйт­кені тер­геу амал­да­ры, оның ішін­де Жан­бо­лат­ты ұрып-соғу ісі бой­ын­ша заң шең­берін­де­гі қалып­тасқан, орын­да­луға мін­дет­ті қара­пай­ым заң­дар іске аспай отыр.

Мыса­лы, 10 ақпан күні Жан­бо­лат­ты алып кет­кен кез­де қорға­у­шы талап еткен бола­тын, бірақ Жан­бо­латқа адво­кат­пен бай­ла­ны­суға мүм­кін­дік бер­мей, ең бірін­ші тер­геу амал­да­ры адво­кат­сыз жүр­гізіл­ген. Сон­дай-ақ Жан­бо­лат­ты ұрып-соғу фак­тісі бой­ын­ша қозғалған қыл­мыстық іс аясын­да тер­ге­уші, түр­ме бас­шы­лы­ғы мен Жан­бо­лат­тың бет­те­суін адво­кат­сыз өткіз­ген. Егер сол уақыт­тан бері осын­дай жағ­дай­лар­ды тізе беретін бол­сақ, біз күна­ра сот залы­нан шық­пас едік. Жүріп жатқан сот­тар мен тер­геу амал­да­ры бары­сын­дағы жағ­дай­лар құқық пен заң­ның белі­нен басы­лып жатқа­нын және халы­қа­ра­лық адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі заң­дарға қай­шы келетінін көр­се­те­ді. Осы­дан-ақ Жан­бо­латқа қаты­сты билік­тің жеке өшпен­ділі­гін айқын бай­қа­уға болады.

Жан­бо­латқа қаты­сты қозғалған істің түп-төр­кіні билік­тің тек қана өзінің оппо­нен­ті­мен күресіп жатқа­нын бақы­лап отыр­мыз. Кез кел­ген айып­та­лушы­ның, күдік­тінің құқы­қта­ры бола­ды емес пе? Екін­ші тарап­тың сөзін еске­ру, қорға­у­шы­лар­ды тың­дау, күдік­тінің жанұя мүше­леріне қорға­у­шы ста­ту­сын уақы­ты­лы беру сияқты заң шең­берін­де қалып­тасқан қара­пай­ым әркет­тер жаса­лу керек еді. Жан­бо­латқа қаты­сты сол заң­да­рың бірі де орын­далған жоқ.

Мәсе­лен, Жан­бо­лат­тың ата-ана­сы­на қорға­у­шы ста­ту­сын үш ай сотқа шағым­да­нып жүріп, өткен апта­да әрең алдық. Жан­бо­лат­тың әкесінің жасы 80-де, ал ана­сы 65 жаста. Қари­я­лар­дың бала­сын көр­ме­ген­деріне үш ай бол­ды. Қорға­у­шы ста­ту­сын алған кез­де­гі ата-ана­сы­ның қуа­ны­шта­рын көр­сеңіз ғой!.. «Бүгін ұлы­мы­зды көре­міз деп, таңғы сағат 6.30-да тер­геу изо­ля­то­ры­на бар­са, олар­дың қол­да­ры­на бер­ген құжат­та­ры іске жарам­сыз көшір­ме болып шықты. Қарт адам­дар­ды осы­лай алда­уға, әуре қылуға бола ма? Бұл заң­ды қой­ып, тіп­ті адам­гер­шілік­ке де жат­пай­тын қылық емес пе?!

 

– Ол құжат­ты қол­да­ры­на ұстатқан кім? Жан­бо­лат­тың ата-ана­сы­на қан­дай құжат тап­сы­рып оты­рға­нын қара­маған ба?

– Қорға­у­шы ста­ту­сын беру жөнін­де­гі құжат­ты тап­сы­рған тер­геу про­ку­ро­ры не беріп, не қой­ға­нын қара­маған болып тұр ғой сон­да. Ал про­ку­рорға құжат­ты бер­ген тер­ге­уші Берік Вали­ев деген бар. Жан­бо­лат­тың ата-ана­сын СИЗО-ға кір­гіз­бей қой­ған кезін­де олар бір­ден тер­ге­уші­ге теле­фон шалып, жағ­дай­ды түсін­дір­ген. Сол кез­де Вали­ев түк бол­маған­дай: «Құжат­тың түп­нұсқа­сы мен­де, мен жұмыста отыр­мын, келіп алып кетіңіз­дер», – деген. Таңғы алты­дан екі-үш сағат кезек­терін күтіп, бала­ла­ры­на кіре алмаған ата-ана Вали­евқа келеді, сөйт­се ол орнын­да бол­маған. Бір сағат бұрын «орным­да отыр­мын, келіңіз­дер» деп айтқан адам еш ескерт­пе­стен кетіп қалған. Бір­не­ше рет қоңы­рау шалып едік, теле­фон тұтқа­сын көтер­мей қой­ды. Жан­бо­лат­тың ата-ана­сы үлкен кісілер, қан­дай құжат дұрыс, қан­дайы бұрыс екенін біле бер­мей­ді ғой. Тер­ге­уші бол­сын, про­ку­рор бол­сын, қарау керек еді ғой, қан­дай құжат беріп жатқан­да­рын. Мен Жан­бо­лат­тың заң­ды некелі жұбайы бол­сам да, іс бой­ын­ша куә­гер­сің деп, маған қорға­у­шы ста­ту­сын бер­мей қой­ды. Ал Жан­бо­лат­тың қарт ата-ана­сын сон­ша сан­дал­тып қоюға бола ма?! Заң тұрғы­сы­нан Жан­бо­лат­ты айып­та­лушы деп таны­ған күн­нің ертесін­де оның ата-ана­сы­на қорға­у­шы ста­ту­сын беру керек еді, олар бол­са осы мәсе­лені үш айға созды. Осы­ның бәрі Жан­бо­лат пен оның отба­сы­на жаса­лып жатқан қысым емей немене?

Жан­бо­лат­тың ісіне қаты­сты құзыр­лы шен­дер өскісі кел­се де, билік­ке қыз­мет еткісі кел­се де, дәл осын­дай жол­ды таң­даған­да­ры­на не дер­сіз? Айна­лып кел­ген­де, 80 жастағы адам­ның қарғы­сы да, киесі де бола­ды. Мың жер­ден билік­тің жен­деті бол­саң да, адам­да адам­гер­шілік­тің ұшқы­ны қалу керек емес пе! Билік­ке қыз­мет етіп, оның қитұрқы істерін жүзе­ге асы­рып, қан­ша­ма гене­рал­дар­дың түр­ме­де «өз-өздерін бай­қа­май өлтіріп қой­ып» неме­се түр­ме­де шіріп жатқан­да­рын көріп отыр­мыз. Біздің мем­ле­кет­те ешкім­нің де қауіп­сізді­гіне кепіл жоқ. Билік­тің заң­сыз істерін жасап оты­рған­дар өздерінің де қорған­сыз екенін, ертең билік олар үшін ара түс­пей­тінін, керек бол­са кез кел­генін құр­бан етерін түсі­нуі тиіс. Оған мысал аз ба?

Қазір сотқа БАҚ өкіл­дерін кір­гіз­бей­ді, өйт­кені сот­тың бар­лы­ғы жабық түр­де өтіп жатыр. Солай бола тұра, көп жағ­дай­да сотқа айып­та­лушы­ның жанұя­сын кір­гі­зеді. Ал мені сот залы­на жолат­пай­ды. Тіп­ті тер­ге­ушілер­дің сот орын­да­у­шы­ла­ры­на мені кір­гіз­беу тура­лы нұсқау беріп жатқан­да­рын өзім талай рет естідім. Бұл біз­ге жаса­лып оты­рған қысым­ның жалға­сы. Өйт­кені менің Жан­бо­лат­тың сая­си көзқа­рас­та­рын толық қол­дай­ты­ным­ды, мені тек Жан­бо­лат­тың жұбайы емес, әріп­тесі екенім­ді біледі олар. Сол үшін бір-бірі­мізді көр­ме­удің бар­лық амал­да­рын жасап, мораль­дық қысым көр­сетіп отыр.

 

– Жан­бо­лат­ты СИ-18 ұрып-соғу оқиға­сы­нан кей­ін жазған ары­зда­ры­ңыз сот­та қаралға­ны­нан хабар­дар­мыз, оқыр­ман қауы­мға сот­тың жай-жап­са­рын айта кетсеңіз…

– Қыл­мыстық кодекстің 146-бабы 1‑тармағы бой­ын­ша түр­ме бас­шы­лы­ғы­ның үсті­нен іс қозғал­ды. Қазір тер­геу амал­да­ры жүріп жатыр. Бірақ, жоға­ры­да айтып өткенім­дей, Жан­бо­лат­тың құқы­қта­ры шек­теліп отыр. Біз сол мәсе­ле бой­ын­ша ресми түр­де про­ку­ра­ту­раға да, сотқа да жаз­дық. Жан­бо­лат­ты ұрып-соққан­да­ры аздай, оның өзін айып­тағы­ла­ры келеді.

Менің ойым­ша, тер­геу амал­да­рын­да Жарым­бе­то­втың құр сөзі­нен басқа ешқан­дай нақты айғақ дәй­ек­тері бол­май тұр. Сон­ды­қтан олар Жан­бо­лат­ты қайт­сек те, ұрсақ та, соқ­сақ та, қыл­мысты мой­ын­да­туы­мыз керек, айтқа­ны­мы­зды істе­у­ге көн­діре­міз, жал­пақ тіл­мен айтқан­да, «сын­ды­ра­мыз» деп ойлай­тын сияқты.

Бұл оқиға дема­лыс күн­дері жасал­ды. Жан­бо­лат­ты екі-үш күн­нің ішін­де саба­сы­на түсіре­міз, бұл фак­ті сыр­тқа шық­пай­ды деп жос­пар­ла­ды деп ойлай­мын. Жан­бо­лат­ты мой­ын­дат­сақ, сая­сат­пен айна­лы­су­дан бас тар­тқыз­сақ, ары қарай бұл фак­ті шыға ма, шық­пай ма – оларға бәрібір болған. Алай­да Жан­бо­лат ер аза­мат болған соң, мінез көр­сет­ті, шыда­ды, бұл фак­ті сыр­тқа шығып, үлкен дау бол­ды. Сол кез­де олар не істерін біл­мей қал­ды. Про­ку­ра­ту­ра мен КУИС бірі­гіп, ешқан­дай ұрып-соғу оқиға­сы болған жоқ деген бас­пасөз релизін тарат­ты. Бірақ Евге­ний Жовтис бастаған Жан­бо­лат­ты қорғау коми­теті бір­ден оған жау­ап жаз­ды. Одан кей­ін түр­ме ішіне кір­ген құқы­ққорға­у­шы­лар мен омбуд­смен болған жағ­дай­ды өз көзі­мен көріп, бәрі жария бол­ды. Содан кей­ін ғана олар жым болды.

Кей­ін­нен, олар мәж­бүр­лі түр­де 146-бап бой­ын­ша, түр­ме бас­шы­лы­ғы­ның үсті­нен іс қозға­ды. Бірақ билік өзінің жасаған қыл­мысын ешқа­шан мой­ын­да­май­ты­нын бәрі­міз біле­міз. Естуі­міз­ше, қазір олар бар­лық амал­да­рын пай­да­ла­нып, бұл істі жауып, тіп­ті Жан­бо­лат­тың үсті­нен жала жабу бабы бой­ын­ша іс қозғай­мыз, Жан­бо­лат­тың өзін осы іс бой­ын­ша жау­ап­ты қылып, негіз­гі жаза­ның үсті­нен тағы 2 жыл қоса­мыз, өзіңді қыл­мысты қыла­мыз деп қоқаң­да­уда. Өздері түр­ме­де адам­ды азаптап, кей­ін азапталған адам­ның үсті­нен жала жабу бой­ын­ша іс қозға­са, халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың алдын­да не деп айта­мыз деп ойла­на ма екен? Осы­ның өзі Жан­бо­лат­тың түр­ме­де не үшін оты­рға­нын тағы бір көр­сетіп отыр емес пе?! Ұрып-соғып мой­ын­да­та алмай, енді осы фак­ті­мен не істер­лерін өздері біл­мей отыр.

 

– Жан­бо­лат­тың мораль­дық хал-аху­а­лы мен ден­са­улы­ғы қалай? Алды­ңғы хатын­да бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­ла­ты­ны тура­лы Жан­бо­лат­тың өзі болжам жасап­ты, соған қараған­да, белін бекем буып отырғандай…

– Жан­бо­лат­тың ден­са­улы­ғы­на қаты­сты мәсе­ле­лер бар. Түр­ме­де жасалған тек­се­ру кезін­де бауы­рын­да өзгерістер пай­да болып­ты. Оның қан­ша­лы­қты қауіп­ті екенін дәрі­гер­лік тек­се­ру­ден кей­ін біле ала­мыз. Алай­да дәл қазір түр­ме бас­шы­лы­ғы оны тәу­ел­сіз тек­се­ру­ден өткізу­ге мүм­кін­дік бер­мей отыр. Мұны да жал­пы қысым­ның бір бөлі­гі деп санай­мын. Енді­гі Жан­бо­лат­ты емде­у­ге мүм­кін­дік бер­ме­се, біз қай­та­дан халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа шағым­да­нуға мәж­бүр боламыз.

Ал сіз айтып оты­рған хатын­да Жан­бо­лат өзі жазған­дай, билік қыл­мыстың дәлелін тап­са, бәрін жария етіп, заң жолы­мен сот­та­май ма?! Олай істеп оты­рған жоқ. Қазір олар­дың бар істеп оты­рға­ны Жан­бо­лат­пен сауда­ла­сып, анаған-мынаған қол қой, сая­сат­тан кет деп отыр.

Жоқ қыл­мысты қалай дәлел­дерін біл­мей, орыс­ша айтқан­да – «цари­ца дока­за­тельств – при­зна­ние» демек­ші, бар­лық амал­дар­ды пай­да­ла­нып, Жан­бо­лат­ты кінәсін мой­ын­датқы­сы келіп отыр, себебі Жарым­бе­то­втың сөзі жеткіліксіз.

Біз өзі­міз тер­ге­удің Жан­бо­латқа Әбі­ля­зо­вты қалай қосып оты­рған­да­рын әлі күн­ге дей­ін түсіне алмай келе­міз. Өйт­кені Әбі­ля­зов пен Жан­бо­лат­тың қар­жы­лай, сая­си көзқа­рас­та­ры мен ұста­ным­да­ры­ның бай­ла­ны­сы болған емес, еке­уінің ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты дәле­дей­тін дәй­ек жоқ.

Билік­тің Жан­бо­латқа тағып оты­рған айы­бы Жарым­бе­то­втың бер­ген жау­а­бы­на сүй­ен­ген. Мен Жарым­бе­то­втың толық не айтқа­нын, оған не айт дегенін анық-қаны­ғын білмеймін.

Бірақ Жан­бо­лат өтірік айт­пай­ды, Жарым­бе­тов­пен таны­сты­ғы­нан бас тар­тып оты­рған жоқ. Жарым­бе­то­вты тани­ды, иә біледі. Жарым­бе­тов те Жан­бо­лат­ты қол­дай­ты­нын, пікірін сый­лай­ты­нын айтқан, сөй­тіп еке­уінің ара­сын­да таны­стық болған. Қазір билік­тің іліп оты­рған ілі­гі – тек қана Жан­бо­лат пен Жарым­бе­то­втың ара­сын­дағы таны­стық бай­ла­ныс. Бірақ бұл жер­де ешқан­дай Әбі­ля­зов жоқ.

Иә, Жарым­бе­тов бұрын Әбі­ля­зо­втың көмек­шісі болған шығар, «БТА банк­те» істе­ген шығар, Жарым­бе­то­втың өзі Аста­на­да болған пресс-кон­фе­рен­ци­яда «2012 жыл­дан бері Әбі­ля­зов­пен ара­лас­пай­мын», – деді. Білуім­ше, сон­дай сөз­дер­ді ол Жан­бо­латқа да айтқан. Мен­де ешқан­дай сая­си амби­ция жоқ, сая­си мақ­сат­та­рым да жоқ, тек қана сенің пози­ци­яң­ды, пікіріңді сый­лай­мын деп, таны­суға ынта біл­дір­ген Жарым­бе­то­втың өзі.

 

– Жарым­бе­тов Жан­бо­латқа қан­дай­да бір тап­сыр­ма­лар беріп неме­се мынау тура­лы жаз, мынау жөнін­де жаз­ба деген өтініш біл­дір­ген кезі бол­ды ма?

– Жоқ, Жарым­бе­тов сая­сат­тан мүл­де алшақ, ол биз­не­стің ада­мы және ешқан­дай сая­си амби­ци­я­сы, сая­си күрес­ке деген ынта­сы да бол­маған. Бірақ Жарым­бе­тов редак­ци­я­мы­зға көмек­тес­кен жағ­дай­дың өзін­де де, оның қай жерін­де қыл­мыс пен айып бар?!

 

– Билік­тің Жан­бо­латқа қар­сы жасап жатқан әре­кет­тері өзге­ге сабақ бол­сын деген­ді біл­ді­ре ме?

– Ақыл-есі дұрыс, ойла­на ала­тын адам­дар­дың бар­лы­ғы Әбі­ля­зов пен Жан­бо­лат­тың ара­сын­дағы бай­ла­ны­стың жоқ екенін біліп, көз­дері жетіп отыр. Ал Жан­бо­латқа жаса­лып оты­рған әре­кет, ашық күрес ашық қоғам­да сая­си жұмыстың қауіп­ті екенін көр­се­те­ді. Бұл әре­кет­тер­дің мақ­са­ты – елдің алды­на шыққан адам­дарға, әсіре­се билік­ке қар­сы пікірін біл­дір­ген жастар­дың бой­ын­да үрей туғы­зу. Ондағы айтай­ын деген­дері – міне, біз сен­дер­ге жоқ жер­ден айып та тауып бере­міз, жоқ жер­ден қамауға да ала­мыз, жоқ жер­ден отба­сы­ң­мен қосып, жұрт­шы­лы­қтың алдын­да әшке­ре ете де ала­мыз деген ойды білдіреді.

Бірақ олар бір мәсе­лені түсі­нуі керек. Жан­бо­лат ашық адам. Егер ашық адам­дар­дың бар­лы­ғын осы­лай қамай бер­се, билік өзіне жабық оппо­нент­тер­ді, тер­ро­ри­стер­ді өз қол­да­ры­мен жасай­тын бола­ды. Өздеріне-өзі ор қазып отыр. Қазір­гі Жан­бо­латқа қар­сы жаса­лып оты­рған жағ­дай шыны­мен солай болып тұр. Осын­дай қиын­ды­қтың бар­лы­ғын көте­ру – Жан­бо­лат­тың өзіне ғана емес, қарт ата-ана­мы­зға да, кіш­кен­тай бала­мен оты­рған маған да оңай бол­май тұр.

Қалай десек те, Жан­бо­лат­тан келіп жатқан сәлем­де­ме­лері­нен түсін­генім, ол «пресс-хата»-дан, басы­на түс­кен қысым­нан кей­ін, ұста­ны­мы бұры­нғы­дан да мықты бола түс­кен. Жан­бо­лат түр­ме­де оты­рып, қиын­ды­қта­ры­ның ары қарай жалға­са­ты­нын түсініп отыр, оны мен де түсінемін.

Бірақ Жан­бо­лат оған дай­ын, аза­мат­тық намысын ешқан­дай бостан­ды­ққа айыр­ба­ста­май­ды. Отба­сы ретін­де біз де Жан­бо­латқа жылап-сықтап, басы­ң­ды ие қал деп айт­пай­мыз! Оның таң­да­уын біз де түсіністік­пен қабылдаймыз!

 

– Біз Жан­бо­лат­тың тезірек отба­сы­на ора­луы­на тілек­тес­піз, Инга!

 

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн